Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сарыарқа

16 қазан 2014, Бейсенбі
Категориясы: География
Сынып: 8
Тақырыбы: Сарыарқа
Сабақтың мақсаты: Сарыарқа тауының географиялық орны, геологиялық құрылысы мен жер бедері туралы түсінік беру.
Білімділік – Қазақтың ұсақ шоқысының географиялық орнын анықтай алуға, картадан көрсетіп сипаттай білуге, геологиялық құрлысын, ондағы пайдалы қазбалардың таралу заңдылықтарын түсіндіру;
Дамытушылық – Өз бетімен білім алу қабілеттілігін дамыту. Оқушылардың тақырыпқа байланысты көзқарастарын, дүниетанымдарын кеңейту.
Тәрбиелік – Табиғатты аялап, қорғау қажеттілігін көздейтін экологиялық тәрбие беру. Оқушыларды табиғат әсемдігін сезіну мен сүюге баулу негізінде сұлулыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: оқыта - үйрету, деңгейлеп, саралап оқыту әдісін қолдану, сұрақ - жауап баяндау.
Сабақ көрнекілігі: Қазақстанның физикалық, климаттық картасы, таратпа материалдар, т. б

Сабақтың жоспары:
I кезең – ұйымдастыру
II кезең – үй тапсырмасын тексеру
III кезең – жаңа тақырыпты меңгерту
IV кезең – білім мен икемділікті бекіту
V кезең – үйге тапсырма беру
VI кезең – қорытындылау, бағалау кезеңі

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
Үй тапсырмасын тексеру. Тест, географиялық диктант, карточка.
I – нұсқа
1. Қазақстанға Шығыс Еуропа жазығының қандай бөлігі енеді?
Д) Оңтүстік шығыс
2. Қарақия ойысы теңіз деңгейінен қанша метр төмен жатыр?
Е) 132
3. Наурызым қорығы қай жазықта орналасқан?
Б) Солтүстік Қазақ жазығында
4. Солтүстік Қазақ жазығының негізгі өзендері?
А) Ертіс, Есіл, Тобыл
5. Қара топырақты зона Қазақстанның аймағында тараған
II – нұсқа
1. Қазақстан аумағының % дала зонасы алып жатыр
В) 29
2. Шөлейт зонасының негізгі топырағы
А) Ашық қара қоңыр
3. Қазақстан аумағының 44%- н алып жатқан табиғат зонасы
D) Шөл
4. Каспий маңы ойпаты осы аймақтың құрамына енеді:
D) Шығыс Еуропа жазығы
5. Каспий маңы ойпатының негізгі байлығы:
C) Мұнай, газ

Географиялық диктант
1) Қазақстанға Шығыс Еуропа жазығының ……………. …………. бөлігі енеді.
2) Тұран жазығы құрамындағы ………… ………… ғана дала зонасын кесіп өте алады.
3) Солтүстік Қазақ жазығының қазақстандық бөлігі …….. ауданға бөлінеді.
4) Каспий маңы ойпатының негізгі байлығы ………… мен …….
5) Наурызым қорығы …………. ……………. жазығында орналасқан.
6) Қарақия ойысы …………. жазығында орналасқан

1) Қазақстанға Шығыс Еуропа жазығының оңтүстік шығыс бөлігі енеді.
2) Тұран жазығы құрамындағы Торғай үстірті ғана дала зонасын кесіп өте алады.
3) Солтүстік Қазақ жазығының қазақстандық бөлігі төрт ауданға бөлінеді.
4) Каспий маңы ойпатының негізгі байлығы мұнай мен газ.
5) Наурызым қорығы Солтүстік Қазақ жазығында орналасқан.
6) Қарақия ойысы Тұран жазығында орналасқан.
Таратпа материалдардың сұрақтары:

1 карточка
а) Каспий маңы ойпатының негізгі байлығын ата?
б) Қарақия ойысы теңіз деңгейінен қанша метр төмен жатыр?
в) Қазақстан аумағы табиғат зоналарында орналасқан
2 карточка
а) Орманды дала зонасында өсетін ағаштар?
б) Қара топырақты зона Қазақстанның аймағында тараған?
в) Наурызым қорығы қай жазықта орналасқан?

