Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Африканың физикалық орны, жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы

10 ақпан 2015, Сейсенбі
Категориясы: География
Тақырыбы: Африканың физикалық орны, жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы

Мақсаты:
1. Оқушылар Африканың физикалық – географиялық орны ұғымын, оның материк табиғатына әсерін, материктер және олардың жеке бөліктерін, зерттеушілерді білу.
2. Оқушылардың жұппен, топпен жұмыс жасай отырып, ойлау, өз пікірін еркін жеткізу, ізденгіштік, салыстыру қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларды ережені сақтай отырып, бір - бірін тыңдай білуге, сыйлай білуге, жәрдемдесе білуге, қолпаштай білуге, ортақ шешім қабылдай білуге, өзін әділ бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Топтық танымдық
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, баяндау, топтық жұмыс, ойын элементтері
Сабақтың көрнекіліктері: Африканың физикалық - географиялық картасы, суреттер, трек - сызбалар, глобус, интерактивті тақта
Сабақтың жүру барысы: І ұйымдастыру
А) Оқушылардың қатысын тексеру\Зейінін сабаққа аудару
Б) Оқушыларды топтарға бөлу

ІІ Білімін тексеру
Географиялық фото жұмбақтар арқылы

ІІІ Жаңа сабақты меңгерту а) материктің географиялық орнын мұғалім түсіндіреді
Африка - Жердің, Еуразиядан кейінгі көлемі жағынан екінші үлкен материгі. Оған қарасты аралдарды қоса есептегендегі ауданы - 30, 3 млн. км2, аралдарсыз - 29, 2 млн. км2.
Африка материгі Еуразиямен тығыз байланысты: оларды тек Қызыл және Жерорта теңізі бөліп тұр. Африка мен Еуразия шығыс жарты шардың біртұтас құрлық массивін құрайды, бұларды басқа материктерден мұхиттардың, орасан зор кеңістіктepi бөліп тастаған.

Материктің шеткі нүктелері солтүстікте - Эль - Абьяд мүйісі (37˚20' с. е.), оңтүстікте - Игольный мүйісі (34˚52'с. е.). Африка солтүстіктен оңтүстікке 8 мың км созылып жатыр. Материктін eң жалпақ бөлігі экватордан солтүстікте 10˚ пен 16˚ аралығында жатыр, мұнда Африка 17˚33 б. б. бастап (Альмади мүйісі), 51˚24 ш. б. (Хафун мүйісі) дейін созылып, ені 7500 км - ге жетеді.

Африка жағалауында аралдар онша көп емес. Олардың ішіндегі ең үлкені - Мадагаскар. Үнді мұхитында одан басқа Сокотра, Занзибар, Пемба, Мафия, Комор, Маскарен аралдары бар. Олар түгелдей дерлік материктен пайда болған және материкке таяу жатыр.
Атлант мұхитында материктік және вулкандық аралдар бар. Олар: Мадейра, Канар, Жасыл Мүйіс, Масиас - Нгема - Бииого, Принсипи, Сан - Томе, Аннобон.

Орографиясы жағынан әр түрлі және тым бөлшектенген Евразияғаа қарағанда Африканың жері керісінше бет құрылысы біркелкі және пішінінің қарапайым болуымен ерекшеленеді. Оның рельефінде биіктігі 200 метрден 1000 метрге дейін баратын жазықтар мен тау үстірттері басым. Жерінің 10 процентке жуығы ойпатты, ал 20 проценттен біраз астамы таулы болып келеді. Материктің шеткі бөлігі, әдеттегідей, ішкі аудандармен салыстырғанда көтеріңкі келеді. Олардың орташа биіктігі 750 метрді құрайды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
2 424
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Географиядан күнделікті сабақ жоспары
Географиядан күнделікті сабақ жоспары
Оқушыларға материктер мен мұхиттар географиясы пәні, мақсаттары, міндеттері, мазмұны жөнінде түсінік беру. Топтық жұмыс ережелерімен таныстыра отырып, бағалау критерилерін пысықтау.
Африканың физикалық-географиялық орны, мұхиттары, зерттелу тарихы
Африканың физикалық-географиялық орны, мұхиттары, зерттелу тарихы
Африканың физикалық - географиялық орны, мұхиттары, зерттелу тарихы
Материк жағалауындағы мұхиттар. Ашылуы және зерттелу тарихы
Материк жағалауындағы мұхиттар. Ашылуы және зерттелу тарихы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің география пәні мұғалімі Ысқақ Есенкелді
Африканың физикалық – географиялық орны
Африканың физикалық – географиялық орны
Алматы қаласы, Алмалы ауданы, №147 гимназия география пәні мұғалімі: Керимшеева Береке Рысказиевна
Африка жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер
Африка жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, №249 мектеп – лицейдің география пәні мұғалімі Мәліков Қуаныш Мнажұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×