Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аустарлияның жер бедері мен пайдалы қазбалары. Климаттың адам өмірі мен шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері

10 қыркүйек 2014, Сәрсенбі
Категориясы: География
7 - 8 сынып
Сабақтың тақырыбы:
7 сынып Аустарлияның жер бедері мен пайдалы қазбалары. Климаты. Өзендері мен көлдері.
8 сынып Климаттың адам өмірі мен шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Аустралия материгінің климаты мен өзен - көлдері және климаттың шаруашылыққа әсері туралы түсінік бере отырып, географиялық білімдерін толықтыру
ә) Тәрбиелік: Географиялық білім бере отырып, имандылыққа, адамгершілікке және елжандылыққа тәрбиелеу.
б) Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымы кеңейеді, танымдық қабілеті жетіледі, қызығушылығы мен белсенділігі артады, картамен жұмыс жасау іскерлігі дамиды.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Оқытудың формасы: Ұжымдық, жеке - даралап оқыту
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу. Оқушылар назарын сабаққа аудару. Оқу құралдары мен сабаққа қатысуын түгелдеу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
«Интернет және біз» оқушылардың өз бетінше интернеттен алған қосымша мәліметтерін ортаға салу.
Сабақ барысында кездесетін кейбір географиялық терминдермен жұмыс жасау үшін «Сөздік жұмысы» жүргізіледі:
1. Бойра – құрма жапырағынан тоқылған жабу
2. Эфиоптар – еуропалықтар мен негр тектестерден шыққан нәсілдер
3. Малагасийлер – негрлер мен монғол тектестерден шыққан нәсілдер
Үй тапсырмасын жете меңгеріп, сабаққа белсенді қатысып отырған оқушыларды «Бағалау парағына» түсіру.

ІІІ. Жаңа сабақ түсіндіру
Жаңа тақырып жоспары:
7 сынып
1. Аустралия климаты.
2. Жаздағы ауа - райы.
3. Қыстағы ауа - райы
4. Өзендері мен көлдері туралы түсініктер беру.
«Есте сақтау үшін» стратегиясы бойынша қажетті мәліметтерді дәптерге түсіріп алу.
Ауданы. 7, 7млн. км² халық саны. 19, 2 млн /2000/ мем. тіл – ағылшын.
Астанасы — Канберра
Австралияның жабайы табиғаты, оның тамаша жағажайлары жақсы демалуға спортпен шұғылдануға мол мүмкіндік береді. Мұнда күнге қыздырынуға және шомылуға, еліне саяхат жасауға және тау шаңғысымен жүзе аласыздар.
Австралия халқының саны 19 млн. Негізгі халқы – аборигендер шамамен — 228 мыңдай. Халықтың көбі материк пен аралдардың шығыс жағалауында тұрады. Ағылшын тілінде сөйлейді. Аустралия тек қана – Аустралия одағынан тұрады. Оңтүстік жартышарда орналасқан. Қыс айлары: маусым, шілде, тамыз. Материктің шығысында тынық мұхиты, батысында үнді мұхиты жатады. Аустралияның көп бөлігі тропиктік және субтропиктік белдеуде орналасқан. Орта есеппен шілдеде - 12 - 20 С болса, қаңтарда +20 +30 С болады.
Аустраляға бара қалсаңыз ол жақтың асханаларына соқпай кеткен жөн болмас. Ол жақта сізге қолтырауын, кенгуру еті және қоңыздар мен құрттар, теңіз жәндіктері мен жемістерден ас дайындап береді.
Аутралияда мерекелік күндер аса көп емес. 1 - қаңтар жаңа жыл, 26 - қаңтар тәуелсіздік күні, 14 - маусымда королева Елизаветаның туған күні, 25 - 28 желтоқсан рождество.
8 сынып Климаттың адам өмірі мен шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері
Климаттың ауыл шаруашылығына тигізетін әсері де ерекше. Бір дақылдарға жылу, екіншілеріне ылғал, үшіншілеріне жарық көбірек керек. Республиканың солтүстік және орталық аудандарындағы климат жағдайлары егін шаруашылығымен айналысуға мүмкіндік береді, ал оңтүстік аудандарда суармалы егіншілік дамыған. Бірақ климат жағдайлары адамның шаруашылық әрекетіне барлық уақытта қолайлы емес. Қолайсыз, тіпті зиянды атмосфералық құбылыстарға қуаңшылық, аңызақ, үсік, көктайғақ, шаңды дауылдарды жатқызуға болады.

Қазақстанның климаты жалпы құрғақтығымен ерекше көзге түседі. Әсіресе оңтүстікте жаз өте ыстық болады. Құмның беті 60°- 70°С - қа дейін қызады. Мұндай климат жағдайы солтүстік аудандарда да жиі болып тұрады. Құрғақ ауаның пайда болуы күшті қызған және тропиктік ауа массасының басым болған кезімен байланысты. Оған ылғалы аз, ыстық құрғақ жел — аңызақ тән. Аңызақ желді күндердің ұзақтығы табиғат зоналарында түрліше болады: дала зонасында жылына 5 - 10 күн, шөлейт зонасында 40, Қызылқұмда 100 күн. Қазақстан жерінде соңғы 20 жыл ішінде қуаңшылық 4 рет болды. Қуаңшылық пен аңызақ қа қарсы күресу үшін қар тоқтату, орман алқаптарын отырғызу, жер суару және т. б. арнайы агротехникалық шаралар қолданылады.

