Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дүниежүзілік шаруашылыққа ықпалы. Үшінші өнеркәсіп революциясының басталуы

10 наурыз 2015, Сейсенбі
Категориясы: География
География пәні мұғалімі Аймбетова Ләззат Мұзаффарқызы

Сабақтың тақырыбы: ҒТР. Дүниежүзілік шаруашылыққа ықпалы. Үшінші өнеркәсіп революциясының басталуы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Уақыты: 90 мин

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ғылыми - техникалық революция және дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы туралы білім беру. ҒТР - дің құрылымы, құрамдас бөліктері, оның негізгі белгілері, ғылыми - өндірістік кешендер, ғылыми - техникалық революцияның шаруашылық құрылымына ықпалы, постиндустриялық құрылым ерекшеліктері, үшінші өнеркәсіп революциясының басталуы, дүниежүзілік шаруашылықтың өндірістік саладағы өзгерістері және ғылым мен техника жетістіктерін пайдалану нәтижесі туралы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқулық мәтіні мен қосымша ақпаратты пайдаланып, қазіргі заманғы және дәстүрлі ҒТР - дің өнеркәсіпке және ауыл шаруашылығына әсерін анықтау. ҒТР - дің шаруашылық құрылымына ықпалын сипаттау. Қосымша ақпарат көздері арқылы қазіргі заманғы ғылымға негізделген жоғары технологиялық салалармен таныстыру және ҒТР - дің қоғамға тигізетін кері әсерлерін талқылау.
Тәрбиелік: Қазақстандағы ҒТР - дің әр кезеңдегі әсерін және ҒТР - дің зиянды әсерлерін айтып өту.
Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар:
Модульдік оқыту технологиялары
Белгіленген технологияны іске асыру әдістері:
«Заман тынысы»- аптадағы саяси жаңалықтармен танысу;
« Миға шабуыл»- жаңа сабақты түсіндіру кезінде сұрақтар қою арқылы;
Картамен жұмыс бойынша - Дүниежүзінің саяси картасында ҒТРдың үшінші өнеркәсіп революциясы болған елдерді тауып көрсету және «Көлік географиясы» тақырыбы бойынша кескін картадағы тапсырмаларды орындауын тексеру.
«Дебат» - сабақты пысықтау кезінде ҒТРдың жақсы және жаман жақтарын айтып өту.;
«Кестемен жұмыс»- «Адамзат іс - әрекеті мен технологиялық әлеуеттегі жетістіктерінің қысқаша хронологиясы» ( Белгілі фантаст – жазушы ағылшын ғалымы Артур Кларктың жобасы бойынша жинақталған);
Пікірталас: « Келешекті болжау»- Адамзат іс - әрекеті мен технологиялық әлеуеттегі жетістіктерінің қысқаша хронологиясы»;
Пәнішілік байланыс:
ҒТР сипат белгілері. Құрамдас бөліктері.- Дүниежүзінің экономикалык және әлеуметтік географиясы
Пәндер аралық байланыс (қамтитын және қамтылатын пәндер):
қамтитын: Тарих, ғылым және техника,
қамтылатын пәндер: Әскери іс, техника және технология, экономика, саясаттану.
Сабақтың жабдықталуы:
Көрнекті құралдар:
Плакат: ҒТР - дың негізгі белгілері мен құрылымы;
Кесте: ХХ ғасырдағы адамзаттың технологиялық әлеуеттегі жетістіктері
Дүниежүзінің саяси картасы.
Әлемдегi аса iрi ғылым қалалары 1 - кесте
Ғылымды кажет ететiн өнiмдердi сыртқа шығаратын жетекшi елдер 2 - кесте

Үлестірме материалдар:
тарқатпалар.
Техникалық оқу құралдары: Интерактивті тақта, электрондық оқулық. География. Ұлттық информатизация орталығы. 2008. Мультимедия материалдары.
Сабақтың барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі (5 минут): Сәлемдесу, студенттердің және аудиторияның сабаққа дайындығын қадағалау, түгелдеу және кеңіл - күйі, денсаулығымен қызығу және «Заман тынысы» апталық саяси жаңалықтармен танысу.
2 Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау (5 мин):
1. Ғылыми - техникалық революция және дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы.
2. ҒТР құрылымы, құрамдас беліктері, оның негізгі белгілері, ғылыми - өндірістік кешендер.
3. Техника мен технология дамуының эволюциялық және революциялық жолдары.
4. Дүниежүзілік шаруашылық. Үшінші өнеркәсіп революциясының басталуы.
Ғылыми - техникалық революция және дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы туралы білім беру. ҒТР құрылымы, құрамдас бөліктері, оның негізгі белгілері, ғылыми - өндірістік кешендер, ғылыми - техникалық революцияның шаруашылық құрылымына ықпалы, постиндустриялық құрылым ерекшеліктері, дүниежүзілік шаруашылықтың өндірістік саладағы өзгерістері. Ғылым мен техника жетістіктерін пайдалану нәтижесі. Оқулық мәтіні мен қосымша ақпаратты пайдаланып, қазіргі заманғы және дәстүрлі ҒТР - дің өнеркәсіпке және ауылшаруашылығына әсерін анықтау. ҒТР - дің шаруашылық құрылымына ықпалын сипаттау. Қосымша ақпарат көздері арқылы қазіргі заманғы ғылымға негізделген жоғары технологиялық салалармен таныстыру. Қазақстандағы ҒТР - дің әр кезеңдегі әсерін және ҒТР - дің зиянды әсерлерін айтып өту және топтар арасында А, Б командасын түзіп дебат өткізу және оқушының жеке жұмыс істеуіне арналған тапсырмалары бар дәптер 11 - 15 тақырыпты орындау және бағалау 11 бет, 18 - 20 беттерді.
3 Білім деңгейін көрнекілік және оқытудың техникалық құралдарының көмегімен бақылау (25мин):
«Заман тынысы»- аптадағы саяси жаңалықтармен танысу;

