Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғатты ғылыми тұрғыдан тану әдістері.

25 қаңтар 2015, Жексенбі
Категориясы: География
Жаратылыстану 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Табиғатты ғылыми тұрғыдан тану әдістері
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адамдардың қоршаған орта табиғатын танып білуі туралы және қандай әдістерді қолдана отырып табиғатты оқып үйренгені туралы түсінік, мағлұмат беру.
Білімділігі: Ежелгі кезеңдердің өзінде - ақ адамдар табиғаттың белгілі бір маусымдарға байланысты өзгеретіндігі туралы оқушыларға түсінік қалыптастыру
Дамытушылығы: Табиғатты ғылыми тұрғыдан адамдардың қоршаған орта табиғатын бақылағаны, тәжірибе жасап танып білуін оқушыларға түсіндіру.
Тәрбиелігі: Оқушыларға адамдардың қоршаған орта табиғатын танып білуі туралы және қандай әдістерді қолдана отырып өмір сүруінің ерекшеліктерін түсіндіре отырып, тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, әңгіме - дәріс
Сабақтың көрнекілігі: карта, плакаттар, атлас

Сабақтың барысы:
. I. Ұйымдастыру
II. Үй тапсырмасын сұрау
III. Жаңа сабақ
IV. Бекіту
V. Үйге тапсырма
VI. Бағалау

І. Ұйымдастыру бөлімі
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеп сабаққа дайындығын тексеру.
II. Үй тапсырмасын сұрау

III. Жаңа сабақ
Табиғатты ғылыми тұрғыдан тану әдістері.
Ежелгі кезеңдердің өзінде - ақ адамдар табиғаттың белгілі бір маусымдарға байланысты өзгеретіндігін байқаған. Табиғатты оқып үйренудің бірнеше әдістері бар.
Біріншісі - бақылау.
Бақылаудың нәтижесінде ауыл шаруашылық жұмыстарының мезгілін анықтаған, оларды арнайы аспап құралдары арқылы іске асырып отырған.

Екінші әдісі тәжірибе жасау әдісі. Бұл әдісті зертханада жасайды. Адам тәжірибе жасай отырып, табиғаттың құбылыстарын қолдан жасай да алады. Мысалға: қыздыру, суыту, т. б.
Келесі әдіске өлшеу жатады. Өлшеу арқылы адамдар көптеген денелердің көлемін, ауданын, арақашықтығын анықтайды. Жердің ауданы, күннен және айдан ара қашықтығы, таудың биіктігі, теңіздердің, мұхиттардың тереңдігі туралы т. б. білген.

Осылай адамдар табиғатты бақылау тәжірибе жасау, өлшеу арқылы үйренген. Осы әдістердің барлығы адамдардың табиғатты танып білуіне әсерін тигізді. Табиғат туралы білім арнайы зерттеу әдістерін қолдану арқылы жинақталады. Табиғатты зерттеу әдістерінің ішінен кең тараған үш ғылыми әдісті атап өтуге болады. Олар: бақылау, эксперимент және теориялық зерттеу әдістері.

Табиғат құбылыстарының заңдылықтарын ашу үшін ғалымдар логикалық ой қорыту амалдарын рет - ретімен пайдаланады. Әуелі олар бақылау арқылы деректер жинайды. Жаңа деректерді бұрыннан белгілі деректермен салыстырып, олардың арасында себеп - салдарлық байланыстар бар ма? Деген негізгі сұраққа жауап іздейді. Найзағайдың пайда болуы туралы шынайы ғылыми болжамды В. Франклин (1706 - 1790жж) ұсынды. Оның болжамы бойынша найзағай – әр түрлі зарядталған бұлттардың арасындағы немесе бұлт пен Жердің арасындағы аса қуатты электр электр ұшқыны. Ондай ұшқын әр түрлі электрленген (зарядталған) денелердің араларында байқалады.

Астрономиялық бақылау үшін де әр түрлі құралдар мен аспаптар қолданылады. Астрономиядағы ең негізгі зерттеу құралы – телескоп. Оның жәрдемімен жақын тұрған аспан денелерінің (Айдың, Күн жүйесіндегі планеталардың және олардың серіктерінің) беткі денелерін көруге болады. Телескоптың арқасында көзге көрінбейтін басқа да аспан денелерін бақылап, ғылыми деректер жинақталады.

IV. Жаңа сабақты бекіту
1. Адамдар табиғаты қандай әдістер қолдана отырып үйренді.
2. Бақылау қалай жүргізіледі?
3. Тәжірибе жасау дегеніміз не?
4. Өлшеу арқылы не білеміз?

V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Үйге: Табиғатты ғылыми тұрғыдан тану әдістері
17 086
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Табиғат – біздің досымыз
Табиғат – біздің досымыз
Қоршаған ортаға деген көзқарасын кеңейтіп, табиғатты сүйюге, қамқор бола білуге, табиғат байлығын, сұлулығын сезіне білуге үйрету. Балаларды табиғатты аялауға баулу, экологиялық тәрбие беру.
Экология және қоршаған орта. Биологиядан қолданбалы курстың күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Экология және қоршаған орта. Биологиядан қолданбалы курстың күнтізбелік - тақырыптық жоспары
Бұл курс бағдарламасы оқушыларға қосымша тереңдетілген түрде білім берудің бір бөлігі. Биологиядан оқу бағдарламасына сай алған білімдерін әрі қарай жетілдіру мақсатында қарастырылады.
Аққала мен - ақ бала
Аққала мен - ақ бала
Оқушыларға әр жыл мезгілінің өзіндік ерекшелігі барын түсіндіре отырып қыс қызығымен таныстыру. Табиғатты сүюге, қысқы таза ауа туралы айта отырып салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу. Қоршаған әлемді танып білуге деген ынталарын дамыту.
Физикалық география - Жер табиғаты жайындағы ғылым
Физикалық география - Жер табиғаты жайындағы ғылым
Физикалық география - табиғат денелерімен құбылыстарының жер бетінде таралу заңдылықтарын және олардың себептерін зерттейді.
Қоршаған ортаның ластануы
Қоршаған ортаның ластануы
Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Айыртау орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Сагидуллаев Алтай Сагидуллаевич
Қоршаған орта мен адам денсаулығы
Қоршаған орта мен адам денсаулығы
Петропавл қаласы Бастауыш сынып мұғалімі Мухамеджанова Ботагоз
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×