Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


География шыңы

16 мам 2015, Сенбі
Категориясы: География
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,
Жаңақорған аграрлық – технологиялық коледжінің
тарих - география пәнінің мұғалімі Ибадуллаев Махамбетхали

Тақырыбы: География шыңы
Мақсаты: Геогрaфия сaбaғындa оқушылaрдың тaпқырлығын, aлғырлығын aнықтау, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Оқушыларды топпен жұмыс жaсaуға үйрету aрқылы өз бетінше іздену қабілетін дамыту
Түрі: Сaйыс сaбaқ.

Бұл «Геогрaфия шыңы» сaйысының бaсты ережесі - студенттердің қимылының жылдaмдығын, ойының ұшқырлығын тaлaп етеді. Ендеше бүгінгі интеллектуалдық ойынымызды бaстаймыз.
I - тур
Тек қана бір елмен шектесетін елдер
Лесото, Ватикан және Сан - Марино елдері бір ғана елмен шектеседі. Лесотоны толығымен ЮАР қоршайды, ал Ватикан мен Сан - Мaриноны толығымен Италия қоршап жатыр.
Ең ұзын географиялық атаулар

«Taumatawhakatangihangak oauauotamateaturipukaka pikimaungahoronukupokaiwhe nua kitanatahu» - Жаңа Зеландиядағы дөң атауы ең ұзын географиялық атау болып Гиннес Рекордтар кітабына кірген болатын. 84 әріптен тұратын бұл атау маори тілінен аударғанда «Үлкен тізелі еркек Таметеяның сүйіктісіне флейтада ойнап отырып, тайып кетіп, тұрып, тауды асап, тау кеміргіш аталған орын» дегенді білдіреді екен.
Осы атау ең ұзын болып есептеліп келген еді. Алайда кейін одан да ұзын георграфиялық атау бар екені анықталды. «Krung thep mahanakhon bovorn ratanakosin mahintharayutthaya mahadilok pop noparatratchathani burirom udomratchanivetmahasathan amornpiman avatarnsathit sakkathattiya visnukarmprasit», 163 әріптен тұратын бұл сөйлем Таиланд астанасы Бангкоктың поэтикалық атауы болып табылады.
Ең суық және ең жылы теңіз.
Ресейдегі Ақ теңіздің су температурасы ең төмен, бар - жоғы - 2 °C - ке тең. Персид шығанағы ең жылы теңіз болып саналады. Жазда су температурасы 35, 6 °C - қа дейін барады.
Сан - Марино – әлемдегі ең ежелгі конституциондық мемлекет болып саналады.
Сан - Марино елін 301 жылы Диоклетиан императорынан қашып жүрген тас қалаушысы құрған. Сан - Марино конституциясы 1600 жылы қабылданып, әлемдегі қабылданған ең бірінші конституция болып саналады.
Адамзат қазған ең терең ойық.

Адамзат қазған ең терең ойық Ресейдегі Коль асатерең саңылауы болып саналады. Ол 12 262 метрді құрап, ғылыми жұмыстарға қазылған болатын. Мұның салдарына біраз ғылыми жаңалықтар жасалған екен.

ІІ тур.
Ережесіне тоқталсам, Сіздердің алдарыңызда 4 сұрақ жасырулы. Екі топ сұрақты кезекпен таңдайды. Әр сұраққа 500 ұпай. Бірінші топ білмесе, екінші топ жауап береді. Екі топта білмесе 3 көмек беріледі. Әр көмек сайын 500 ұпайдан 100 ұпай азайтылып отырады.
І сұрақ:
Шыңғыс ханның алтын ерінің құрметіне қойылған жер қалай аталады? (500 ұпай. Алтынемел)
1 көмек: Алматы облысы, Кербұлақ ауданында орналасқан (400 ұпай)
2 көмек: Ғалым Шоқан Уалихановтың зираты осы жерде (300 ұпай)
3 көмек: Дәл осы мекенде 1996 жылы ұлттық саябақ ашылған (200 ұпай)

