Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстанның өзендері

23 қаңтар 2015, Жұма
Категориясы: География
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның өзендері туралы оқушылардың білімдерін анықтау және ұғуына бағытталған іс - әрекеттерін ұйымдастыру
Сабақтың міндеттері:
а) білімділік: Оқушылардың Қазақстан өзендерінің ерекшеліктері мен географиялық орны туралы білімдерін ұғуы арқылы оқу - біліктілік компетенцияларын қалыптастыру;
ә) тәрбиелік: зияткерлік өзіндік даму әдістерін игеру арқылы тұлғалық өзіндік жаңашаландыру компетенцияларын қалыптастыру; азаматтық - қоғамдық компетенцияларын қалыптастыру кезінде отаншылдықты, өз отанына мақтан тұтатын сезімін тәрбиелеу; табиғатқа өнегелі - эстетикалық және әсершіл - құндылықты қатынастар арқылы мәдени - компетенцияларын қалыптастыру;
б) дамытушылық: оқушылардың географиялық ой - өрісін, біліктілік қызығушылығын, берілген аймаққа теориялық білімдерін пайдалану шеберлігін, картографиялық материал мен оқулықпен жұмыс жасай білуін, басты және маңызды тақырыпты бөле білуін, өздігінен жұмыс жасай білуін, нәтижелерді қорытындылай білу, оқу іс - әрекеттерін өздігінен тексере және өздігінен талдай білуін дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру.

Әдістемелік тәсілдері:
 «Дәйексөзді түсіндіріңдер»
 «Сенемін - сенбеймін»
 «Шиеленген логикалық тізбегі»
 «Дәптердің шетіндегі жазулар» «Инсерт»
 «Кластер»
 «Менің пікірім»
 «Синквейн»

Біліктілік іс - әрекетін ұйымдастыру формалары: фронтальды, жеке, жұптасып жұмыс жасау, топтасып жұмыс жасау.
Әдістер:
Оқу - біліктілік іс - әрекетін ұйымдастыру және орындау:
ұғыну аспекті: ауызша - көрнекі әдістер;
біліктілік: гностикалық аспекті: эвристикалық;
логикалық аспекті: дедуктикалық әдістер, біріктіру және талдау, классификациялау;
басқару аспекті: әңгімелесу элементтерімен өздік жұмыс.
Оқу іс - әрекетін ынталандыру және уәждеу:
борыш пен жауапкершілікті ынталандыру және уәждеу: сендіру, үйрету, мадақтау;
біліктілік қызығушылықты ынталандыру және уәждеу: кенеттік, жаңалық, табысты жәйт;
Оқу іс - әрекетін тексеру және өздігінен тексеру: ауызша, фронтальды, топтық

Сабақтың жоспары (45 мин.):
I. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин.)
II. Шақыру сатысы (білімдердің өзектілігін айқындау, жаңа ақпаратты алуға қызығушылықты арттыру, оқушының өз оқу мақсаттарын қою) (7 мин.)
III. Ұғу сатысы (жаңа ақпарат алу). (23 мин.)
IV. Рефлексия сатысы (талдау, шығармашылық өңдеу, зерттеген ақпаратты түсіндіру) (10 мин.)
V. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру. (3 мин.)

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
I. Ұйымдастыру кезеңі: сыныптың сабаққа дайын болуы
Эмоционалды күйге келтіру
- Қайырлы күн! Сабаққа барлығың дайын болыңдар! Өз жұмыс орындарыңды тексеріңдер. Мен сендерді бүгін сабақта көргеніме қуаныштымын. Біздің бірігіп жұмыс істейтініміз тиімді және қызықты болады деп ойлаймын.
Психологиялық күйге келтіру: сыныпта қолайлы жағдай туғызу. Ұнаған сөйлемге шапалықтан тұратын «салют».
- «Мен мектепте сабақтамын».
- «Мен қазір сабақ оқи бастаймын»
- «Мен барлаушы сияқты барлығын байқап отырамын»
- «Менің есте сақтау қабілетім мықты»
- «Мен сабақта зейінді боламын»
- «Менің көңіл күйім жақсы»
- «Менің оқығым келеді»
- «Мен жұмыс істеуге дайынмын».

II. Шақыру сатысы.
«Дәйексөзді түсіндіріңдер» тәсілі
«Су тамшысы алмастан артық» Д. И. Менделеев.
Сабақтың құнды бағыты – тұщы судың негізгі көзі - өзендер.
«Сенемін - сенбеймін» тәсілі
Оқушылар «+» сенемін және «-» сенбеймін деп қояды
Мақұлдау
Сабақтың басында Сабақтың аяғында
1. Қазақстанда ірі өзендер көп.
2. Барлық өзендер суларын қандай болса да мұхитқа құяды.
3. Биік таулы аудандарда өзендер көп.
4. Қазақстанның ең ірі өзені – Ертіс.
5. Ең лайлы өзендер тауда ағады.
6. Оңтүстікке қарағанда солтүстікте өзендер аз.
7. Тау өзендері ертерек қатады.

