Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Үнді мұхиты. Тынық мұхиты

11 ақпан 2015, Сәрсенбі
Категориясы: География
Сыныбы 7
Сабақтың тақырыбы: Үнді мұхиты. Тынық мұхиты
Мақсаттары;
Білімділігі; Оқушылардың дүниежүзілік мұхит туралы түсінігін кеңейту, дүниежүзілік мұхиттар мен таныстыру
Тәрбиелілігі: Оқушыларды ізденуге, отансүйгіштікке, суды қорғауға, білім алуға баулу
Дамытушылығы; Оқушылардың мұхиттар туралы біліктілігін, картамен жұмыс жасау, оқулық мәтінін жүйелі түсіну дағдысын қалыптастыра отырып дамыту
Сабақтың түрі; Аралас
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, баяндау, салыстыру, түсіндіру, өз беттік жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Д/ж физикалық картасы, суреттер, тірек сөздер

Сабақтың жүру барысы:
1 Ұйымдастыру;
А) Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
Ә) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару

2 Білімін тексеру
Сұрақтар топтамасы
1. Мұхит дегеніміз не?
2. Жер шарында неше мұхит бар?
3. Дүниежүзілік мұхиттың ауданы қандай?
4. Солтүстік Мұзды мұхитына сипаттама бер.
5. Мұхитқа Атлант атауының берілуі туралы не білесің?
6. Атлант мұхитының ең терең жері?
7. Аталған екі мұхитта қандай табиғи байлықтар бар?

3 Жаңа сабақты меңгерту
Мұхиттардың:
1. Географиялық орны
2. Зерттелуі
3. Табиғаты
4. Негізгі ұғымдар

Үнді мұхиты — Жер шарындағы аумағы жөнінен Тынық және Атлант мұхиттарынан кейінгі үшінші мұхит. Көпшілік бөлігі оңтүстік жарты шарда, Азия, Африка, Австралия және Антарктида құрлықтарының аралығында. Үнді мұхиты планетада ерекше орын алады: оның көп бөлігі оңтүстік жарты шарда орналасқан. Жердің су бөлігінің 20% алып жатыр. Мұхит солтүстігінде Еуразиямен шектеседі. Мұхиттың жағасы аз тілімденген. Солтүстігінде Бенгал және Парсы шығанақтары, Арабия теңізі құрлыққа бойлай еніп жатады. Аралдары біршама аз. Мұхиттың шекарасында ғана ірі аралдар бар. Еуропалықтар Үнді мұхиты арқылы XV ғасырда ғана тұрақты жүзе бастады. Мұхитта жүзу маршруттарының сипаттамасын тұңғыш рет араптар жасаған. География ғылымы үшін Үнді мұхиты жөніндегі мәліметтер Васко да Гаманың жүзген уақытынан (1497 - 1499 жж) бері жинала бастады. XVIII ғасырдың соңында ағылшынның теңізінде жүзушісі Джеймс Кук бұл мұхиттың тереңдігін алғаш рет өлшеген. XIX ғасырдың соңында мұххитты комплексті зерттеу жұмысы басталады.

Атлант мұхитымен Ине мүйісінің ш. б.) меридианымен Африкадан Антарктидаға өтетін сызықпен шектеседі. Тынық мұхитпен арадағы шекара(20 Малакка ш. б.)18түбегінен басталып (98 Суматра, Ява, Сумба, Тимор, Танимбар және Чут аралдары арқылы Жаңа Гвинеяға, онан әрі Австралияға ш. б.),03 о. е., 14205(11 Тасман аралдарына ш. б. меридианымен белгіленеді. Аудандық теңіздерімен қоса есептегенде 76, 17 млн. км2, суының көлемі 282, 6 млн. км3, орташа тереңдігі 3711 м, ең терең жері 7729 м (Зонд шұңғымасы).55өтеді. Тасманиядан Антарктидаға дейінгі шекара 146
Тынық мұхит — көлемі мен тереңдігі жағынан ең үлкен мұхит. Батысында Еуразия мен Аустралия, шығысында Солтүстікжәне Оңтүстік Америка, оңтүстігінде Антарктида құрылықтарымен шекаралас.

Тынық мұхиты оңтүстігінен солтүстігіне 15, 8 мың км, шығысынан батысына 19, 5 мың км созылын жатыр. Шекаралас теңіздермен есептегенде 179, 7 млн км², орта тереңдігі 3984м, көлемі 723, 7 млн км³ (теңізсіз есептегенде165, 2 млн км², орта тереңдігі 4282 м, көлемі 707, 6 млн км³). Тынық мұхитының ең терең жері (әлем мұхиттарының ең терең жері) 10994 м (Мариана шұңғымасында).[1] Тынық мұхитындағы 180 - інінші мередиан арқылы тәуліктік сызық өтеді.
Мұхиттардың зерттелуі, табиғаты, өсімдіктері мен жануарлары туралы мәтіннен оқып білу 3 қатар оқушыларына беріледі

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 655
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Теңіздер мен көлдер
Теңіздер мен көлдер
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қосжар ауылы, №67 орта мектебінің география пәні мұғалімі Есепбаев Досбол
Дүниежүзілік мұхит
Дүниежүзілік мұхит
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Солнечный поселкесі, №28 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектептің тарих-география пәні мұғалімі Сманова Гүлназ Сантаевна
Тынық мұхиты
Тынық мұхиты
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, С. Сейфуллин атындағы №165 мектептің география пәнінің мұғалімі Жабагиева Гульсара Жұбаназарқызы
Мұхиттар
Мұхиттар
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, "Бейнеу ауданы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі" ММ-нің география пәні мұғалімі Тілеп Жаңылсын
Мұхиттар. Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер
Мұхиттар. Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Жалғызтал ауылы, Т.Әубәкіроа атындағы жалпы негізгі білім беретің мектебінің география пәні мұғалімі Искаков Нұрлыбек Нұржанұлы
Мұхиттар
Мұхиттар
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейі география пәні мұғалімі Сағынғалиева Гүлжанат
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×