Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жергілікті жерді бағдарлау

12 мам 2016, Бейсенбі
Категориясы: География
Астана қаласы,
№76 мектеп - лицейінің
тарих және география пәні мұғалімі
Жаппарова Гулниса Сериковна

Физикалық география пәні.
Сынып: 6.
Сабақтың тақырыбы: §7. Жергілікті жерді бағдарлау
Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушыларды жергілікті жерді бағдарлай білуге, байқампаздыққа тәрбиелеу. Азимут бойынша бағыттарды анықтауға үйрету.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушылардың тақырыппен жұмыс істеу, салыстыру, талдау жасау машықтарын жетілдіру, логикалық ойлау жүйесі мен өз ойын белгілі дәрежеде жеткізе білу, сөйлеу мәдениетіне, табиғатты аялай білуге, мақсатқа жете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Жұмыс істеу машығын дамыту. Туған жерді сүюге, құрметтеуге үйрету, табиғатты аялауға тәрбиелеу. Ұлттық қажырлы қасиетін ояту.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас.
Сабақтың әдісі: Мен білемін, терминдермен болжау, бірігіп сурет салу, сұрақ - жауап.
Құрал - жабдықтар: Тұсбағар, жергілікті жер планы, атлас, планшет, суреттер, схемалар.
Пән аралық байланыс: астрономия, сурет, математика.
Кәсіптік бағдар: Есепші.
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. А). Оқушылармен амандасу, түгендеу, құрал - жабдықтарын тексеру. Ә). Оқушыларды психологиялық дайындау.
Мына суретті сөйлетіңдер. «Мен білемін»
Жердің орбитадағы орнына байланысты жыл мезгілдерінің ауысуы.
Мына сөзді қалай түсінесіңдер? Азимут
Жаңа сабақ: §7. Жергілікті жерді бағдарлау.
Азимут (арабша ас - сумут - жол) белгілі бір затқа қарай жүргізілген бағыт пен солтүстік бағыттың арасындағы бұрыш.

Азимут А әрпімен белгіленеді, қасына градус мөлшері жазылады

Қосымша «Кім жылдам?» әдісі арқылы бағыттарды жаттатқызам.
Оқушылармен бірлесе азимут бойынша жүріп бағдарлау, есептеп қағазға түсіру.
Тұсбағар көмегімен сынып ішіндегі заттардың азимутын табыңдар, сызбасын сызыңдар.
Үй тапсырмасы

Толық нұсқасын жүктеу
9 095
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Атмосфераның жергілікті циркуляциясы (слайд)
Атмосфераның жергілікті циркуляциясы (слайд)
Сабақтың тақырыбы: Атмосфераның жергілікті циркуляциясы (слайд)
Тұсбағар
Тұсбағар
Белгілі жерді бағдарлаудың еш қажеттігі жоқ, үйреншікті дағды арқылы жүреміз. Белгісіз жерде жүру, жолды дәлме - дәл табу тұсбағар арқылы жүргізіледі. Ол үшін тұсбағармен азимутты анықтайды
Физикалық география - Жер табиғаты жайындағы ғылым
Физикалық география - Жер табиғаты жайындағы ғылым
Физикалық география - табиғат денелерімен құбылыстарының жер бетінде таралу заңдылықтарын және олардың себептерін зерттейді.
Азимут, бағдарлау
Азимут, бағдарлау
Мақсаты: - Оқушыларға компаспен жұмыс жүргізуді, азимут туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру; - пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;
Газет. Жергілікті газеттер
Газет. Жергілікті газеттер
Сабақтың тақырыбы: Газет. Жергілікті газеттер
Жергілікті жердің қарапайым планын түсірудің  жолдары
Жергілікті жердің қарапайым планын түсірудің жолдары
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы №1 орта мектеп география пәні мұғалімі Чабаева Асем
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×