Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білгір географ танымдық сайысы

22 мам 2016, Жексенбі
Категориясы: География
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы,
Б. Бегалиев атындағы жалпы орта мектептің
география пәні мұғалімі
Исмагулова Айгул Рахметкалиқызы

Тақырыбы: « Білгір географ» танымдық сайысы
9 «а, б» сыныптар аралығы
Мақсаты:
1. XXI ғасыр – білімділер ғасыры болғандықтан, бүгінгі таңда заманына сай ой - өрісі дамыған азаматты қалыптастыру,
2. Жас ұрпаққа сапалы білім беру, әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде болуға тәрбиелеу.
3. Оқушының пәнге қызығушылығын, ойлау қабілетін дамыту, мектептің көшбасшысын анықтау, алғырлыққа, тапқырлыққа және тез ойлана білуге үйрету.
Көрнекілігі: Жарты шарлардың физикалық картасы, глобус, презентация слайд.
Барысы:
1 - кезең. Өзін - өзі таныстыру - екі команда ортаға шығып өздерін таныстырады.
2 - кезең. Жорға сұрақтары.
3 - кезең. Мақал – мәтелдер
4 - кезең. Десанттық көмек.
5 - кезең. Мерген
6 - кезең «Логикалық» ойын.

1 - жүргізуші: Жер шарында тіршілік етіп, географиямен таныспай кету, Египетте болып, пирамидаларды көрмей кету немесе Астанада болып, Бәйтерекке қарамай кетумен тең, деп айтсақ артық айтқандық болмас. Біз географияның тек ғылым емес, сонымен қатар өнер екендігін ұмытпауымыз керек. Жер ғаламшарын жоғарғы сапада сипаттап жазуда үлкен суретшілік талант қажет. Сондықтан көптеген ұлы жазушыларды да тамаша географтар деуімізге әбден болады. Атап айтсақ, А. Дюма, Ж. Верн, М. Твен
2 - жүргізуші География - ерекше ғылым. Дүние жүзіне әйгілі географтар тізімінен сіздер әйгілі қарақшылар мен авантюристер, барлаушыларды таба аласыздар. Олар алтын іздеді, бірақ дүниежүзілік ұлы саяхатшылармен қатар атақ иеленді, олар билік пен қызықты оқиғалардың артынан қуды. Бірақ дүниежүзілік картада олардың аттары өз орнын тапты. Олардың көпшілігі жаңа жерлерді ашуға ұмтылды. Осынау ерлік пен өрлікке толы мақсатпен өмір сүрген ұлы адамдарға әрқашан құрмет ғана лайық.
1 - жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі сайысымыздың тақырыбы: « Білгір географ» танымдық сайысы 9 сыныптар аралығы 2 топ қатысуда. Бәрі де талантты осы мектептің белсенді оқушылары, оларға сәт сапар тілейміз.

2 - жүргізуші
- Ақыл - тастан, өнер - жастан
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, қалт айтпайды
Әрқашанда нанымды,- дей келе, сайысымызды бағалайтын әділқазылар алқасымен танысыңыздар
1. Мектептің оқу ісінің меңгерушісі -
2. География пәнінің мұғалімі -
3. Биология пәнінің мұғалімі -
4. Химия пәнінің мұғалімі -

1 - жүргізуші - Сайыс шарттарымен таныстырып өтейін -
1 - кезең. Өзін - өзі таныстыру - екі команда ортаға шығып өздерін таныстырады.
2 - кезең. Жорға сұрақтары.
3 - кезең. Мақал – мәтелдер
4 - кезең. Десанттық көмек.
5 - кезең. Мерген
6 - кезең «Логикалық» ойын.

2 - жүргізуші Ортамызда география пәні бойынша ерінбей еңбектеніп, үнемі ізденіс үстінде жүретін алғыр 9 сынып оқушылары.
1 - жүргізуші 1 - кезең. Өзін - өзі таныстыру. Екі команда ортаға шығып өздерін таныстырады
І тур: Таныстыру. Әр топ өздерін таныстырып өтеді.

