Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Сарыарқа

10 наурыз 2016, Бейсенбі
Категориясы: География
Қызылорда облысы, Арал ауданы,
Қызылжар елді мекені, №81 орта мектебі
География пәні мұғалімі
Акбергенова Салтанат Асылбаевна

Саяхат сабақ
Тақырып: Сарыарқа (слайд)
Серпілу сәті
1. Қазақстанда қанша ландшафтылық аймақ бар? (9)
2. Қазақстанда қанша табиғат зонасы бар? (4)
3. Каспий маңы ойпаты мен Мұғалжар
тауларының аралығындағы үстірт? (Орал алды)
4. Каспий маңы ойпатының оңтүстігіндегі
60 000 км. жерді алып жатқан құмды аймақ? ( Қарақұм)
5. Жем өзенінің ұзындығы? ( 712 км).
6. Көлдердің ең үлкені? (Каспий)
7. Құм төбелерді қалай атайды? (Бэр төбешіктері)
8. Каспий маңы ойпатының негізгі байлығы?
9. Шығыс Еуропа жазығының климаты? (Құрғақ, континентті)
10. Min t C қанша? ( - 40 С)
11. Жауын шашын мөлшері қанша? (Солт. 350 мм. Оң. 140 мм)
12. Каспий маңы ойпатының оңтүстігінде қандай зона? (Шөл зонасы)
13. Шығыс Еуропа жазығының өзендері? (Жайық, Ойыл, Жем)
14. Каспий теңізінің қай бөлігі енеді Қазақстанға? (Солтүстігі мен солтүстік шығысы)
15. Фауна қандай әлем? (Жануарлар)
16. Флора қандай әлем? (Өсімдіктер)
17. Шығыс Еуропа тіршілік үшін қандай жағдайлар басым? (Қолайсыз (жел эрозия), су тапшылығы, аңызақ желдер т. б)
18. Каспийде сирек кездесетін, бағалы аң? (Итбалық)
19. Топырақтану ғылымының негізін салған ғалым? (Докучаев)
20. Қазақстанда негізіне неше топырақ зоналарына бөлінеді? (3)

Жаңа сабақ: Сарыарқа
Сарыарқа — Қазақстанның ірі физикалық - географиялық және табиғи - тарихи аймақтың бірі. Сарыарқа – халықтық атау. Сарыарқаға Қарағанды, Астана облыстарының жері толықтай, Торғай, Семей, Павлодар облысының біраз жері кіреді. Қарағанды облысының территориясы, негізінен, Сарыарқаның орта бөлігінде орналасқан. Сондықтан да жергілікті халық осы өңірді ежелден Сарыарқа, Арқа даласы деп атаған. Сарыарқа атауы «жер бетіндегі өсімдіктері күйгендіктен сарғайып жататын кең де үлкен жон, жалпақ үстірт, сансыз адырлы қырқа» Ұғымын білдіреді.
Сарыарқа – қазақтың байлығының көзі ғана емес, сонымен қатар өнердің, мәдениеттің және тарихтың кеніші. Сарыарқаның асыл тумалары, сонау Абылай заманындағы Бұқар жырау, Қаз дауысты Қазыбек, ақындар Шөже, Шашубай, Доскей, жазушы С. Сейфуллин және ақын Қ. Аманжолов, композиторлар Тәттімбет, Мәди, Ұлы Отан соғысының қаһарманы Н. Әбдіров ғалымдар А. Чижевский және Е. Бөкетов, қазақтың тұңғыш ғарышкері Т. Әубәкіров сияқты атақты адамдар Сарыарқаның атын шығарған. Көмірлі өңірдің халқы Қазақстанның тұңғыш Президенті Н. Назарбаевты да өзінің бел баласы деп есептейді. Өйткені ол жас күнінен бастап Теміртаудағы атақты Қазақстан Магниткасында горновой болып еңбек жолын бастаған.

Батыс бөлігінің ені 900 шақырымнан астам, шығыс бөлігінің ені 400 шақырымға жуық. Сарыарқа – аласа таулы, төбелі, қырқалы, шоқылы, бұйратты жазық. Батыстан шығысқа 1200 шақырымға созылып жатыр.

Жезқазған, Қонырат және Саяқ кен орындары мыс, темір, марганец кендеріне бай.

Қарағанды мен Екібастұз көмір өңдірудің ірі ошақтары.
Ақсуда ас тұзы өндіріледі.

Бұл бөліктегі ең биік тау – Қызыларай, оның ең биік нүктесі Ақсораң (1565м). Қызыларай тауы Қазақстандағы кен көлемде мекен ететін арқарлардың жері. Одан солтүстікке қарай Қарқаралы тауы, оның ең биік нүктесі Жиренсақал (1403 м). Қарқаралы территориясында Қарқаралы атты ұлттық саябақ бар. Егерде тарихқа сүйенсек «Қарқаралы» деген атау, «Қарқары» деген ертедегі қазақ қыздарының бас киімінен шыққан. Одан кейін Кент тауы, оның ең биік нүктесі Шаңкөз (1460м), Одан әрірек Баянауыл (950м). Баянауыл территориясында Баянауыл ұлттық саябақ орналасқан. Шығысында Шыңғыстау тауы орналасқан (1300м). Бұл таулар жүйесі негізінен граниттерден тұрады. Сарыарқаның территориясында тегіс және ойыс жерлер көп. Мұндағы ірі ойыс – Теңіз Қорғалжың қазаңшұнқыры. Ол Сарыарқаның батыс бөлігін екіге бөліп жатыр: Бурабай және Ұлытау (1134м).

