Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Біздің туған өлкеде

31 қаңтар 2015, Сенбі
Категориясы: География
Біздің туған өлкеде

(«Елім менің» атты жаңа патриоттық ойын - сауық телебағдарламасы ізімен жүретін сайыс)
Мақсаты: Оқушының білімінің жан - жақты, ой өрісінің кең болуына, теориялық білімдерінің тереңдете түсуіне жетелеу, өз елі мен жерін мақтаныш етуге, өткен тарихын білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, Қазақстанның физикалық және саяси картасы, тақырып слайдтары
Әдісі: Сайыс

Жүрісі: 1 - ұйымдастыру кезеңі
2 – таныстыру кезеңі
(Сайысқа 2 - топ қатысып, сан алуан сұрақтарға жауап беру арқылы білім сайысына түседі)
3 Сайыс 6 айналымнан тұрады:
І айналым: «Табиғаты көркем - туған өлкем»
ІІ айналым: «Ойлы болсаң озып көр»
ІІІ айналым: «Қазақстан аумағын географиялық зерттеулер»
ІҮ айналым: «Географиялық пошта»
Ү айналым: Ел өміріне байланысты сұрақтар
ҮІ айналым: Әріптер көмегімен сұраққа жауап беру
4 қорытынды бөлімі
5 марапаттау

«Елім менің» әні
Кең байтақ Қазақстан туған жерім,
Кеңпейіл мерейлі мол дархан елім.
Көп ұлтты жинап алып құшағына,
Бір бесіктің әніне салған елім - дегендей бұл ойын Алтай – Атырау аралығында көсіліп жатқан біздің туған өлкеміз туралы болмақ.

Құрметті семинарға қатысушы ұстаздар! Сіздерге арнап Х. Досмұхамедұлы атындағы орта мектептің ХІ а сынып оқушылары дайындаған «Елім менің»
ойын сауық бағдарламасына қош келдіңіздер!
Сіздерге отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс тілей отырып, ойынымызды бастаймыз.
Ойынға «Болашақ», «Ақжол» командалары қатысып, олар сан алуан сұрақтарға жауап беру арқылы білім сайысына түседі. Ойын 6 - айналымнан тұрады. Әр айналымның шартын ойын барысында хабарлап тұрамын. Ойынымыздың 1 - ші бөлімі таныстыру

І топ (оң қанатта) «Болашақ» командасы
Топ басшысы:
ІІ топ (сол қанатта) «Ақ жол» командасы
Топ басшысы:

І топ басшысы құрамымен таныстырады (4 оқушы)
Топтың ұраны: «Біз болашақ тірегі»
ІІ топ басшысы құрамымен таныстырады (4 оқушы)
Топтың ұраны: «Білімді ұрпаққа – ақ жол»

Сіздерге сәттілік тілей отырып, ойынды жүргізетін мен А. Жолдасұлы
Ендеше ойынымызды бастаймыз

І айналым «Табиғаты көркем – туған өлкем»
(Қазақстан табиғаты жөнінде топ басшыларына 3+3=6 видео сұрақтар болады) әр дұрыс жауап 1 - ұпай

ІІ айналым «Ойлы болсаң озып көр»
(Географиялық жұмбақтар, викториналық сұрақтар) 5+5 сұрақтан

І топқа
1. Кәне бәрің ойлаңдар,
Бізде қандай өзен бар?
Он өзеннің ішінен,
Бес өзенді таңдаңдар.
(Волга, Басқан, Жайық, Днепр, Сарқан, Лена, Дон, Сарысу, Конго, Ертіс)
2. Қандай жолмен адам ешуақытта жүрмейді? (құс жолы)
3. Горилла өз кеудесін неге ұрғылайды? (Жауын шошыту үшін)
4. Пингвиндер немен қоректенеді? Қыста олар солтүстікке ұшып кетеді? (Балықпен, жоқ)
5. Атауы құрлық мағынасын білдіретін теңіз қандай? (Арал)

ІІ топқа
1. Ағынды, тұйық қос көл бар,
Бірі тұщы бірі ащы.
Осы екі көл сұлудың
Қос сырғасы сияқты
(Арал, Каспий, Іле, Сырдария, Зайсан Балқаш көлдері)
2. Үш түйе құс ұшып келеді, оның бірін аңшы атып түсірді, ал аспанда қанша құс қалды? (Түйе құс ұшпайды)

3. Еліміздің қай аймағында компас тіліне сенуге болмайды? дәлелде (Қостанай)
4. Бүркіт – құс, арыстан – аң патшасы дейді, ал Қазақстандағы қай ағашты шөлдің патшасы деп атайды? (Сексеуіл)
5. Қазақстандағы қай көлдің атының алғашқы буыны өзінің тәттілігімен шақырса, екінші буыны қорқытып үркітеді? (Балқаш)
(2 - айналымның ұпай саны)

ІІІ айналым Қазақстан аумағының географиялық зерттеулері
(Қазақстан жері туралы географиялық мағлұматтар жайында)
Топ басшысы шығып түсіндіреді (уақыт 1:30 мин)
Дұрыс жауапқа 1 - ұпай

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
4 943
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Жігіт сұлтаны
Жігіт сұлтаны
Оқушыларды қазақ жігіті бойына тән қасиеттерімен таныстыру. Тәрбие сағаты арқылы ептілік, ержүректік сегіз қырлы бір сырлы ұлттық қасиеттерімізді қалыптастыру.
«Зерде» интеллектуалды ойыны
«Зерде» интеллектуалды ойыны
Мақсаты: Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіріп, білімді, жан - жақты болуға, өзіне деген сенімділік қасиеттерін қалыптастыруға бейімдеу, логикалық ойлауларын қалыптастыру, дарынды, озық болуға тәрбиелеу, ұжымда достық қарым - қатынасты,
Өнерлі өрге жүзер
Өнерлі өрге жүзер
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Тәжен мектеп - балабақша кешені. Бастауыш сынып мұғалімі: Сарсенбаева Бақтыгүл
Ойлы болсаң, озып көр
Ойлы болсаң, озып көр
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жолдасбаева Ажаркүл
Елім менің
Елім менің
Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Ғани Мұратбаев атындағы №17 орта мектебінде музыка пәнінен мұғалімі Айнур Орынгазиева
"Елім менің" интеллектуалдық ойын
"Елім менің" интеллектуалдық ойын
Қазақстан Республикасы туралы оқушылардың алған білімін жинақтап, одан әрі танымдылығын арттыру. Оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту өз ойын мәдениетті түрде жеткізе білу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×