Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Киелі Күреңбелдің тарихы

12 наурыз 2015, Бейсенбі
Категориясы: География
Байқауы «Менің өлкемнің тарихы»
Номинация: «Туған өлкенің шежіресі»
Зерттеу жұмыстың тақырыбы: «Киелі Күреңбелдің тарихы»

Мазмұны
1. Зерттеуші туралы мәлімет
2. Аннотация
3. Кіріспе
4. Негізгі бөлім
а) Қоғалы ауылының географиялық жағдайы
ә) Қоғалының тарихи жағдайы
б) Жаугершілік кезіндегі Күреңбел
в) Ресей, Украин, Белорусиядан қоныс аударушылар
г) Жаңа экономикалық саясат кезіндегі Қоғалы
д) Ұжымдастыру саясаты және ашаршылық кезеңі
ж) Ұлы Отан соғысындағы Қоғалы халқының ерлігі
5. Қорытынды
6. Қолданылған әдебиет тізімі

Кіріспе
Мен Жетісудің Күреңбел деген өлкесінің тумасымын. Өзімнің туып өскен ауылым, кіндік қаным тамған жерім - Қоғалы жүрегіме тым жақын, оттай ыстық көрінеді.
Қазақстанның әр аймағында туып - өскен туыстарымның айтуынша біздің Қоғалы нағыз жер жәннаты, себебі, Асанқайғы атамыз Жетісуды көргенде: «Мынау Жетісудың ағашының әр бұтағы жеміс екен, шаруаға жайлы қоныс екен» - демекші. 1964 - 1997 жылдары Кеңес өкіметі кезінде бұл өңірде бүкіл Қазақстанға белгілі картоп өсіретін Қоғалы кеңшарының орталығы болған. Картоптың арқасында ашаршылық кезінде көп адам аштықтан аман қалған. Ұлы Отан соғысы кезінде жеңіске аудандастарымыз зор үлесің қосқан. Биыл Ұлы Отан соғысындағы кеңес халқының Жеңісіне 70 жыл болады олардың данқың жаңғырту қажет – ол біздің міндетіміз. Кеңес дәуірі кезіндегі Қоғалы өңірі дүркіреп бағы өрлеп тұрған еді. Ол кезде Гвардия ауданының орталығы болған, тіршілік қызып қайнаған кезең. 1997 жылы аудан орталығы Сарыөзек кентіне көшіргеннен кейін, біздің ауылдың көрінісі көзді қуандырмайды, оның себебі: жастар ауылдан қалаға жұмыс іздеумен ағылуда, екі қолға бір күрек жоқ, тепсе темір үзетін ер азаматтарға жолаушыларды тасымалдаудан басқа кәсіп жоқ. Жұмыссыздық – ол осы өңірдің өзекті мәселесі. Сондықтан менің қалауым – Қоғалыда өсірілетін картопты, бидайды, етті, теріні, жүнді өндейтін кәсіпорындар ашылса, Сарыөзек – Қоғалы автотрассасы күрделі жаңғырудан өтсе, ауылда автобекеті салынса, жұмыс орындары ашылса, менің ауылым гүлденіп кетеді. Бұл мекен оған лайықты деп санаймын. Төмендегі зерттеу жұмысы оған дәлел болуына күмәнім жоқ.

Негізгі бөлім.
Қоғалы ауылының географиялық жағдайы.