Үйге берілген тапсырманы «Көлік географиясы» бөлімі бойынша қорытындылап, студенттердің өзіндік шығармашылық жұмыстарын қорғату.
Оқушының жеке жұмыс істеуіне арналған тапсырмалары бар дәптер 14 тақырыпты орындау және бағалау 15 - 17 бет
4 Оқушыларды бағалау (5 мин):

5 Жаңа тақырыпты түсіндіру (30 минут):

Ғылыми техникалық революцияның дүниежүзілік шаруашылыққа ықпалы. Үшінші өнеркәсіп революциясының басталуы.
1. ҒТР ұғымы.
2. ҒТР - дің сипатты белгілері және құрамдас бөліктері.
3. Техника мен технология дамуының эволюциялық және революциялық жолдары.
4. Өндіріс дамуының негізгі алты бағыты.
5. Кестемен және мәтіндік тестпен жұмыс.
Жеке елдiң ғылыми - техникалык күшi осы салада жұмыс iстейтiндер санымен, ғылыми - зерттеу жұмыстарын жүргiзуге белiнетiн қаржының көлемімен және бұл жұмыстардың тиiмдi ұйымдастырылуымен анықталады. Ғылым мен техника саласында жұмыс iстейтiндер саны жөнiнен дүниежүзiнде экономикалық даму деңгейi жоғары елдер (АҚШ, Жапония және Германия) жетекшi орын алуда. Дамыған елдерде ғылымға маманданған қалалар пайда болды, олардың аса iрiлерiнің керсеткiштерi 13 - шi кестеде берiлген.
Жоғары дамыған елдерде сыртқы сауданың ғылымды кеп қажет ететiн енiмдердiң үлесi жоғары. Ғылымды қажет ететiн өнiмдердiң дүниежүзiлiк нарықтағы көлемi 2300 млрд. долларды (2008 ж.) құрайды. Оның 39%- ы АҚШ, 30%- ы Жапония, 16%- ы Германияға тиесiлi болады. Сонымен мұндай өнімнің 90%- дан астамы жоғары дамыған және жетекшi елдерде өндiрiледi.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
9 066
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
23 сәуір – Дүниежүзілік кітап күні
23 сәуір – Дүниежүзілік кітап күні
23 сәуір - әлем әдебиеті үшін символикалық дата Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күнін бекітуге себеп болды.
Қазақстанның 1965 - 1985 жылдардағы әлеуметтік - экономикалық дамуы. (өнеркәсіп өндірісі 1965 - 70жж)
Қазақстанның 1965 - 1985 жылдардағы әлеуметтік - экономикалық дамуы. (өнеркәсіп өндірісі 1965 - 70жж)
1965 жылғы шаруашылық реформасы Ғылыми - техникалық прогресс Өнеркәсіптің даму қарқыны Шаруашылықтағы дағдарыстың көріністері
Дарынды оқушымен жұмыс жоспары Қазақстан тарихы 9 сынып
Дарынды оқушымен жұмыс жоспары Қазақстан тарихы 9 сынып
Қазақстан тарихы 9 сынып. Дарынды оқушымен жұмыс жоспары
Бірінші дүниежүзілік соғыс
Бірінші дүниежүзілік соғыс
Дүниежүзін бөлісудегі ірі елдердің бәсекелестігі, Германияның өркендеуі және әскери - саяси одақтардың құрылуы, Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы, барысы және аяқталуы туралы баяндау.
Шаруашылықтың құрамы мен құрылымы (күнделікті сабақ жоспары)
Шаруашылықтың құрамы мен құрылымы (күнделікті сабақ жоспары)
Шаруашылық ұғымына анықтама беру. Жоспарлы, нарықтық және аралас экономика ұғымдары туралы түсініктерін қалыптастыру. Қазақстанның шаруашылығына – кәсіпорындары - салалары - салааралық кешендерді сипаттау.
Бірінші дүниежүзілік соғыс
Бірінші дүниежүзілік соғыс
Жамбыл облысы, Шу ауданы, Оразалы батыр ауылы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Қазанатов Естай Тоқтыбайұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×