Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Интеллектуалды сайыс

21 шілде 2015, Сейсенбі
Категориясы: География
Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы,
Жанай ауылы " Жанай орта мектеп - бақша" КММ
география - биология пәндері мұғалімі
Агимбекова Базаргүл Алтынбекқызы

Тақырыбы: «Интеллектуалды сайыс»
Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын, ізденушілік қабілеттерін, іскерлік дағдыларын дамыту.
Әділқазылар алқасын сайлау: Мектеп директоры: Сәуле Сембайқызы, Оқу ісінің меңгерушісі: Арайгүл Санқайбайқызы, математика пәні мұғалімі: Тұрған Жақыпқызы

“Тек сәттілік, қатысыңдар сайысқа,
Мықты болсаң, қабырғаңмен қайыспа.
Оқу керек, білім керек қашанда.
Ол болмаса, сайыс деген сайыс па?” –

дей отырып сайысымызды бастаймыз. Сайыстың шарттары:
I кезең”Кел танысайық”
II кезең. “Кім жылдам?”
III кезең. а) ”Географиялық пошта” ә) “Ойлы болсаң озып көр” ( жұмбақтар)
IV кезең.”Жанды сұрақ”( видео сұрақ).
V кезең. “Ситуациялық сұрақтар”
VI кезең. “Адасқан нысандар”
VII кезең. “Неге және не үшін”ойыны.
VIII. Қорытынды.
I кезеңде Әр топ басшылары өздерінің төсбелгілерімен, топ атымен, ұранымен таныстырады. Таныстыруға ие болған топқа ұпай беріледі.
II кезеңде “Кім жылдам?” Оң жақта тақырыптар беріледі, әр тақырыпта 4 ұяшық бар. Әр ұяшықтың сұрақтарына дұрыс жауап берілсе, ұпай қосылады.

Материктер мен мұхиттар 10 20 30 40
Ең... ең... ең... 10 20 30 40
Флора 10 20 30 40
Фауна 10 20 30 40

Материктер мен мұхиттар

10 – Қай материкте өзен жоқ (Антарктида)
20 – Ежелгі біртұтас материк (Пангея)
30 – Мұхит суының орташа тұздылығы қанша ‰- ге тең (35)
40 – Мұхит суы неше градуста қатады? (- 2)

Ең... ең... ең...
10 - Ең ұзын өзен (Ніл)
20 - Ең тұзды теңіз (Қызыл)
30 – Ең кішкентай құс (колибри)
40 – Ең ірі сүтқоректі (көк кит)

Флора.
10 – Сүйекті шырынды жемістер ( өрік, шие, шабдалы т. б)
20 – Ашық тұқымды бірүйлі өсімдік( қарағай)
30 – Ағаш діңдерінде және топырақта өсетін бір жасушалы балдыр (хлорокок)
40 – Картоптың жемісі (жидек)

Фауна.
10 – Каспий теңізінің бағалы балығы( бекіре)
20 – Үстірт қорығында жерсіндірілген жабайы... (муфлон)
30 – Қазақстанда салмағы 16 килограммға жететін ірі құс (дуадақ)
40 – Ең ақылды маймыл (шимпанзе)

III кезең «Географиялық пошта» ойыны.
Топ басшыларының алдына сандықша қойылады, сандықшада жемістер жасырылған. Әр топ басшы алған жемісі туралы жалпы мағлұмат береді.
( жемістің өсетін жері, келу тарихы, пайдасы),
3 минут уақыт беріледі. Топ басшылары ойланып болғанша әр топтағы сайыскерлерге “

Ойлы болсаң озып көр” пәндерге қатысты жұмбақтар шешіледі.
1. Қанатсыз құс маңып барады,
Көзінен жас тамып барады. (бұлт)

2. Теңіздің ортасында
тұруға қорқасың ба? (арал)

3. Соғады күні - түні алмай тыным,
Құлайды ол тоқтаса таудай тілім. (жүрек)

4. Салынған көпір керемет,
Қызығушы өте көп.
Ал бірақ та не керек,
Кісі өтетін жолы жоқ. (күншуақ)

5. Екі асыл нүкте, соқтырмайды түкке. (көз)

6. Кемеңгер жол нұсқаған ақыл тауып,
Үстінде алтын түкті қалың сауыт.
Шықпайды “ ордасынан” қадам аттап,
Екеуі тұр қарауылдап, екеуі тыңдап,
Үшеуі жүр тамақ беріп, дәмін сынға ап.
Екеуі өзен жуындысын кетеді алып,
Өзімен бірге ағызып, терең шыңға ап. (ми, ми сауыты, 2 көз, құлақ, қол, тіл, танау тесіктері)

IV кезең. Жанды сұрақ (Видеосұрақ)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
5 844
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Білім - жанып тұрған шырақ
Білім - жанып тұрған шырақ
Біз бүгін өздеріңіздің есте сақтау қабілеттеріңді байқау мақсатында. ой – өрістеріңіздің қаншалықты кеңейгендіктерін бақылай отырып, «Білім жанып тұрған шырақ» атты сайысымызды бастаймыз.
"Дарабоз" спорттық сайыс
"Дарабоз" спорттық сайыс
Тақырыбы: «Дарабоз» спорттық сайыс
Биология әлеміне саяхат (интеллектуалды ойын)
Биология әлеміне саяхат (интеллектуалды ойын)
Қызылорда қаласы, № 172 орта мектептің биология пәні мұғалімі Ташпенова Ұлжан
Тапқыр достар (сайыс 1 сынып)
Тапқыр достар (сайыс 1 сынып)
Сайыс 6 кезеңнен тұрады, әр кезеңнің тапсырмасы 10 ұпаймен бағаланады
Спорттық сайыс-дода.
Спорттық сайыс-дода.
ШҚО, Аягөз қаласы, №3 жалпы орта білім беретін мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Оразбекова Гулжамал Букеевна
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы № 6 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жолдасова Айкенже Жалмағанбетқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×