Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тамақ өнеркәсібі

25 сәуір 2016, Дүйсенбі
Категориясы: География
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы,
Алмалы орта жалпы білім беретін мектебі.
География, экология пәнінің мұғалімі
Сабиров Ербол Амангелдіұлы

Тақырыбы: Тамақ өнеркәсібі
Мақсаты: Білімділік: Оқушыларға тамақ өнеркәсібінің құрылымы, сапасы, таралу аймақтары жөнінде білім беру.
Дамытушылық: Ізденіс, шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге қалыптастыру. Кесте, картамен жұмыс жүргізу дағдысын жетілдіріп дамыту.
Тәрбиелік: ысырапқа жол бермеу, үнемдеу, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: презентация, Қазақстан картасы, тірек сызбалар, плакаттар, үлестірмелі тапсырмалар Сабақтың түрі: жаңа білім меңгеру.
Әдістері: слайд арқылы түсіндіру, болжам жасау, сұрақ – жауап.
Көрнекіліктері: ақпаратты технология құралдары: интерактивті тақта, компьютер, оқулық, Қазақстанның ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі карталары, атлас, суреттер.

Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру. Оқушылар психологиялық тұрғыдан сабаққа дайындалады. Мұғалім де жақсы көңіл күй тілейді және сабаққа белсенді болуға шақырады.
Үй тапсырмасын сұрау. Қазақстанның мал шаруашылығы. (1 – қосымша)
1 - оқушы: Қой шаруашылығы
2 - оқушы: Жылқы шаруашылығы
3 – оқушы: Ірі қара шаруашылығы
4 – оқушы: Құс шаруашылығы

Жаңа сабақ. «Тамақ өнеркәсібі»
Жоспары:
1. Тамақ өнеркәсібін кластер стратегиясы бойынша топтастыру.
2. Болжамдарды шешу.
3. Өндіру орталықтарын анықтау
4. Қосымша материалдар.
5. Оқулықпен жұмыс.

Тамақ өнеркәсібінің орналасу факторлары:
1. Тұтынушыға жақын орналасқан салалар: Наубайхана, макарон, кондитер, шәй
2. Шикізат көзіне жақын орналасқан салалар: Қант, консерві, май шайқау, балық
3. Шикізат көзіне де, тұтынушыларға да жақын орналасқан салалар: Ет, сүт, ұн тарту, шарап жасау
Бірінші болжам
Тамақ өнеркәсібі
1. Сүт өнеркәсібі
2. Ет өнеркәсібі
3. Қант өнеркәсібі
4. Балық өнеркәсібі
5. Ұн тарту
6. Кондитер өнімдері
7. Шәй өндірісі
8. Шарап жасау

Екінші болжам. Ет, сүт, қант, ұн өнеркәсібінің өнімдерін жіктеу. (2 – қосымша)
Үшінші болжам. «Рахат», «Сұлтан», «Баян сұлу», «Мартин», «Фудмастер», «Кублей», «Атыраубалық», «УКМЗ», кәсіпорындары қандай өнімдер өндіреді? (3 – қосымша)
3. Өндіру орталықтарын анықтау
Кондитер өнімдері: «Рахат» Алматы, «Баян сұлу» Қостанай Ет комбинаттары: Семей, Орал, Маргарин майы: Алматы
Ұн тартатын кәсіпорындары: Орал, Петропавл.
Балық өңдеу кәсіпорындары: Атырау, Балқаш, Арал, Күнбағыс майы - Өскемен
Мақта майы - Шымкент
Қант зауыты: Алматы, Тараз
Маргарин майы: Алматы

4. Сен білесің бе? (Қосымша материал)

5. Оқулықпен жұмыс. Тапсырмалар.
1 - тапсырма. 126 - сурет бойынша балық өнеркәсібінің орналасуын анықта.
Балық өңдеу зауыттары қай жерлерде орналасқан? Қай су қоймалары оларды шикізатпен қамтамасыз етеді?
2 - тапсырма. “Орташа” қазақстандық қалай тамақтанады? 14 кесте
3 – тапсырма. Тест сұрақтары. 250 бет.
Оқушыларды бағалау.
Үй тапсырмасы: № 35 тақырып “Тамақ өнеркәсібі”. Кескін картамен жұмыс.
9 507
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ауыл шаруашылығы және көлік географиясы
Ауыл шаруашылығы және көлік географиясы
Сабақтың түйінді мақсаттары және оқыту талабына қол жеткізу тәртібі: Ресейдің ауыл шаруашылығы мен көлік географиясының дамыған басты салалары туралы білу. Өсімдік және мал шаруашылығының таралу ерекшеліктерін түсіну.
Тамақ өнеркәсібі
Тамақ өнеркәсібі
Тамақ өнеркәсібінің салалары, оларды тұтынудың орташа көрсеткіші туралы оқып үйрену
Беларусь Республикасы
Беларусь Республикасы
Беларусь Республикасының экономикалық - географиялық жағдайының ерекшеліктері, өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығының салалары туралы жөнінде түсіндіру.
География пәнінен 9 сыныптарға арналған емтихан билеттері
География пәнінен 9 сыныптарға арналған емтихан билеттері
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №11 жалпы білім беретін орта мектептің география пәні мұғалімі Толегенова Жазира Кенжекуловна
Тамақ өнеркәсібі
Тамақ өнеркәсібі
ШҚО, Аягөз ауданы, Ақтоғай станциясы, «№8 жалпы орта білім беретін» КММ География пән мұғалімі Ауельбекова Райкуль Айтжановна
Химия өнеркәсібі кешені
Химия өнеркәсібі кешені
Химия өнеркәсібінің маңызы, шаруашылықтағы рөлі және тау-кен өнеркәсібі мен оларды орналастырудың негізгі принциптерін түсіндіру;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×