Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер.

12 ақпан 2015, Бейсенбі
Категориясы: География
География 7 сынып
Сабақ тақырыбы: Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер

Сабақ мақсаты: Оқушыларға Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер, мұхиттардың материкке тигізіп жатқан әсері, жағалауындағы ағып жатқан ағыстар, мұхит пайдалы қазбалары, тіршілік дүниесі, мұхиттардың ластану деңгейі туралы мағлұмат беру
2. Тәрбиелік: Оқушыларды Отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сақтауға үйрету. Өзендердің суын қорғауға, сақтауға өз үлестерін қосуға дағдылау, бағыттау.
3. Дамытушылық: Балалардың өзіндік ойлана білуіне, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыруға, өздерінше іздене білулеріне, т. б. үйрету.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: сұрақ - жауап, картамен жұмыс, кітаппен жұмыс, жеке жұмыс, топпен жұмыс, карточкамен жұмыс;
Құрал - жабдықтар: ҚР физ картасы, ҚР әкімшілік картасы, дүние жүзі физикалық картасы, мектеп атласы, кескін карта, карточкалар, интерактивті тақта;
Кездесетін терминдер:

Барысы: І. Ұйымдастырушылық кезең
1. Сәлемдесу
2. Балаларды түгендеу.
3. Балалардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Мұғалім: алдыңғы сабақта не өтілгенін сұрайды.
1. Балалар. Ең әуелі Еуразия материгі туралы қысқаша айтып кетеді.

Мұғалім: «Дүние жүзілік мұхит деген не?» Сұрайды.
Балалар жауап береді.
Видео - фильм көрсетіледі.
Видео – фильм көрсетіліп жатқанда осы өлең жолдары оқылады.

«Еуразия» өлеңі
1. Қашаннан бесік болған адамзатқа,
Бұл материк аталған Еуразия.
Таңғажайып табиғаты таңдандырған,
Екі бөліктен тұрады:
Еуропа мен Азия.

2. Материк жағалауын шайып жатыр,
Төрт мұхит және оның теңіздері.
Әсер етіп жылы, суық ағыстары,
Құрлықтың климаты түрленеді.

3. Байлығы, берері көп мұхиттардың,
Қойнауы мұнай менен газға толған.
Осы алып материктің тұрғындары,
Балығын қорек етіп, кәсіп қылған.
Бұл материк Еуразия.

Еуразия материгі жағалауына саяхат жасайық: «Қандай мұхиттар Еуразия жағалауын шайып жатыр?»
2. Балалар жауап береді, тақтаға шығып, бір - бірден Еуразия материгі жағалауындағы мұхиттарды көрсетеді:
1. Тынық мұхиты
2. Атлант мұхиты
3. Солтүстік Мұзды мұхиты
4. Үнді мұхиты

Мұғалім: Теңіз дегеніміз не? Сұрайды.
3. Балалар жауап береді, тақтаға шығып, бір - бірден Еуразия материгі жағалауындағы
1. Тынық мұхиты
2. Атлант мұхиты
3. Солтүстік Мұзды мұхиты
4. Үнді мұхитының теңіздерін көрсетеді.

Презентацияда мұхиттардың Еуразия материгіне тигізетін әсері туралы айтылады.
Тақырыпқа түсінгендігі - түсінбегендігін сұрайды:
- Балалар, жаңа сабаққа түсіндік пе?
Олай болса, қазір біз Еуразия материгінің жағалауындағы мұхиттар мен теңіздерге саяхат жасаймыз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 290
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Географиядан күнделікті сабақ жоспары
Географиядан күнделікті сабақ жоспары
Оқушыларға материктер мен мұхиттар географиясы пәні, мақсаттары, міндеттері, мазмұны жөнінде түсінік беру. Топтық жұмыс ережелерімен таныстыра отырып, бағалау критерилерін пысықтау.
Күнделікті сабақ жоспары. Еуразияға ұласатын мұхиттар мен теңіздер және олардың материк табиғатына әсері.
Күнделікті сабақ жоспары. Еуразияға ұласатын мұхиттар мен теңіздер және олардың материк табиғатына әсері.
Еуразия жағалауларын дүние жүзіндегі 4 мұхиттың да сулары шайып жатыр. Олар материк жағалауларын түрліше тілімдеп, өте көп жағалық теңіздер мен шығанақтар, бұғаздар жүйесін құрайды. Материктің әсіресе батысы мен шығысы күшті тілімденген.
Африканың физикалық орны, жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы
Африканың физикалық орны, жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин селосы, Б. Бегалиев атындағы орта мектептің география пәнінің мұғалімі: Баймурзаева Бибігүл Ержанқызы
Материк жағалауындағы мұхиттар. Ашылуы және зерттелу тарихы
Материк жағалауындағы мұхиттар. Ашылуы және зерттелу тарихы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің география пәні мұғалімі Ысқақ Есенкелді
Еуразия материгінің ішкі сулары
Еуразия материгінің ішкі сулары
Махамбетова Казиза Тлеубергеновна
Мұхиттар мен теңіздердің маңызы. Мұхиттар мен теңіздерді қорғау
Мұхиттар мен теңіздердің маңызы. Мұхиттар мен теңіздерді қорғау
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы Ә. Жангелдин атындағы орта мектебі география пәнінің мұғалімі Әлмұратова Г. Қ
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×