Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстанның өсімдік және мал шаруашылығы

30 наурыз 2016, Сәрсенбі
Категориясы: География
Солтүстік Қазақстан облысы,
Петропавл қаласы,
Қалалық классикалық гимназия
география пәнінің мұғалімі
Кусаинова Айжан Куанышбайқызы

Сабақтың тақырыбы: АӨК ІІ буыны ауыл шаруашылығы: өсімдік және мал шаруашылығы

Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Оқушылардың Қазақстанның өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы жөнінде білімдерін, танымын қалыптастыру. Ел экономикасы үшін ауыл шаруашылығының ролі зор екеніне көздерін жеткізу.
2. Дамытушылық: Әр түрлі білім көздерімен жұмыс жасауды әрі қарай дамыту, дүниетанымдық қабілеттерін дамыту, белсенділіктерін арттыру, танымдық қызығушылықтарын жетілдіру.
3. Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, өзара сыйластыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдіс - тәсілдері: СТО, интерактивті әдіс - тәсілдер
Сабақтың құрал – жабдықтары: интерактивті тақта, гербарий, атластар, суреттер

Сабақтың дидактикалық кезеңдері:
І. Ұйымдастыру кезеңі (Сабаққа психологиялық дайындық)

ІІ. Үй жұмысын тексеру
Қайсысы тұжырымдама дұрыс «+», қайсысы бұрыс «-»

Сұрақтың мазмұны Жауабы
АӨК І буыны қызмет көрсету, техникамен, тыңайтқыштармен қамтамасыз ететін салалар құрайды +
Ауыл шаруашылығында жер – негізгі зат әрі еңбек құралы болып саналады +
Ауыл шаруашылығы – экономиканың маусымдық саласы +
Ауыл шаруашылық өндірісіне табиғи жағдайлар әсер етпейді -
Еліміздің барлық жері - жер қорына жатады +
АӨК ІІ буыны – ауыл шаруашылығы +
Ауыл шаруашылығының негізі өсімдік және мал шаруашылығы +
Аграрлық сөзі «өңдеу» деген ұғымды білдіреді -

ІІІ. Жаңа тақырып түсіндіру
Ауыл шаруашылық Қазақстан экономикасының маңызды салаларының бірі болып табылады. Аграрлық сектор дамуының деңгейі үнемі жоғары сатыда көрініп келді және мемлекеттің экономикалық және қоғамдық - саяси тұрақтылық факторларын анықтай отырып жоғары сатыдан көріне бермек. Республиканың экономикалық дамуының бірегей әлеуетті бағыты бола отырып, ауыл шаруашылығы зор потенциалы мен ірі резервтерімен ерекшеленеді. Қазақстанның әрқилы климат жағдайы біркелкі жылы белдеудің барлық мәдениетінің дамуына және мал шаруашылығының дамуына әсер етеді.

- Ауыл шаруашылығы жайында не білесіңдер?
- Карта бойынша болжам жасау
Ендеше болжамдарыңды дәлелдеу үшін сендер 3 топқа бөлініп отырсыңдар
1 - топ: Өсімдік шаруашылығы
2 - топ: Мал шаруашылығы
3 - топ: Бақылаушылар тобы

Картамен жұмыс (интерактивті тақта)
3 - топ
1. Еліміздің егіншіліктің басты саласы – (дәнді дақыл) өсіру
2.(Бидай) жылуды жақсы көретін дақыл, ол үшін ең қажетті топырақ түрлері (қара және қара қоңыр) топырақтар
3. Бидайды негізінде 3 тың облыстары (Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан) құрайды.
4.(Арпа) тез пісетін, ең төзімді өсімдік болғандықтан, барлық жерде таралған дәнді дақыл
5.(Сұлы) ыстыққа төзімсіз, ылғал сүйгіш өсімдік
6. Құрғақшылыққа төзімді (тарыны) Батыс пен Солтүстікте өсіреді
7. Техникалық дақылдар (мақта, қант қызылшасы және күнбағыс)
8. Қой шаруашылығының негізгі өнімдері (ет, май, жүн, тері, қаракөл)
9. Шөлді және шөлейтті зонада (түйе шаруашылығының) маңызы зор
10.(Шошқа шаруашылығы) – жылдам салмақ қосып, тез көбейетін әрі жайылымды қажет етпейтін, ауыл шаруашылығы үшін тиімді