Қазақстанда жылдың жылы мезгілінде байқалатын ерекше атмосфералық құбылыстың бірі — шаңды дауыл. Олар желдің жылдамдығына және топырақ жамылғысының сипатына тығыз байланысты. Шаңды дауыл ауа құрғақ кезде, борпылдақ топырақты алапта соғатын қатты жел. Олар топырақтың ұлпаларын ұшырып, өсімдік тамырларын ашып тастайды, ауыл шаруашылығына көп зиян келтіреді. Республиканың халық шаруашылығына қолайсыз атмосфералық құбылыстардың бірі көктайғақ (көк мұз). Көбіне аязды ауа райынан кейін сіркіреме жауын жауғанда қалыптасады. Әдетте көктемде және күзде ауа райы салқындап, жер беті 0°С - қа дейін суынып, мөлдір және көгілдір жұп - жұқа (5 мм) мұзбен жабылады. Мұндай құбылыс мал шаруашылығына, адам баласына зияны үлкен, транспортта апаттар, байланыс және энергия желілерінде үзілістер туғызады

ІҮ Жаңа сабақты бекіту

1.“Сәйкестендір” жедел тапсырма орындау. Берілген сөздердің ішінен Аустралия материгіне қатысы бар сөздерді теріп жазу: Эйр, Сеул, Пингвин, Кенгуру, Ниагара, Үлкен Артезиян, Муррей, Анкара, Сидней, Атлант мұхиты, Тынық мұхиты, Банан.

Аустралия материгіне тиісті сөздер
Эйр
Кенгуру
Үлкен Артезия
Муррей
Сидней
Тынық мұхиты
Аустралия материгіне тиісті емес сөздер
Сеул
Пингвин
Ниагара
Анкара
Атлант мұхиты
Банан

2.«Кім жылдам?» тест тапсырмаларын бірге орындау.
1. Ең кіші материк:
А) Антарктида
*Ә) Аустралия
Б) Африка

2. “Чили” қай материкте?
*А) Оңтүстік Америка
Ә) Солтүстік Америка
Б) Африка

3. Аустралиядағы ірі өзен:
*А) Муррей
Ә) Дарлинг
Б) Куперс - Крик

4 Аустралияның мемлекеттік тілі:
А) Үнді
*Ә) Ағылшын
Б) Франсуз

5. Аустралия астанасы:
*А) Канберра
Ә) Сидней
Б) Мельбурн

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 155
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Климаттың адам өмірі мен оның шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері. Агроклиматтық ресурстар
Климаттың адам өмірі мен оның шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері. Агроклиматтық ресурстар
Климаттың адам өміріне тигізетін әсерін мысалдар мен нақты ойларын ортаға салу арқылы тұжырымды өзара пікір алмасады, агроклиматтық ресурстарды талдайды
Географиядан күнделікті сабақ жоспары
Географиядан күнделікті сабақ жоспары
Оқушыларға материктер мен мұхиттар географиясы пәні, мақсаттары, міндеттері, мазмұны жөнінде түсінік беру. Топтық жұмыс ережелерімен таныстыра отырып, бағалау критерилерін пысықтау.
Қазақстанның климаты. Климат қалыптастырушы факторлар. Күн радиациясы (күнделікті сабақ жоспары)
Қазақстанның климаты. Климат қалыптастырушы факторлар. Күн радиациясы (күнделікті сабақ жоспары)
Қазақстан климатының ерекшеліктерін түсіндіру. Климат құрушы факторлар туралы білімдерін жүйелеу және «күн радиациясы» ұғымын қалыптастыру.
Климаттың адам өмірі мен оның шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері
Климаттың адам өмірі мен оның шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері
Қазақстанның климаты жалпы құрғақтығымен ерекше көзге түседі. Әсіресе оңтүстікте жаз өте ыстық болады. Құмның беті +60° +70°С - қа дейін қызады. Мұндай климат жағдайы солтүстік аудандарда да жиі болып тұрады.
Кембридж бағдарламасы бойынша географиядан сабақ жоспарлары
Кембридж бағдарламасы бойынша географиядан сабақ жоспарлары
Орал қаласы, №41 жаратылыстану - математика бағытындағы мектеп - лицейінің география пәні мұғалімі Адиева Лаура Самиголлиевна
Сарыарқа
Сарыарқа
Мақсаты: 1. Сарыарқа өлкесінің географиялық орны, геологиялық құрылысын, пайдалы қазбалары туралы түсіндіру. 2. Географиялық талдау жасай отырып, сабақ моделі арқылы оқушылардың алған білімдерін одан әрі дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×