Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Күнделікті сабақ жоспары. Еуразияға ұласатын мұхиттар мен теңіздер және олардың материк табиғатына әсері.

14 қыркүйек 2016, Сәрсенбі
Категориясы: География
Күнделікті сабақ жоспары, география 7 сынып
Тақырыптар:
16 - сабақ. Еуразияға ұласатын мұхиттар мен теңіздер және олардың материк табиғатына әсері
17 - сабақ. Еуразияның жер бедері мен пайдалы қазбалары
18 - сабақ. Пайдалы қазбалар
19 - сабақ. Еуразияның климаты мен климаттық белдеулері
20 - сабақ. Еуразияның ішкі сулары.


Сыныбы: 7
Пәні: Материктер мен мұхиттар географиясы
Тақырыбы: Еуразияға ұласатын мұхиттар мен теңіздер және олардың материк табиғатына әсері.
Сабақтың мақсаттары:
1. Білімділік: Оқушыларға материк жағалауындағы мұхиттармен таныстыра отырып, ішкі және шеткі теңіздеріне тоқталып теңіздер туралы ұғымдарын қалыптастыру және ерекшеліктерін анықтау.
2. Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын ояту, картамен жұмысты дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды басқа мемлекеттермен таныстыра отырып, өз еліне, жеріне, Отанына деген сүйіспеншіліктерін ояту, бірін - бірі сыйлауға тәрбиелеу. тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Оқыту әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндірмелі
Сабақтың әдістемелік жабдықталуы: Еуразияның ішкі сулар картасы, оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып, оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандырып жаңа сабақ түсіндіре бастаймын.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Еуразия жағалауларын дүние жүзіндегі 4 мұхиттың да сулары шайып жатыр. Олар материк жағалауларын түрліше тілімдеп, өте көп жағалық теңіздер мен шығанақтар, бұғаздар жүйесін құрайды. Материктің әсіресе батысы мен шығысы күшті тілімденген.
Материктің батысы мен оңтүстік - батыс жағалауын шайып жатқан Атлант мұхиты мен оның теңіздерінің материк табиғатына тигізетін әсері зор. Гольфстримнің жағасы болып табылатын Солтүстік Атлант жылы ағысының тропиктік белдеулерден алып келген жылы сулары әсерінен Еуропаның солтүстік - батысындағы мұхит сулары қыста қатпайды.
Атлант мұхитының ең таяз бөлігі Балтық және Солтүстік теңіздері мен Британ аралдарының жағалауларында орналасқан. Мұхиттың ең таяз жері – Солтүстік теңіздегі Доггер - Банка қайраңы, оның тереңдігі 13 м. Одан солтүстікке, батыс пен оңтүстікке қарай мұхит күрт тереңдей бастайды. Исландия аралы маңынан мұхиттық орталық бөлігі арқылы өтетін дүние жүзіндегі ең ірі, әрі биік су асты Орталық Атлант жотасы басталады. Мұнда сөнбеген жанартаулар көптеп кездеседі, олардың кейбіреуі жанартаулық аралдар тобын құрайды. Олардың ірісі – Исландия аралы.

