Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Аустралияның табиғат зоналары

03 қараша 2015, Сейсенбі
Категориясы: География
Астана қаласы,
№68 орта мектептің география пәні мұғалімі:
Сеил Кәмшат Елтайқызы

Сабақтың тақырыбы: Аустралияның табиғат зоналары
Жалпы мақсаты: Оқушылардың өз бетінше білім алуына жағдай туғызу арқылы Аустралияның табиғат зоналары туралы білімдерін кеңейту және іздемпаздықпен жұмыс істеу қабілеттері мен өзара пікір алмасу дағдыларын дамыту, топпен жұмыс істеуге, сыйластыққа тәрбиелеу;
міндеті: Аустралияның табиғат зоналары таралуының әркелкілігін анықтау мақсатында картамен жұмыс жасау. Материктің өсімдіктері мен жануарларының ерекшеліктерін анықтау;
Сабақ түрі Жаңа сабақ
Көрнекілік Атлас, презентация, стикер,
Түйінді идеялар: Аустралия - үлкен қазына, үлкен қорық. Өсімдік, жануарлар дүниесі алуан түрлі. Басқа материктерде құрып кеткен, тек Аустралияда сақталған эндемик өсімдіктер мен жануарлар бар.
Аустралия Одағының мемлекеттік елтаңбасында эму түйеқұсы мен кенгуру бейнеленген. Аустралияда қорғауға арналған кешендер саны мыңнан асады. Соның ішінде Улуру, Үлкен Тосқауыл рифі, Какаду тәрізді ұлттық парктер дүние жүзіне әйгілі.

Сабақ кезеңдері
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. Көшбасшылық
• Психологиялық ахуал
• Оқушылардың түсті қағаздар арқылы топқа бөлу
• Бағалау парақтарын үлестіру.
Теория бойынша: «Білу» (тақырып мазмұны бойынша Кім? Не? Қандай? Қалай? Нені? Қашан? Не істеді? деген сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктеу)
Географиялық диктант (жеке жұмыс)
1. Йорк 2. Гондвана 3. Шілде 4. Қаңтар 5. Муррей 6. Эйр 7. Тропик 8. Крик

Сұрақ жауап
1. Аустралияның ең үлкен өзені?
2. Кеуіп қалған өзен арнасы қалай аталады?
3. Аустралияның ең суық айы?
4. Аустралияның ең көп бөлігін қандай климаттық белдеу алып жатыр?
5. Аустралияның ең ірі көлі?
6. Аустралия ежелгі қай материктің құрамында болған
7. Аустралияның ең жылы айы?
8. Материктің солтүстік шеткі нүктесі

Бейнеролик көру: «Аустралия жануарлары»
Теория бойынша:
«Түсіну» (Неге? неліктен? себебі? не үшін?)

Себебін анықтаңдар: (сұрақ - жауап) топтық жұмыс
1. Не себепті Аустралия материгіндегі жануарлар басқа материктерге қарағанда өзгеше?
2. Материктің басым бөлігінің шөл, шөлейтті зонада орналасуының себебі неде?
3. Суккуленнті өсімдіктер неге «көгілдір бұталар» деп аталады?
4. Налларборда үңгірлердің болуын немен байланыстырасыңдар?

Теория бойынша: «Талдау» Салыстыру
Топтық жұмыс
1 - топ Тропиктік шөл зонасы
2 - топ Саванналар мен сирек ормандар
3 - топ «Салыстыру» Ормандар (ылғалды тропиктік ормандар, ылғалды субтропиктік ормандар)
4 - топ Ғаламтор көздерін пайдалана отырып, материктің эндемик жануарлары туралы қызықты мәлімет жинау;

Теория бойынша:
«Жинақтау» Тақырыптың басты идеясын көрсету;
Қорытынды шығару, тірек сызба 1. Тапсырма
«Табиғат зоналарының ерекшеліктеріне байланысты топтастыру»
Ылғал мөлшері көбірек сақталатын астық тұқымдас шөптесін өсімдіктер өседі, Налларбор шөлі орналасқан, «вилли - вилли» деп аталатын шаңды дауыл болып тұрады, сұр кенгуру, вомбат, жабайы ит динго мекендейді, қызыл – қоңыр топырақты, ехидна, қолтырауын, үйректұмсықтар, эвкалипт ағаштары өседі, субэкваторлық белдеуде орналасқан, Үлкен Суайрық жотасының шығыс беткейін алып жатыр, қызғылт сары ферралитті топырақ, ағаш тәрізді папоротниктер, қол шатыр тәрізді эвкалипттер өседі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 687
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Бесінші континенттің қазынасы
Бесінші континенттің қазынасы
Аустралия материгі Жер шарындағы ең кішкентай материк. Оның ауданы – 7, 6 млн км2. Ауданның кішілігіне қарап оны кейде «материк - арал» деп атайды. Шындығында да, Аустралия Еуразия материгінен 7 еседей кіші.
Аустралия
Аустралия
Аустралияның географиялық орнының ерекшеліктерін, жер бетінің сипатын, табиғатын түсіндіріп, оның тарихын, экономикалық, экологиялық жағдайлары туралы білімдерін толықтыру.
Қазақстан аумағында атмосфералық жауын-шашынның таралуы
Қазақстан аумағында атмосфералық жауын-шашынның таралуы
Қазақстанда жауын-шашынның таралуының әркелкілігін картамен жұмыс жасау. Ылғалдану коэффициенті туралы ұғымын қалыптастырып, географиялық есеп шығарту;
Еуразияның табиғат зоналары
Еуразияның табиғат зоналары
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №11 орта мектептің география пәні мұғалімі Толегенова Жазира
Кембридж бағдарламасы бойынша географиядан сабақ жоспарлары
Кембридж бағдарламасы бойынша географиядан сабақ жоспарлары
Орал қаласы, №41 жаратылыстану - математика бағытындағы мектеп - лицейінің география пәні мұғалімі Адиева Лаура Самиголлиевна
Аустралия Одағы
Аустралия Одағы
Сабақтың мақсаты: 1) Білімділік: Аустралия Одағы туралы жалпы мәлімет алу және елдің шаруашылығының ерекшеліктерімен танысу; 2) Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген танымдық қызығушылығын арттыру, берілген тақырып бойынша оқушылардың жан-жақтылығын
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×