Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жер беті суларын қорғау

20 наурыз 2015, Жұма
Категориясы: География
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы,
Оймауыт ауылы. С. Жиенбаев атындағы орта мектебі

Сабақтың тақырыбы: Жер беті суларын қорғау

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға жер беті суларын қорғау шаралары, оларды ластаушылар туралы мәлімет беру.
Дамытушылық: Оқушылар бойында білім қалыптастыру, өз беттерінше ойлап, шешім қабылдай білу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды білімділікке, жан – жақтылыққа жер беті суларын қорғай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, ауызша баяндау, тапсырмалар орындау.
Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, слайдтар.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Класс оқушыларын түгендеу, сабаққа дайындықтарын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасы.
§ 46, 47. Жер асты суы. Мұздықтар және олардың маңызы.

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау.
1. Шығу тегі жөнінен жер асты суларының қандай түрлері бар?
2. Су өткізгіш қабат деп нені айтамыз?
3. Су өткізбейтін қабат қандай тау жыныстарынан тұрады?
4. Еспе су деген не?
5. Минералды су дегеніміз не?
6. Қар жиегі деген не?
7. Айсбергтер қалай пайда болады?
8. Қазақстандағы ең ірі тау мұздығы қалай аталады және ол қайда орналасқан?
9. Гидросфера деп нені айтады?
10. Дүниежүзілік су айналымы дегеніміз не?

ІV. Ой шақыру.
Оқушылар жалпы жер беті суларына нелерді жатқызамыз?

V. Жаңа сабақты меңгерту.

Cудың бүкіл жер бетінде өтіп жататын құбылыстарда атқаратын қызметі ерекше және адамзат тіршілігіндегі маңызы өте зор. Су туралы мақал – мәтелдер барлық халықтар тілінде бар. Олар әр тілде әр түрлі айтылғанымен, бәрінің мағынасы «сусыз тіршілік жоқ» деген ұғымға саяды.
Сонымен, балалар, суды қорғай білу – оны дұрыс пайдалану екендігін түсіндіңдер. Адамдар өз мұқтаждықтарына суды тиімді пайдалану үшін ерте кезден – ақ каналдар салынған.
Канал дегеніміз – жасанды өзен.

Адамның қолымен жасалған арнаға өзен немесе көл суы жіберіледі. Канал арқылы бір өзен мен екінші өзен жүйесі жалғасып, қолайлы су жолдары пайда болады, сумен жабдықтау жақсарады. Осы айтылғанға Ертіс – Қарағанды каналы мысал бола алады. Оның ұзындығы 500 км, ені 40 м, ал тереңдігі 5 – 7м.

Көптеген өзендер бір маусымда арнасынан шығып тасыса, келесі маусымда тайыздап қалады. Өзен суын реттеп, түрлі мақсаттарға пайдалану үшін адамдар қолдан бөген жасайды.
Бөген дегеніміз – жасанды су қоймасы. Бөгендер халықты, өнеркәсіп орындарын, ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз етеді Бөгенге жиналған су СЭС – тердің турбиналарын айналдырады.

Жер бетіндегі суды ысыраппен пайдалану ауыр зардаптарға әкеп соқтырады. Мысалы, Әмудария мен Сырдарияның өзендерінің суын шаруашылық мақсаттарға ұқыпсыздықпен пайдалану салдары Арал теңізінің тартылуына әкеп соқтырды. Ұқыпсыз пайдалану барысында таза су құрамында зиянды, тіпті улы заттар кездесе - тін лас суға айналады. Осы су өзендерге, көлдерге, теңіздерге, мұхиттарға қосылып, оларды ластайды.
Адамдардың кәсіптік әрекетінің және тұрмысқа пайдалануының әсерінен су құрамының және қасиеттерінің өзгеріске ұшырауын, яғни су көзінің пайдалануға жарамсыз болып қалуын судың ластануы деп атайды.

Өзендер мен көлдерді ластанудан сақтау үшін не істеу керек? Ластанған суды өзендер мен көлдерге ағызбастан бұрын жақсылап тазарту керек. Ол үшін арнаулы орындарда суды сүзеді, тұндырады және басқа да әдістермен тазалайды.

Суды тыңайтқыш, пестицидтермен ластанудан қорғау үшін тыңайтқышты әрбір өсімдіктің қажетіне қарай қосу мөлшерін сақтаған дұрыс. Пестицидтерді тек зиянкестермен күшті залалданған жағдайда ғана қолдану қажет.
Республикалық “Су заңында” әрбір өзен немесе көл жағалауында су қорғау белдемдерінің болуы керек екендігі айтылған. Бұл аймақта шаруашылық қызметі қатаң тежеледі. Яғни мал шаруашылық кешендерін салуға, қара малдың жазғы жайылымына пайдалануға, өнеркәсіп қалдықтарын сақтауға, қоқыстарды тастауғатыйым салынған.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының География институты Нұра, Ертіс өзендерінде судың құрамын зерттеген. Содан олардағы сынап, қорғасын, мырыш секілді қатерлі ауыр металдар мөлшері қалыптан ондаған есе асып түсетіні белгілі болды. Сондықтан бұл өңірлерде неше түрлі аурулар көбейіп кетті.

VI. Сергіту сәті.
Электронды оқулықтан тапсырма орындау.

VII. Бекіту сұрақтары
Судың ластануы деп нені түсінеміз?
Өзендер, көлдер, мұхиттар неліктен ластанады?
Суды адамдар шаруашылықтың қандай салаларында көптеп пайдаланады?
Каналдар мен бөгендер не үшін жасалады?

VIII. «Гидросфера» сөзжұмбағын шешу.
ІХ. «Кім тапқыр» ойыны.
Берілген сөздердегі әріптердің орнын ауыстыру арқылы өзен, көлдердің аттарын табу.
Х. Семантикалық карта толтыру.
ХІ. Бағалау
9 756
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тік призма, параллелепипед
Тік призма, параллелепипед
Призма анықтамасын, қырлары, жақтары, төбесі, табан анықтамасын, бүйір беті, толық беті аудандарының формулаларын білу, есептер шығаруда қолдану.
Жауын - шашын. Суды қорғау
Жауын - шашын. Суды қорғау
Жауын - шашын және оның түрлері туралы түсініктерін қалыптастыру; жауын - шашынның пайда болуы туралы түсіндіру.
География тақырыптық - күнтізбелік жоспар 6 - сынып
География тақырыптық - күнтізбелік жоспар 6 - сынып
География тақырыптық - күнтізбелік жоспар 6 - сынып (барлығы 68 сағат, аптасына 2 сағаттан)
Су қоймаларын қорғау
Су қоймаларын қорғау
Су қоймаларын қорғау туралы толық мағлұмат беру, өз білімін жетілдіре түсуге машықтандыру.
Мұнай эмульсияларының түзілуі
Мұнай эмульсияларының түзілуі
Қызылорда көпсалалы - гуманитарлық техникалық колледжі оқытушы А. М. Джусупова
Жер асты суы. Құдық
Жер асты суы. Құдық
Қостанай облысы, Рудный қаласы, №19 орта мектебі ММ бастауыш сынып мұғалімі Дангилова Айгүл Бақытжанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×