Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Факультативтік курсы. Сыр елінің сыры

10 наурыз 2016, Бейсенбі
Категориясы: География
Қызылорда обылысы, Арал ауданы,
Қызылжар елді мекені, №81орта мектебі
География пәнінің мұғалімі
Акбергенова Салтанат Асылбаевна

Жаратылыстану - математика бағыты бойынша 8 сыныпқа арналған «Сыр елінің сыры» тақырыбындағы факультативтік курс бағдарламасы.

Факультативтік курсы: География 8 сынып

Тақырыбы: «Сыр елінің сыры»

Түсінік хат.
«Дүниеде туған еліңнен артық ел де, туған жеріңнен артық жер де жоқ» (Ғабит Мүсірепов )

Сыр өңірі халқымыздың қашаннан береке, құт дарыған қасиетті ата қонысы. Оны әрдайым халқымыз қасиет тұтып келеді. Бұл жер еліміздің басына қиын қыстау күн туғанда, халықтар әр жақтан қоныс теуіп паналаған аймақ болған. Шалқып жатқан дарияның жағасын жергілікті халық туған анасындай аялап, қастерлеп келеді. Сырдың өн бойы тұнған тарих. Сондықтан да облысымыздың өткені мен бүгінгі тарихына тоқталып өтуіміз қажет. Өйткені тарихы мол «Сыр өңірінің» даңқын кейінгі ұрпақ білуі тиіс.
Авторлық бағдарлама орта мектептің 8 - сынып оқушыларына арналған. Оқушыларды сыр елінің тарихи деректерімен таныстырып, туған жерге деген сүйіспеншілігін, өз жерінің табиғатын, шаруашылық және экологиялық жағдайын бағалау, білігі жоғары жеке тұлға қалыптастыру. Әрбір оқушының қызығушылығы мен қабілетін анықтауға тиімді жағдай жасау.

Мақсаты:
1. Оқушыларға өз елінің, өз облысының аса маңызды кезеңдері туралы және тәжірибелік тереңірек білім алуына жағдай жасау.
2. Күн санап өсіп келе жатқан ақпараттарды өз бетінше игеруіне ықпал ететін әмбебап әдістер қызметі мен жүйесін қалыптастыру.
3. Шығармашылық қабілетін дамыту, мәселелерді оңтайлы шешуге, оқушының жеке күш жігерін салу.
4. Оқушының басты назарын «нені оқу қажет» деген түсініктен «қалай оқу керек» деген көзқарасқа бағыттап оқыту.
5. Курс бойынша дәрісті өткізуде оқушының еңбегі нәтижелі болу үшін интерактивті әдістерді қолдану.
6. Оқушыға деректі оқып білу үшін оқытудың тиімді жолдарын ұсыну.
7. Оқушылардың ойлау, танымдық қабілетін дамытуына, материалдың тәрбиелік мүмкіндігін тиімді пайдалануына көмек көрсету.

Міндеті:
1. Өзін - өзі дамытушы және қазіргі тез өзгеріп жатқан кезеңде дұрыс шешім қабылдай алатын, өздігінен білім алып дами алатын жеке тұлға қалыптастыру.
2. Әр баланы жеке ерекшелігі, қызығушылығы менқабілетіне қарай бейімдеп оқыту.
3. Ақыл - ой қабілеті ұшталған, “мен “ жүйесі қалыптасқан, өзін - өзі басқара, бағалай алатын, қоршаған ортаға қамқор көзқарас туғыза алатын жеке тұлға қалыптастыру.
4. Шәкірт санасында өзіндік көзқарас, пікір қалыптастыру.
5. Оқушыларды ізденуге, зерттеуге жетелеу.

Өзектілігі

1. Өз елінің тарихын білу, тану - бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
2. Дәстүрлі өз елі мен жері туралы байқаудың бір шарасы, “Туған жер” туралы ізденіс жұмысын қорғау, сол үшін туған жер тарихын тану және ғылыми - зерттеу жұмыстарына дайындалу қажеттілігі туындап отыр.
3. Дарынды оқушылармен жұмыс жасаудың басты факторларының бірі - оқушының ізденушілік қырын ашу.

Күтілетін нәтижелер.

- Туған жер тарихын білу.
- Тарихи өрнегін талдай алу.
- Мазмұндық, тақырыптық идеясын тани алу, сыр өңірінің сырын,
экологиялық жағдайын ортаға салар ұранын ұғу.
- Ғылыми мәнжазбалар, шығармашылық зерттеулер және жобалар жазу.
-“Туған жер тарихы“,”Туған жер экологиясы” байқауына оқушы дайындау.

Кәсіпке бағдарлау.
Археолог, тарихшы, әдебиетші, туризм, география, экономика, мұғалім, агроном, мұраб т. б кәсіптеріне бейімдеу.

