Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Солтүстік және Батыс Европа елдері

25 желтоқсан 2014, Бейсенбі
Категориясы: География
Сабақтың тақырыбы: Солтүстік және Батыс Европа елдері
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға Европа аймақтарымен және елдерімен таныстыру.
2. Елдерді бір - бірінен айыра білуге, есте сақтау қабілеттерін дамыту және картамен жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастыру.
3. Елдер арасындағы қарым - қатынасты және достықты нығайту.
Типі: түсіндірмелі - илюстративті
Көрнекілігі: Дүние жүзінің саяси картасы, атлас, слад - фильм, жұмыс дәптерлері, мультимедиялық проектор, интерактивті тақта
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, салыстыру, анықтау
Пән аралық
байланыс: математика, тарих

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру бөлімі
ІІ Үй тапсырмасын сұрау
/ Үй тапсырмасы тест арқылы сұралады./
ІІІ Жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбы: « Солтүстік және Батыс Европа елдері»

Европа 4 тарихи - географиялық аймаққа топтастырылған
• Солтүстік Европа
• Батыс европа
• Оңтүстік Европа
• Шығыс Европа

1. Солтүстік Еуропа елдері. Еуропаның бұл бөлігін атына сәйкес, солтүстіктегі Скандинавия түбегінде орналасқан Норвегия, Швеция, Финляндия және аралдық Исландия мен Дания елдері құрайды.
Фенноскандия – Скандинавия түбегі Финляндиямен қоса
Лапландия - «Аяз – Ата мекені»
Географтар Скандинавия түбегін Финляндиямен қоса Феноскандия деп атайды. Бұл елдердің барлығы Атлант мұхиты мен оның теңіздерінің жағалауында орналасқан. Сондықтан аймақтың табиғаты, халқының шаруашылық әрекеті мен тұрмыс - тіршілігі теңізбен тығыз байланысты дамыған.
Солтүстік Атлант жылы ағысының әсерінен батыстағы жағалық теңіз сулары қыста да қатпайды. Скандинавия түбегінің жағалауы өте күшті тілімденген, мұнда мұз басу әсерінен қалыптасқан тік жағалы, терең, тар шығанақтар – фордтар көп кездеседі. Жағалауда жартасты шағын аралдар көп. Мұнда герман тобына жататын исландиялықтар, норвегтер мен шведтер, шығысында финдер тұрады. Олар ежелден бұғы шаруашылығымен, аң және балық аулаумен айналысқан. Норвегтердің тұрмысы теңізбен тығыз байланысты, олар ежелден - ақ ержүрек теңізшілерімен әйгілі.
Дания жерінде климат қолайлы болғандықтан халық тығыз қоныстанған, жері анағұрлым жақсы игерілген.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
6 818
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Солтүстік Еуропа елдері. Орта Еуропа елдері. Нидерланд
Солтүстік Еуропа елдері. Орта Еуропа елдері. Нидерланд
Солтүстік Еуропа елдерінің басты ерекшеліктері, айырмашылықтары туралы білім беру.
Оңтүстік Еуропа елдері. Испания
Оңтүстік Еуропа елдері. Испания
Оңтүстік Еуропаның жетекші елдерінің бірі – Испания туралы білім беру.
Солтүстік Еуропа елдері
Солтүстік Еуропа елдері
Оқушыларды Солтүстік және Батыс Еуропа елдерімен таныстыра отырып, олардың ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.
Батыс Европа
Батыс Европа
ОҚО, Түркістан қаласы, "Түркістан" көпсалалы медицина колледжі тарих география пәндерінің оқытушысы Аймбетова Лаззат Музафарқызы
Шығыс Еуропа елдері
Шығыс Еуропа елдері
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназиясының география пәнінің мұғалімі Амантаева Гүлсім Омарқызы
Солтүстік Еуропа елдері
Солтүстік Еуропа елдері
Шынғалиева Света Қамызағалиқызы Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×