Қоғалы - Алтынемел жотасы мен Бұрымбай таулар арасындағы, Қоғалы өзенінің бойындағы аңғар. Биіктігі 1100метр шамасындағы солтүстік - шығысы және оңтүстік амфитеатр тәрізді тау етегі төбешіктерімен қоршалған, ал батысында Быжы өзеніне қарай біртұтас, еңіс жазыққа айналады, аңғарды Қоғалы және Быжы өзенінің көптеген салалары кесіп өтеді. Палеозой эрасының герцин тау жасалу кезеңінде пайда болған. Аңғардың төмен жатқан бөліктері саз, саздақ және құмнан тұратын аллювилік шөгінділерден, ал шеткі төбешіктері төрттік конгломераттардан бастап шақпақтасты, қайрақтасты, ғанышты лес тәрізді жабындылармен қапталған. Климаты жөнінде қоңыржай белдеудің тұран континентальдік облысына кіреді, вертикаль белдеулікке бағынады. Жауын - шанының жылдық мөлшері 330 - 590мм.
Қаңтардың орташа температурасы 8 - 120С. Булану көрсеткіші жауын - шашын мөлшерінен жоғары. Топырағының жамылғысы қызыл қоңыр, ал өзен бойында қордалы қара. Өзен бойында шалғын, ал тау беткейлері және жазықтарында жусанды - бетегелді, бетегелі - селеулі, өсімдіктер өседі. Жемісті бұталар мен сирек өсетін ұсақ жапырақты ағаштар да кездеседі.
Қоғалы артезианды алабы - Қоғалы ойпатындағы шағын артезианды алаптарының бірі. Жерасты сулары негізенен төменгі төрттік аллювиальды - пролювиальды түзілімдерге шоғырланған. Сулы қабат ойпаттың орта шеңінде 2метр, оны қоршаған тау етектерінде 50 метр терендікте. Бұл беткей сулары Кескентерек және Быжы өзен бойымен
солтүстік - батыс бағытта жылжитын грунттық ағымды құрайды. Сулы қабаттың көшпелілігі жер бедерінің өзгешеліктеріне байланысты 3м - ден 50 - 70метрге дейін өзгереді, алаптың орта тұсында - Холмогоркасының маңында 100метр жетеді. Жер асты суларының тау етектеріндегі шығымды \дебиті\ \10 - 15литр\ секундына, кейде 20 литр секундына, орталық және батыс бөліктерінде 1 литр секундке дейін азаяды. Суының минералдығы 0, 5г\л, химиялық құрамы жағынан гидрокарбонатты магнийлі - кальцийлі немесе аралас суларға жатады.
Қоғалы Кербұлақ ауданындағы ауыл, өзімен аттас ауылдық әкімшілік округ орталығы. Аудан орталығы - Сарыөзек кентінен шығысқа қарай 72км жерде, Қотырқайың және Алтынемел жоталары аралығындағы тауаралық аңғарда, Быжы өзенінің саласы - Қоғалы өзен жағалауындағы жусан, көде, көкпек, боз, бетеге, т. б. шөптесін өсімдіктер өседі. Қоғалы ауылдық округі әкімшілігінің жер көлемі - 39781га. Округ аумағында 5 елді мекен бар, олар: Қоғалы ауылы, Шаған ауылы, Тастыөзек ауылы, Күреңбел ауылы, Көкбастау ауылы. Жалпы халық саны 5600 адам (2012). Округ аумағында ұлттың құрамы төмендегідей: қазақтар – 3800 адам, орыстар – 1050адам, басқа ұлттар 750. Ұлттар құрамы барлығы 13 қазақтар, орыстар, украиндер, белорустар, татарлар, дүнгендер, шешендер, өзбектер, кәрістер, немістер, ұйғырлар, бурят және қырғыздар. Ауылдың тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолдары арқылы қатынасады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 757
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дарынды оқушымен жұмыс жоспары Қазақстан тарихы 9 сынып
Дарынды оқушымен жұмыс жоспары Қазақстан тарихы 9 сынып
Қазақстан тарихы 9 сынып. Дарынды оқушымен жұмыс жоспары
Ынтымағы жарасқан Ақмаяға 80 жыл
Ынтымағы жарасқан Ақмаяға 80 жыл
Мен, Ақмая ауылында туып өстім. Осы ауылдағы Ақмая орта мектебінің 4 «Б» - сыныбында оқимын. Ауылым деп соққан балалық балғын жүрегім мені ауылымның тарихын білу үшін алдымен өзімнің туған жерімнің тарихын білуім қажет деп ойлаймын
Жүрегімде қалар мәңгі есімің
Жүрегімде қалар мәңгі есімің
Қарағанды облысында орналасқан керемет, көркем Сәтбаев қаласын дәріптеу
Мақтарал ауданына 85 жыл «Мақтарал мақтаныштары»
Мақтарал ауданына 85 жыл «Мақтарал мақтаныштары»
Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал ауданы, Т. Аубакиров жалпы орта мектебі тарих пәні мұғалімі Алибекова Тәрбие Қантұрғанқызы
Қазақстаным
Қазақстаным
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Жалау Мыңбаев орта мектебінің 11 - сынып оқушысы Балибаева Шынар
Қазақ күйлері мен күйшілері
Қазақ күйлері мен күйшілері
Күй - бұл қазақтың көне заманнан бүгінгі күнге дейін жеткен ең киелі де қастерлі өнері. Ұлы күйшілер: Қорқыт, Асанқайғы, Қазтуған, Құрманғазы, Дина.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×