Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің елім (танымдық сайыс)

28 қараша 2015, Сенбі
Категориясы: География
Қарағанды облысы,
"Балқаш қаласы, Абай атындағы №2 лицей" КММ
география пәні мұғалімі Жақсыгелдина Шамшат Тилековна.

Тақырыбы:«Менің елім» (этногеграфиялық зияткерлік, танымдық сайыс)
Мақсаты: Оқушылардың өздерінің ата жұрты, мекені, отаны – Қазақстан туралы алған білімдерін сарапқа салып талдауға, өз елін, жерін қорғай білуге, табиғат байлықтарды көздің қарашығындай сақтауға және топтық жұмыс барысында ұйымшылдыққа, еркіндікке, ізденімпаздыққа баулу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірме қағаздар, қамшы, киіз үй, домбыра
Мұғалім сөзі: «Өз елін, өзінің кіндік кескен туған жерін, ана сүтімен дарыған туған тілін түсінбейтін адам жоқ. Біздің туған еліміз – Қазақстан! Даласы қара көз жетпейтін кең, таулары айбатты, халқы мерейлі ғажайып өлке», Қазақстан елінде тұратын әрбір азамат Елбасының осы сөзін жүрегінің терең түкпірінде қашанда есінде ұстауы керек. Биылғы жылдың мерейі аса зор ұлы мерекелерінің бірі Қазақ хандығының құрылғанына жыл толуы, олай болса бүгінгі өткелі тұрған «Менің елім» атты этногеографиялық зияткерлік сайысы осы ұлы мерекеге арналып отыр. Бүгінгі сайыстың жүргізушілері: 9 А сынып оқушылары қалалық тарих пәнінің олимпиада жеңімпазы Сатибек Ш және география пәнінің облыстық ғылыми жоба жеңімпазы Карибаева А.
Жүргізуші:
Армысыздар қадірлі мұғалімдер, оқушылар! Біздің «Менің елім»» атты этногеографиялық - танымдық сайысына қош келдіңіздер!
Жүргізуші:
Кіндік қаның тамып, туып - өскен мекеніңді, табаның тиіп тұрған топырақты бәрінен артық көруге хақылысың. Туған жердің бір түйір тасы жаттың ат басындай алтынынан қымбат емес пе? Дулығалы ата - бабаларымыз кең даласын, асқар тауын, сарқырап аққан көк өзенін қорғап, мақтан еткен, бізге мұраға қалдырған. Қазіргі тарихи шақта, тәуелсіздік кеңістігінде күндей жарқырап отаншылдық рух пен туған жерге деген махаббат сәуле шашып тұруы керек. Әр қазақстандық өз елінің картасына көз салып, байтақ өлкесін, туған жерін мақтан тұтуға тиісті.
Жүргізуші:
Сан ғасырлар тарихынан кешегі,
туған жердің шежіресі өседі.
Менің елім, Қазақстан – Отаным
болашағы бізбен бірге өседі.
- деп ХХІ ғасырдың талантты жастарын, бүгінгі сайысымызға қатысқалы отырған – 8 А, Б, В сынып оқушыларының топтарын ортаға шақырамыз:
І топ – «Хан тәңірі»тобы. Топ басшысы - Байтурханова Г
ІІ топ –«Көкшетау» тобы. Топ басшысы – Соватова Э
ІІІ топ «Барыс» тобы. Топ басшысы Серікбол Е

Жүргізуші:
Бүгінгі сайысымыз 4 кезеңнен тұрады.
І кезең «Бәйге»
ІІ кезең «Самғау»
ІІІ кезең «Шырқау»
ІҮ кезең «Шарықтау» деп аталады

Жүргізуші:
Бүгінгі сайысымыздың әділ бағасын беретін әділетті әділқазылармен таныс болыңыздар!
-----------------------
сайысымыздың кезеңдері қыран құсының ұшу белестерімен аталып тұрғанын байқаған боларсыздар, ендеше білімді ойыншыларымызбен бірге жанкүйерлер де қошеметтеп, көтеріңкі көңіл күй, асқан күш қуат бере отырып, биікке самғаңыздар демекпіз
Жүргізуші:
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына!
Сайыскерлерге сәт сапар тілейміз! – деп сөз кезегін топ басшыларына береміз. Өздерінің топтарын таныстырып өтсін. (рахмет)
Ал, іске сәт,- дей отырып, ойынымызды бастаймыз.

І кезең – «Бәйге»деп аталады. Бұл кезеңнің шарты мынадай әр топқа минутта сұрақтан қойылады, сұраққа тез жауап беру керек, білмеген сұрақтарыңызды келесі деп жалғастырасыздар. Әр сұрақ ұпайдан. Басқа топ сұрақтарға жауап бермейді, өз сұрақтарын күтіп тұрады.(сұрақтар оқылады

І топ сұрақтары:
1. Қазақстан Республикасы туының авторы кім?(Ш. Ниязбеков)
2. Қазақстан жер көлемі бойынша нешінші орында? (9)
3. Отырар қаласының арабша аты. (Фараб)
4. Қазақ хандығының негізін қалаған кімдер? (Керей мен Жәнібек)
5. «Арал теңізі» еңбегінің авторы кім? (Л. С. Берг)
6. Қазақстан Республикасының ең биік нүктесі? (Хан тәңірі 6995 м)
7. Қазақстан қай жылы БҰҰ мүше болып қабылданды?(1992 жылы 2 наурызда)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 821
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстан еліне саяхат
Қазақстан еліне саяхат
Оқушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі - туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.
Менің Отаным – Қазақстан
Менің Отаным – Қазақстан
Әрбір адамға өзінің отбасы ыстық болса, Отаны да адам баласына сондай ыстық.
Тәуелсіздік – қазақтың сан ғасырлық арманы
Тәуелсіздік – қазақтың сан ғасырлық арманы
Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Октябрь селосы, №1 Қазанбасы орта мектебінде технология және бейнелеу өнері пәні мұғалімі. Брахметов Мырзағазы Ерханұлы
Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет. Қазақстан – менің Отаным
Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет. Қазақстан – менің Отаным
Астана қаласы, «Көпбейінді колледж»МКҚК Қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы: Айсариева П. А
Менің Қазақстаным  (өлеңдер)
Менің Қазақстаным (өлеңдер)
Қазақстан – бар қазақтың киелі туған жері, Қазақстан – қазағымның туған елі. Кен байтақ Қазақстандай жерде туған Қазақтың Тәңірі берген несібесі!
Біз – Тәуелсіз Қазақстан балаларымыз
Біз – Тәуелсіз Қазақстан балаларымыз
Семей қаласы, Қ.Рысқұлбеков атындағы 33 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ерменова Алмагул Мұқатаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×