ІІ тур: Жорға сұрақтары. Мұнда барлығы 30 сұрақ беріледі. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.
Жорға сұрақтары:
1. Дүниежүзіндегі ең үлкен шөл (Сахара)
2. Дүниежүзіндегі ең терең көл (Байкал)
3. Үнді мұхитының ең терең жері қалай аталады (Зонд)
4. Дүниежүзіндегі ең биік вулкан (Килиманджаро)
5. Теңіз деп аталатын қандай екі көлді білесің? (Каспий, Арал)
6. Дүниежүзіндегі ең биік сарқырама (Анхель 1054 м)
7. Қазақстанның тұңғыш географ ғалымы (Ш. Уалиханов)
8. Дүниежүзіндегі ең үлкен түбек (Арабия)
9. Қазақстанның ең биік нүктесі (Хан – Тәңірі 6995 м)
10. Дүниежүзіндегі ең үлкен қала (Токио)
11. Қазақстандағы ең үлкен мұздық (орженевский 12км)
12. Ең үлкен бұғаз (Дрейк)
13. Солтүстік және Оңтүстік полюстерді қосатын сызық (Меридиан)
14. Ең кішкентай құс (Калибри)
15. Дүниежүзіндегі ең суы мол өзен (Амазонка)
16. Ең суыққа төзімді құс (Пингвин)
17. Еліміздің қай өңірінде рентген зауыты салынған (Ақтөбе)
18. Қазақстандағы АЭС қай қалада (Ақтау)
19. Дүниежүзіндегі ең кіші мемлекет (Ватикан)
20. Жер көлемі жөнінен бірінші орын алатын мемлекет (Ресей)
21. Ең тұзды теңіз (Қызыл теңіз)
22. Кофенің отаны қай материк (Африка)
23. Жер қыртысының қозғалысын зерттейтін ғылым (Сейсмология)
24. Мұхит суының тұздылығын өлшейтін өлшем (Промилле)
25. Бір ғана мемлекеттен тұратын материк (Австралия)
26. Мұнай қандай өлшемнен өлшенеді (Баррель)
27. Қысқы күннің тоқырауы (22 – желтоқсан )
28. Жер шарында неше сағаттық белдеу бар (24)
29. Ең ірі су жануары (Кит)
30. Қазақстанның астанасы Ақмолаға қашан көшірілді (1997 ж)

ІІІ тур: Мақал – мәтелдер. Әр мақалға 10 ұпайдан. Мұнда табиғат туралы болуы тиіс. Ең бірінші болып ұпайы аз команда бастайды.
1. Қаласы бар, үйі жоқ
Өзені бар, суы жоқ
Орманы бар, түбі жоқ
Бақшасы бар, гүлі жоқ
(карта)
2. Ешбір тіреусіз күмбез,
Ешбір сүйеусіз күмбез
Ешкім көтере алмайды
Ешкім төңкере алмайды
( аспан)
3. Жер бетінің кескінін
Түрлі – түспен көрсеткен
Болса да өзі құрметті
Тиіпті орын ең шеттен
(шартты белгі)
4. Жалғыз бағыт білері
Бұрғаныңа көнбейді
Жол көрсетіп береді
Өзі бірақ көрмейді
(тұсбағдар)
5. Бар ма жоқ па
Оны анық білмейміз
Ол жоқ жерде
Өмір сүріп жүрмейміз
(ауа)

IV тур. Десанттық көмек.
1 – тапсырма: Координаттар бойынша объектілерін табу.
2 – тапсырма: Қалалардың сағаттық айырмашылығын табу. Бұл турдың ерекшелігі 1 – ші тапсырмада деңгейіне байланысты 5 ұпай, ал 2 – ші тапсырмада одан сәл қиындау болуына байланысты 10 ұпайдан есептелінеді.
4 – тур. Десанттық көмек.
1 – топ
1. 190 с. е – 990 б. б (Мехико)
2. Нью-Йорк пен Алматы (10 сағ.)
3. 370 о. с. – 1500 ш. б. (Сидней)
4. Кайр мен Санкт-Петербург (0)
2 – топ.
1. 120 о. е. – 770 б. б. (Лима)
2. Ақтөбе – Канберра (6 сағ) 3 480 с. с – 1130 ш. б. (Ұлан – Батыр)
4 Оттава – Париж (5 сағ)