Өсімдіктері мен жануарлары. Сарыарқаның жануарлар әлемі далалар мен аласа таулы өлкелерді, сондай - ақ, көптеген тұрақты және уақытша су көздері – өзендер мен көлдерді мекендейтін түрлерге бай. Орманды - далалы өңірлерде кеміргіштерден түрлі тышқандар; жыртқыштардан сілеусін, түлкі, қасқыр; қояндардың ақ және сұр түрлері; тұяқтылардан елік пен бұлан кең тараған. Кәсіптік - аңшылық мәні бар құстардан бұлдырық пен шіл, құр көп болса, жыртқыш құстардан қаршығалар мен мола бүркіті жиі кездеседі. Далалық өлкелерде кеміргіштерден суыр мен саршұнақ; жыртқыштардан дала күзені; құстардан бозторғай; қанатты жыртқыштардан дала бүркіті мен тұрымтай көбейе түседі. Сарыарқаның оңтүстігіне қарай құм тышқаны мен қосаяқ, шөлейт қасқыры мен шөлейт аккісі, әсіресе рептилиялардан сұр геккон, дала агамасы, жүйрік кесіртке сияқты шөл мен шөлейт жануарлары кеңірек тарайды. Өзен - көлдерде шортан, аққайран, табан, т. б. көптеген балық түрлері бар.

Геологиясы
Сарыарқа каледон (батыс жағы) және герцин (шығыс жағы) қатпарлы кезеңінде қалыптасты. Неотектоникалық қозғалыстың сонымен бірге желге мүжілу үдерісі салдарынан Сарыарқаның жер бедерінің осы қазіргі бейнесі қалыптасты. Негізінен метаморфтық және магмалық тау жыныстарынан түзілген.

Климаты. Сарыарқаның солтүстігінде қаңтардың орташа ауа температурасы - 22°, оңтүстігінде - 15, шілдеде тиісінше 20° және 25°. Қысқы минимум температура - 40° дейін болады, ал жазғы максимум температура 40°- тан асады. Ауа температурасының орташа жылдық амплитудасы 35°- тан артады. Жауын - шашынның жылдық орташа мөлшері солтүстігінде 300 - 350 мм, оңтүстігінде 150 - 200 мм.

Өзендері мен көлдері. Басты өзендері – Есіл, Нұра, Сарысу, Тоқырауын т. б. Өзендері қар суымен қоректенеді, көктемде тасып, жазда құрғап кетеді. Негізгі көлі Бурабай.

Табиғат зоналары. Сарыарқа жері дала, шөлейт, шөл зоналарына кіреді. Қорғалжын қорығы 1968 жылы ұйымдастырылған.

Графикалық диктант.
Егер тұжырым дұрыс болса, оқушылар __ белгісін қояды.
Егер дұрыс болмаса ∩ белгісін қояды.

1. Сарыарқаның ең биік тауы? Қызыларай
2. Сарыарқа мынадай аудандармен шектеседі
Оңтүстігінде Қаз. ж., Тұр., Тор., Сауыр
3. Сарыарқа өлкесі қандай таулардан тұрады?
Қызыларай, Қарқаралы, Кент, Баянауыл, Шыңғыстау, Ұлытау
4. Қарқаралы тауының шығу тарихы -
Қарқара қазақ қыздарының сырт киімі.
5. Сарыарқа өлкесіндегі пайдалы қазбалар -
Тас көмір, мыс, темір, марганец
6. Сарыарқаның негізгі өзендері - Есіл, Нұра, Сарысу
7. Сарыарқада мекендейтін жануарлар -
Қасқыр, түлкі, киік, дала тышқаны.
8. Сарыарқада 1963 жылы құрылған қорық – Қорғалжын.

Бекіту сұрақтары
Сұрақ 1
Англияда сапа эталонында тұрған пайдалы қазба?
А: көмір
B: темір
С: мыс
D: ас тұзы

Сұрақ 2
Ең биік жері?
А: Ақсораң
B: Шыңғыстау
C: Кент
D: Қарқаралы

Слайдын жүктеу
26 758
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Арал теңізінің қазіргі экологиялық жағдайы және оның шешу жолдары
Арал теңізінің қазіргі экологиялық жағдайы және оның шешу жолдары
Арал теңізі, Кайнозой дәуірінің орта шетінде, яғни бұдан 21 млн. 1200 жыл бұрын Каспий теңізіне қосылып жатқан.
Шығыс Еуропа жазығы
Шығыс Еуропа жазығы
Шығыс Еуропа жазығының Қазақстанға енетін бөлігінің географиялық орны, ежелгі платформа екендігі, ондағы пайдалы қазбалардың орналасу заңдылықтары, жер бедерінің қалыптасуына әсер етуші күштер, климатының ерекшеліктері, ішкі суы табиғат зоналары,
Қазақстанның көлдері
Қазақстанның көлдері
Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстарды көл деп атайды. Көлдің теңізден айырмашылығы оның мұхитпен тікелей байланысы жоқтығы. Көлдер жазықта да, тауда да кездеседі. Көлдердің ауданы мен тереңдігі әр түрлі болып келеді. Табиғатта ауданы шағын
Сарыарқа
Сарыарқа
ШҚО, Аягө ауданы, «№6 жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернатпен» КММ Курмангалиева М. А.
Кембридж бағдарламасы бойынша географиядан сабақ жоспарлары
Кембридж бағдарламасы бойынша географиядан сабақ жоспарлары
Орал қаласы, №41 жаратылыстану - математика бағытындағы мектеп - лицейінің география пәні мұғалімі Адиева Лаура Самиголлиевна
Сарыарқа
Сарыарқа
Атырау облысы, Исатай ауданы, Х. Наубетов атындағы орта мектептің география пәнінің мұғалімі Жанғалиева Айнагүл[/right]
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×