Пән аралық біріктіру: Әдебиет, музыка, тарих, география

Курсты ұйымдастыру формасы:
- Лекция. - Ұжымдық.
– Семинар. - Топтық.
- Конференция. - Жұптық.
- Сарамандық жұмыстар - Жеке

Курсты бағалау жүйесі:
- Балдық жүйе,- Тест тапсырмасы,
- Сынақ жұмыстары

Рефераттар: «Сыр саңлақтары», «Қылқалам шеберлері», «Күміс көмей әншілер»

Буклеттер: «Кесенелер», «Мұражайлар»
Шығарма: «Ы. Жақаев және Жақаевшылар»

Тақырып жоспарының мазмұны.

• 1 - бөлім “Жер атауларына үңілсек” деп аталады - 6 сағат. Өз облысымыздың аудандарымен толық танысып, ақпар алады. Бұл бөлімде білім теория жүзінде өтеді оқушылар қатысты деректер мен мәліметтерден мол хабар алады.
• 2 - бөлім “Сыр елі тұнған шежіре” деп аталады. 7 сағат. Тарихи ескерткіштер ерекшелігін тануға арналады. Сабақта теория мен практика қатар жүреді.
• 3 - бөлім “Сырдың даңқын асқақтатқандар.” деп аталады. 7 сағат. Еңбек ардагерлерімен, ақын - жазушылардың еңбектерін, өмір тарихын зерттейді.
• 4 - бөлім “Табиғат кереметтері” деп аталады - 7 сағат. Мұнда өзендер, көлдер, құмды алқаптар, түбектер, шығанақтар, таулар, қыраттар туралы зерттейді.
• 5 - бөлім “Қоршаған ортаны аялай білейік” - 5 сағат. Экология жайлы айтылады.
• 6 - бөлім “Білгенге маржан” 2 сағат осы курс барысында алған білімдерін саралауға, талдауға бекітуге бағытталған. Оқушылар тест арқылы өз білімдерін бекіте отырып, шығармашылық тұрғысынан ой - түйін жасайды.
• Курс барысында шығармалар, мәнжазбалар, жобалар жазу, тест құрастыру сияқты жұмыстар жүргізіледі.

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
4 607
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Travelling along Great Britain
Travelling along Great Britain
Travelling along Great Britain. Арнайы курсы. Ағылшын тілі 7 - сынып. Факультативтік курс жоспары. (аптасына 1сағат, барлығы 34 сағат).
Ағылшын тілі пәні бойынша 10 сыныбында жүргізілетін «Елтану» тақырыбындағы қолданбалы курсқа арналған бағдарлама
Ағылшын тілі пәні бойынша 10 сыныбында жүргізілетін «Елтану» тақырыбындағы қолданбалы курсқа арналған бағдарлама
Ағылшын тілі пәні бойынша 10 сыныбында жүргізілетін «Елтану» тақырыбындағы қолданбалы курсқа арналған бағдарлама
Ағылшын тілі пәні бойынша 10 «a»сыныбында жүргізілетін «Елтану» тақырыбындағы қолданбалы курсқа арналған бағдарлама
Ағылшын тілі пәні бойынша 10 «a»сыныбында жүргізілетін «Елтану» тақырыбындағы қолданбалы курсқа арналған бағдарлама
«Елтану» қолданбалы курсы Ұлы Британия мен АҚШ - тың саяси құрылымы, мәдениеті, білім және экономика негіздері бойынша оқушылардың білімдерін толықтыруға, жоғары сынып оқушыларына мамандық таңдауларына бағыт беруге негізделген.
Логика әлемі. Бастауыш сыныпта математика пәніне қосымша жүргізілетін арнайы курс бағдарламасы (1 – 4 сыныптардағы арнайы курска арналған бағдарлама)
Логика әлемі. Бастауыш сыныпта математика пәніне қосымша жүргізілетін арнайы курс бағдарламасы (1 – 4 сыныптардағы арнайы курска арналған бағдарлама)
Бастауыш сыныпта математика пәніне қосымша жүргізілетін арнайы курс бағдарламасы (1 – 4 сыныптардағы арнайы курска арналған бағдарлама)
Ағылшын тілінен факультативтік курс жоспары
Ағылшын тілінен факультативтік курс жоспары
Ұлыбритания елі туралы жаңа мағлұматтар беру арқылы оқушылар халықтар достығын құрметтеу, оны терең сезіну рухында, білімді болған адам бәрін де жеңе білетіндігін түсіндіру, еліміздің алдыңғы қатарлы білімді азамат болып өсуіне тәрбиелені.
Физикадан факультативтік сабақ жоспары
Физикадан факультативтік сабақ жоспары
Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Аққайнар ауылы, «Чернова орта мектебі» КММ физика пәні мұғалімі Жельменова Гульнар Нуркасовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×