III. Ұғу сатысы – Блум таксономиясы бойынша тапсырмалар.
Білім көзі – 124 - 125 бб. § 24 материалы, Қазақстанның физикалық картасы
1. Білім.
Қазақстанның өзендері қай ағын алабына жатады?
Қазақстан өзендерінің саны қанша?
Олардың ұзындығы 1000 км - ден асатындарын анықтаңдар.
«Шиеленген логикалық тізбегі» тәсілі
Қазақстан өзендерінің екі алаптарының арасындағы суайрықты картадан табыңдар: Сарыарқа, Торғай үстірті, Оңтүстік Орал, Сауыр - Тарбағатай.
Жұптасып жұмыс жасай отырып, оларды картадан батыстан шығысқа қарай көрсетіңдер.

«Сәйкес келтіру» тәсілі: ағынның алабы - өзендер
1. СММ алабы А) Жайык, Жем, Сағыз, Ойыл, Қараөзен, Сарыөзен
2. Каспий теңізінің алабы В) Ертіс Есіл және Тобыл салаларымен
3. Арал теңізінің алабы С) Сырдария, Шу, Сарысу, Торғай, Талас, Ырғыз
4. Балқаш - Алакөл алабы Д) Қаратал, Лепсі, Ақсу, Іле, Тентек

Инсерт тәсілі: «Судың шығыны мен жылдық ағыны» мәтінін оқып, қарындашпен дәптердің шетінеі жазулар қой. Кестені толтыра отырып, тек өзекті жазуларды қояды, талқылағанда толықтырады.

2. Түсіну.
Оқулықтың 124 - 127 бб. жұптасып жұмыс жасай отырып, Қазақстан өзендерінің айырмашылық жасайтын ерекшеліктеріне мысалдар келтіріңдер.
«Кластер» тәсілі:
Өзендердің қоректену түрлері туралы (оқулықтың 126 беті) сызба түрінде көрсетіңдер

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 402
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Зияты зақымдалған оқушыларды тәрбиелеу ерекшеліктері
Зияты зақымдалған оқушыларды тәрбиелеу ерекшеліктері
Баланың жеке тұлғалық тұрғыда дамытуға бағыттылық, адамгершілік, коммуникативтік, эстетикалық және дене дамуын қалыптастыру. Оқу мекемесінің ерекшелігіне және оның қызмет түріне қарай қоғамға бейімдеу, қызығушылықтарын арттыру.
«Шаруашылыққа сипаттама» бөлімі бойынша қайталау (күнделікті сабақ жоспары)
«Шаруашылыққа сипаттама» бөлімі бойынша қайталау (күнделікті сабақ жоспары)
Географиялық ой - өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.
Қазақстанның физикалық географиясы нені оқытады? Қазақстанның және Батыс Қазақстан облысының географиялық орны мен шекаралары
Қазақстанның физикалық географиясы нені оқытады? Қазақстанның және Батыс Қазақстан облысының географиялық орны мен шекаралары
Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы туралы баяндау. Қазақстанның физикалық географиясы нені оқытады? Географиялық білім көздеріне сипаттама беру. Қазақстанның және Батыс Қазақстан облысының шекараларын, аумағын, географиялық координаталарын, географиялық
1 деңгей мұғалімдеріне көмек
1 деңгей мұғалімдеріне көмек
Бірінші (ілгері) деңгейдің емтихан сұрақтары I НҰСҚА Блок А 1. Оқыту мен оқудағы заманауи тәсілдің негізгі ерекшелігі А) оқушылардың алған білімдерін орынды қолдана білуін қалыптастыру басымдылығы В) басты назарды оқушының біліміне аудару С)
Қазақстанның экономикалық географиялық жағдайы және табиғи ресурстық әлуеті
Қазақстанның экономикалық географиялық жағдайы және табиғи ресурстық әлуеті
Байқоңыр қаласы, № 8 Ю.А. Гагарин атындағы мектептің География пән мұғалімі Қарлыбаев Октябрь Өзбекбайұлы
Сарыарқа
Сарыарқа
Мақсаты: 1. Сарыарқа өлкесінің географиялық орны, геологиялық құрылысын, пайдалы қазбалары туралы түсіндіру. 2. Географиялық талдау жасай отырып, сабақ моделі арқылы оқушылардың алған білімдерін одан әрі дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×