V тур. Мерген. Бұл турда әрбір топқа картадан 5 географиялық объектілер берілген, соны сіздер рет – ретімен орналастырып шығасыздар. Әрбір объектіге 1 минуттан барлығы 5 минут беріледі.
5 – тур. Мерген.
1 – топ.
1. Қара теңіз
2. Үнді – Қытай түбегі
3. Дрейк бұғазы
4. Амазонка өзені
5. Мексика шығанағы
2 – топ.
1. Беринг теңізі
2. Сомали түбегі
3. Аден шығанағы
4. Колорадо өзені
5. Ла – Манш бұғазы

VI тур.«Логикалық» ойын.
1. Республикамыздағы жер бедерінің ең төменгі нүктесі еліміздің батысындағы Маңғыстау түбегіндегі Қарақия ойысы, Ал биік нүктесі Хан тәңірі шыңына сәйкес келеді. Сұрақ: Қазақстандағы ең биік және ең төменгі нүктелердің айырмасы қанша. Жауабы: 6995м+132м=7127м
2. Бұл тау Ақмола облысында орналасқан қырат. Орташа биіктігі 300 - 500м. Бұл жер туралы Сәкен Сейфуллин поэма жазды. Бұл жерде Қазақстанның ірі демалыс орны бар. Сұрақ: осы жерді ата. Жауабы: Көкшетау.
3. Бұл теңіз Еуразия мен Африка аралығында литосфералық тақталардың түйісу аймағында орналасқан. Мұнда дүниежүзілік мұхиттағы ең жоғарғы тұздылық байқалады. Сұрақ: бұл қай теңіз. Жауабы: Қызыл теңіз
4. Әбден мүжіліп, үйілген өте көне таулы өлке. Мұнда миллиондаған жылдар бойы жел мен жаңбыр, ыстық пен аяз, қар мен ағын су өзінің әрекетін жүргізген. Қазіргі кезде таудың тек негізі ғана сақталып қалған. Мұнда жартасты басы сүйір және жіңішке келген қырқалар мен үйілген қорым тас сияқты формалар кездеседі. Тіпті оқшауланып қалған тасты пирамидалар да байқалады. Сұрақ: Бұл қандай өлке. Жауабы: Сарыарқа

Қорытынды бөлім. Марапаттау.
19 430
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
ХХІ ғасыр географтары
ХХІ ғасыр географтары
Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Ә. Боранбаев атындағы жалпы білім беретін орта мектептің география пәнінің мұғалімі Абишева Гулдана Манарбековна
Білгір биологтар (сайыс сабақ)
Білгір биологтар (сайыс сабақ)
Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Малыбай жалпы орта білім беретін мектеп Биология пәні мұғалімі: Айгожин А.Б.
ХХI ғасыр көшбасшысы
ХХI ғасыр көшбасшысы
Шалқар қаласы, № 3 мектеп. Бастауыш сынып мұғалімі Батырова Назгуль Шахматовна
Дарындылар додасы - 2014
Дарындылар додасы - 2014
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылы Қ. Байсықов атындағы орта жалпы білім беретін мектептің география пәні мұғалімі Дюсалиева Диана
Көміртек. Көміртектің қасиеттері
Көміртек. Көміртектің қасиеттері
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, №6 орта мектебінің химия пәні мұғалімі Нияз Улан Комшабайулы
Информатика жұлдыздары (сайыс сабақ)
Информатика жұлдыздары (сайыс сабақ)
Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Қызылқоғам ауылы, С. Сатыбалдин атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Жакупбекова Инкар Муратовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×