Атлант мұхиты мен оның теңіздерінде әр түрлі табиғат байлықтары мол. Солтүстік және Жерорта теңіздерінің қайраңдарында мұнай мен газдың мол қоры бар.
Бүгінгі күні Жерорта теңізінің экологиялық жағдайын жақсарту жөнінде халықаралық Келісім шартқа қол қойылды. Мұнай өндіру мен тасымалдау нәтижесінде Солтүстік теңіздің де су бетін мұнай дақтары жапқан. Күшті ластану әсерінен Атлант мұхиты өзін - өзі тазарту қабілетінен айырылған. Сондықтан Атлант мұхитын табиғи ластанудан қорғау да халықаралық деңгейде қабылданған келісімдер негізінде жүргізілуде.
Солтүстік мұзды мұхит пен оның теңіздері Еуразияның солтүстік жағаларын алып жатыр. Мұхиттағы ең үлкен теңіздер – Норвег теңізі мен Ақ теңіз. Мұхиттың ең терең жері – Гренландия теңізінің солтүстігіндем – 5527 м. Ағыстары – Солтүстік Атлант ағысының жалғасы мен Трансарктикалық ағыс. Мұхитта көпжылдық мұздар қалыптасқан. Қыста шығысында температура - 40ºС, жазда - 0ºС. Жауын - шашын 100 - 200 мм - ден аспайды.
Тынық мұхит пен теңіздері материктің шығысын шайып жатыр. Жағалауы күшті тілімденген, аралдары көп. Ағыстары: Солтүстік Пассат, Куросио, Солтүстік Тынық мұхиты ағысы, Курильсуық ағысы. Су температурасы солтүстік - 1ºС, экватор маңында +29ºС.
Үнді мұхиты Еуразияның оңтүстік жағалауын алып жатыр. Ұсақ аралдар көп кездеседі. Теңіздері: Аравия, Қызыл теңіз. Ағыстары – жылы муссондық ағыстар. Қысы жылы, жазы ыстық дауылды, судың беткі температурасы +25º, +30ºС. Мұхиттағы тіршілік дүниесі өте бай. Үнді мұхитында Парсы шығанағы мұнай, газ қоры мен өндіруден жетекші орын алады.

Жаңа сабақты бекіту:

 Физикалық карта бойынша Еуразия жағалауларын қандай мұхиттардың сулары шайып жатқанын және олардың басты белгілерін анықтаңдар.
 Карта бойынша Еуразия жағалауындағы ірі портты қалалар (қалаулары бойынша) арасында теңіз саяхатын жасаңдар.
 Қандай мұхиттар мен теңіздерді, шығанақтар мен бұғаздарды басып өтіп, қандай түбектер мен аралдарды айналып өту қажет екенін анықтаңдар.

Қорытынды: Бүгінгі сабақта, Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздерді танып білдік.

Үйге тапсырма: §11 оқу. Кескін картаға Еуразияның жағалауындағы мұхиттар мен мұхиттарды түсіру.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау
2 352
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Еуразия. Географиялық орны. Қоныстану және зерттелу тарихы.
Еуразия. Географиялық орны. Қоныстану және зерттелу тарихы.
Еуразия мемлекеттерімен таныстыру, олардың ерекшеліктеріне, экологиялық маңыздылығын түсіндіру. Пәнге деген қызығушылықтарын ояту, картамен жұмысты дамыта отырып, оқушуларды шығармашылық жұмыс істеуге дағдыландыру.
Географиядан күнделікті сабақ жоспары
Географиядан күнделікті сабақ жоспары
Оқушыларға материктер мен мұхиттар географиясы пәні, мақсаттары, міндеттері, мазмұны жөнінде түсінік беру. Топтық жұмыс ережелерімен таныстыра отырып, бағалау критерилерін пысықтау.
Солтүстік жарты шар материктері (күнделікті сабақ жоспары)
Солтүстік жарты шар материктері (күнделікті сабақ жоспары)
Жарты шар материктері бөліктерімен таныстыра отырып, өткен тақырыпты қайталау арқылы білімдерін жинақтау және Солтүстік жарты шар бойынша қорытындылау.
Географиядан сабақ жоспары
Географиядан сабақ жоспары
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы, «Бейнеу гимназиясы» ММ география пәні мұғалімі Бекібай Марал Кітабайқызы
Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер.
Еуразия жағалауындағы мұхиттар мен теңіздер.
Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Айыртау орта мектебінің география пәні мұғалімі Сагидуллаев Алтай Сагидуллаевич
Материк жағалауындағы мұхиттар. Ашылуы және зерттелу тарихы
Материк жағалауындағы мұхиттар. Ашылуы және зерттелу тарихы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің география пәні мұғалімі Ысқақ Есенкелді
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×