Жаңа сабақ түсіндіру
Жоспар:
1. Географиялық орны
2. Геологиялық құрылысы, жер бедері

Сарыарқа – өзіндік табиғи бітім - болмысымен дараланатын, кесек тарихы, оқшау ерекшелігі бар, уақытпен бірге жаңғырып - жасарған мекеннің бірі. Бұл өте байтақ мекен, бай мекен. Егер Қазақстанның географиялық картасына зер салсақ, оның орта тұсынан мыңдаған шақырымға созылған адырлы аймақты көреміз. Солтүстігінде Батыс - Сібір ойпатынан басталып, оңтүстігінде Тұран ойпатымен, шығысында Сауыр Тарбағатай тауы жүйесімен, батысында Торғай жазығына дейін созылған, алып жонды ертеден - ақ халқымыз Сарыарқа деп атаған. Батыстан шығысқа 1200 шақырымға созылып жатыр.
Сарыарқа каледон (батыс жағы) және герцин (шығыс жағы) қатпарлы кезеңінде қалыптасты. Неотектоникалық қозғалыстың сонымен бірге желге мүжілу үдерісі салдарынан Сарыарқаның жер бедерінің осы қазіргі бейнесі қалыптасты. Бұл бөліктегі ең биік тау – Қызыларай, оның ең биік нүктесі Ақсораң (1565м).
Қызыларай тауы Қазақстандағы кен көлемде мекен ететін арқарлардың жері. Одан солтүстікке қарай Қарқаралы тауы, оның ең биік нүктесі Жиренсақал (1403 м).
Қарқаралы территориясында Қарқаралы атты ұлттық саябақ бар.
Мұндағы ірі ойыс – Теңіз Қорғалжың қазаңшұнқыры. Ол Сарыарқаның батыс бөлігін екіге бөліп жатыр: Бурабай және Ұлытау (1134м).
Сарыарқа – пайдалы қазбаларға бай өлке. Қарағанды мен Екібастұз көмір өндірудің ірі ошақтары болып табылады. Жезқазған, Қонырат және Саяқ кен орындары мыс, темір, марганец кендеріне бай. Жезқазған, Қарағанды, Балқаш және Теміртау қалаларында ірі металлургиялық комбинаттар жұмыс істейді. Ақсуда ас тұзы өндіріледі.

Бекіту сұрақтары.
1. Сарыарқаның ең биік тауы? (Қызыларай)
2. Сарыарқа қандай аудандармен шектеседі? (Солт. Қаз. ж., Тұр., Тор., Сауыр)
3. Сарыарқа өлкесі қандай таулардан тұрады? (Қызыларай, Қарқаралы, Кент, Баянауыл, Шыңғыстау, Ұлытау)
4. Қарқаралы тауының шығу тарихы? (Қарқара қазақ қыздарының бас киім)
5. Сарыарқа өлкесінде қандай пайдалы қазбалар бар? (Тас көмір, мыс, темір, марганец)
6. Сарыарқаның негізгі өзендері? (Есіл, Нұра, Сарысу)
8. Сарыарқада 1968 жылы құрылған қорық? (Қорғалжын)
Үйге тапсырма: Сарыарқа. Пайдалы қазбаларын кескін картаға түсіру.
Қорытындылау, Бағалау кезеңі.
15 357
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дүниежүзінің Табиғат ресурстары және олардың түрлері
Дүниежүзінің Табиғат ресурстары және олардың түрлері
Табиғат ресурстары мен олардың жіктелуі, табиғат ресурстары түрлерінің дүние жүзі бойынша таралуы мен әркелкі орналасу туралы білімдерін беріп, жетілдіру
Күнделікті сабақ жоспары. Биосфера туралы ұғым. Тірі ағзалардың алуан түрлілігі және таралу заңдылықтары.
Күнделікті сабақ жоспары. Биосфера туралы ұғым. Тірі ағзалардың алуан түрлілігі және таралу заңдылықтары.
Биосфера тіршілік ортасы екендігін дәлелдей отырып, табиғаттағы тіршіліктің бір - бірімен байланыстылығын анықтау. Дүниетану пәні бойынша табиғат туралы байланысты еске түсіру. Неліктен әр жерде әр түрлі тірі ағзалар таралған, оның басты себептерін
Сарыарқа
Сарыарқа
ШҚО, Аягөз ауданы, Ақтоғай станциясы, «№8 жалпы орта білім беретін» КММ География пән мұғалімі Ауельбекова Райкуль Айтжановна
Сарыарқа
Сарыарқа
Атырау облысы, Исатай ауданы, Х. Наубетов атындағы орта мектептің география пәнінің мұғалімі Жанғалиева Айнагүл[/right]
Сарыарқа
Сарыарқа
Мақсаты: 1. Сарыарқа өлкесінің географиялық орны, геологиялық құрылысын, пайдалы қазбалары туралы түсіндіру. 2. Географиялық талдау жасай отырып, сабақ моделі арқылы оқушылардың алған білімдерін одан әрі дамыту.
10-cыныпқа күнделікті сабақ жоспары 68 сағат (жаратылыстану бағыты)
10-cыныпқа күнделікті сабақ жоспары 68 сағат (жаратылыстану бағыты)
10-cыныпқа күнделікті сабақ жоспары 68 сағат (жаратылыстану бағыты)
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×