ІV: Бекіту
Сипаттамасы бойынша анықта
1 - топ
Бидай ------------ Жылуды жақсы көреді, қара, қара қоңыр топырақта өседі
Күріш ------------ Жылу, ылғал сүйгіш өсімдік. Еліміздің оңтүстігінде өсіріледі
Мақта ----------- Бағалы талшықты дақыл. Сырдария, Арыс өзендерінің жағалауларында өсіріледі.
Қант қызылшасы ------ Қант алу үшін өсіріледі
Сұлы ---------------------- Оңтүстікте және Шығыста өсірілетін жемшөптік дақыл

2 - топ
Қой --------- Жақсы жайылымдар, қысқы азық қажет
Шошқа ---- Жайылымды қажет етпейді, жылдам салмақ қосып, тез өседі
Марал ----Мүйізінен дәрі - дәрмек жасалынады
Құс -------- Ірі өнеркәсіп орталықтарына, қалаларға, астық өндіретін кәсіпорындарға таяу аудандарда шоғырланған.
Түйе ----- Жүк тасуға бейім, азық талғамайтын, ыстық шөлге шыдамды жануар

3 - топ (Сәйкестендір)
Солтүстік ------ Бидай
Шығыс --------- Күнбағыс
Оңтүстік ------- Қант қызылшасы
Батыс ---------- Тары

Кестеде не көріп тұрмыз?
Ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту үшін не істеу керек?
1 - топ ұсыныстар
2 - топ ұсыныстар
(Ауыл шаруашылығымен байланысты мамандықтар, жыл сайынғы Елбасымыздың Жолдауы)
3 - топ
Бүгінгі тақырыбымызға байланысты мақал - мәтелдердің астын сыз

Мақал - мәтелдер
1. Ашу - дұшпан, ақыл - дос
Ақылыңа ақыл қос
2. Өнерлі өрге жүзеді
3. Арпа, бидай ас екен,
Алтын, күміс тас екен
4. Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас
5. Нан тамақтың атасы
6. Бидайдың барар жері диірмен
7. Темірді қызған кезде соқ
8. Адам болатын бала
Алысқа қарайды
9. Жүгерісі барға жұт жоқ
10. Нанның негізі дән
11. Екі кеме құйрығын ұстаған суға кетеді
12. Жері байдың - елі бай
13. Жер тоймай, ел тоймайды

Эссе жазу «Ауыл шаруашылығының ел үшін маңызы»
(әр оқушы топта оқиды, ең жақсы дегенін ұжымда оқиды)

Қорытынды
«Соңғы сөзді мен айтамын» стратегиясы бойынша оқушыларға сөз беру

Бүгінгі сабақта не білдім?
Алған білімімді қайда және қалай пайдалана аламын?

Үйге тапсырма:
Сарамандық жұмысқа дайындық, «Ас мәзірін» даярлау
Презентация жасау «СҚО ауыл шаруашылығы»

Толық нұсқасын жүктеу
7 450
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Егіншілік пен мал шаруашылығы
Егіншілік пен мал шаруашылығы
Қазақстан ауыл шаруашылығының басты салалары - егіншілік пен мал шаруашылығы туралы түсіндіру.
Ауыл шаруашылығы және көлік географиясы
Ауыл шаруашылығы және көлік географиясы
Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу тәртібі: Ресейдің ауыл шаруашылығы мен көлік географиясының дамыған басты салалары туралы білу. Өсімдік және мал шаруашылығының таралу ерекшеліктерін түсіну.
Агроөнеркәсіптік кешен. АӨК - тің құрамы мен маңызы. Өсімдік шаруашылығы
Агроөнеркәсіптік кешен. АӨК - тің құрамы мен маңызы. Өсімдік шаруашылығы
Қазақстандағы агроөнеркәсіптік кешеннің құрамы мен маңызы туралы оқушылардың көзқарастарын қалыптастыру. Кешеннің буындары туралы, ерекшеліктері мен салаларының даму факторларын анықтау. Өсімдік шаруашылығының салаларын қарастырып, ерекшелігін
Географиядан сабақ топтамасы (9 сынып)
Географиядан сабақ топтамасы (9 сынып)
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, №55 С. Қожанов атындағы орта мектептің география пәні мұғалімі Кемелбекова Г.
Егіншілік пен мал шаруашылығы
Егіншілік пен мал шаруашылығы
Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, А. Тихоненко атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Баймурзилова Айжан Абилгазиевна
Ауыл шаруашылығы технологиясы
Ауыл шаруашылығы технологиясы
Ауыл шаруашылығы технологиясы Егіншілік шаруашылығы, мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×