ІІ сұрақ:
Дала зонасы саванналардан оңтүстікке қарай субтропиктік далалар көсіліп жатыр. Мұны оңтүстік Америкада не деп атайды?(500 ұпай. Пампа)
1 көмек: Бұл үндіс тілінен аударғанда «ағаштары жоқ кеңістік» дегенді білдіреді.. Бұнда құнарлы ферралит топырағы түзілген.(400 ұпай)
2 көмек: Дала өсімдіктерінен – шөптер, олардың ішінде - бетеге өседі.(300 ұпай)
3 көмек: Жазық кеңістігіне жүйрік жануарлар тән. Құстардан - нанду түйе құсы кездеседі.(200 ұпай)

ІІІ сұрақ:
Батыс Қазақстан облысындағы Ақсоғым ауылының шығыс жағындағы үлкен көл. Ауылдан 25 - 30 шақырымдай жерде. Көл айналасында қамыс көп. Көл балыққа бай. Бұл қандай көл?(500 ұпай. Шалқар)
1 көмек: Құстардан бірқазан, аққу, қаз, үйректер өте көп.(400 ұпай)
2 көмек: Бұл көл Батыс Қазақстандағы ең ірі көл. Тереңдігі 18 метр(300 ұпай)
3 көмек: Көлге шығыс беттен Есен Аққаты, Шолақ Аққаты өзендері құяды.(200 ұпай)

IV сұрақ:
Бұл көл Батыс және шығыс боп бөлінеді. Батыс жағы кең және таяз. Шығыс жағы енсіз және салыстырмалы терең. Климаттың континенттілігіне байланысты көл суының температурасы қыста төмен, жазда жоғары болып келеді. Бұл анықтама қай көлге тән?(500 ұпай, Балқаш)
1 көмек: Бұл көлде кәсіптік маңызы бар балықтардың 20 - дан астам түрі бар. Сонымен қатар терісі бағалы – ондатр жерсіндірілген.(400 ұпай)
2 көмек: Бұл көлге қазақтың ұлы ғалымы Ш. Уалиханов былай анықтама берген: «Бұл көл биік жар қабақты помозый жыныстарынан түзілген. Оңтүстік Шығыс жағалауы көтеріңкі. Бұл жағалауда қамыс көп өскен.(300 ұпай)
3 көмек: Бұл Қазақстан аумағына кіретін көл. Бұл көлге Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі құяды(200 ұпай)

ІII тур.
Бұл турдың ережесі. Бұл турда да 4 тапсырма болады. Оның екеуі анаграмма, екеуі математикалық есеп. Бірақ бұл 4 тапсырма екеуі ғана орындалады. Яғни әр топ бір сұрақтан ғана таңдайды. Ұпайды өздері жасырын түрде таңдап, үстел шетіне қоясыздар. Егер сұраққа дұрыс жауап бермесеңіздер жасырған ұпайларыңыз шегеріледі. Сұрақты екі топ кезекпен таңдайды. Бірақ тапсырма берілгенде екі топта қатар ойланып, қағазға жауаптарын жазып көрсетеді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 321
0
  • 20
1 дауыс


Жаңалықтар
Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР география 8 сынып
Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР география 8 сынып
Әдістемелік ұсыныстар 8-сынып «География» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Африканың физикалық-географиялық орны, мұхиттары, зерттелу тарихы
Африканың физикалық-географиялық орны, мұхиттары, зерттелу тарихы
Африканың физикалық - географиялық орны, мұхиттары, зерттелу тарихы
Аустралияның географиялық орны, жер бедері
Аустралияның географиялық орны, жер бедері
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, “Абай атындағы орта мектебі” ММ география пәнінің мұғалімі Спанова Маржан
Ұлы Отан соғысының басталғанына - 70 жыл
Ұлы Отан соғысының басталғанына - 70 жыл
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған аграрлық - технологиялық коледжінің тарих - география пәнінің мұғалімі Ибадуллаев Махамбетхали
Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл
Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған аграрлық – технологиялық коледжінің тарих - география пәнінің мұғалімі Ибадуллаев Махамбетхали
Материк жағалауындағы мұхиттар. Ашылуы және зерттелу тарихы
Материк жағалауындағы мұхиттар. Ашылуы және зерттелу тарихы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің география пәні мұғалімі Ысқақ Есенкелді
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×