Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстанның физикалық географиясы нені оқытады? Қазақстанның және Батыс Қазақстан облысының географиялық орны мен шекаралары

24 қыркүйек 2016, Сенбі
Категориясы: География
Күнделікті сабақ жоспары, география 8 сынып
Тақырыптар:
1 - сабақ. Тәуелсіз Қазақстан Республикасы. Қазақстанның физикалық географиясы нені оқытады? Қазақстанның және Батыс Қазақстан облысының географиялық орны мен шекаралары.
2 - сабақ. І - бөлім. Қазақстанның физико - географиялық сипаттамасы. Қазақстанның географиялық орны мен шекарасы. Қазақстан аумағындағы уақыт айырмасы. Сағаттық белдеулер.
3 - сабақ. Қазақстан аумағының географиялық зерттелу тарихы. Қазақ жері туралы ерте кездегі географиялық мағлұматтар. Ұлы Жібек жолы.
4 - сабақ. «0 - дік» бақылау жұмысы
5 - сабақ. Қазақстан жері туралы орта ғасырдағы географиялық деректер


Тақырыбы: Тәуелсіз Қазақстан Республикасы. Қазақстанның физикалық географиясы нені оқытады? Қазақстанның және Батыс Қазақстан облысының географиялық орны мен шекаралары.
Білімділік: Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы туралы баяндау. Қазақстанның физикалық географиясы нені оқытады? Географиялық білім көздеріне сипаттама беру. Қазақстанның және Батыс Қазақстан облысының шекараларын, аумағын, географиялық координаталарын, географиялық орнының ерекшелігін анықтау.
Дамытушылық: Дүние жүзінің саяси картасынан Қазақстанның қандай мемлекеттермен шектесетінін анықтау және Қазақстанның және Батыс Қазақстан облысының географиялық орнын карта бойынша сипаттау арқылы білімдерін тереңдету. Қазақстанның және дүние жүзіндегі кез - келген қаласының белдеулік және жергілікті уақытын тауып, олардың айырмасын анықтауға дағдылану.
Тәрбиелік: Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, репродуктивті
Құрал - жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Қазақстанның саяси картасы.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі (1 мин) Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындығын тексеру.
3. Жаңа тақырып кезеңі (20 мин)
7 - сынып материалын еске алу. «Физикалық география» ұғымын анықтау. Қазақстанның физикалық географиясы курсымен таныстыру.
1. Қазақстанның тәуелсіздігін анықтайтын негізгі даталармен таныстыру.
2. Қазақстанмен шектесетін елдерді дүние жүзінің саяси картасына қарап анықтау.
3. География курсының негізгі құрылымымен таныстыру.
4. Физикалық география пәнінің және Қазақстанның физикалық географиясының мақсаттары мен міндеттерін анықтау.
5. Оқулықтың құрылымымен таныстыру.
6. Қазақстанның және Батыс Қазақстан облысының географиялық орнын карта бойынша сипаттау.

4. Жаңа тақырыпты бекіту (10 мин) Кескін картаға Қазақстанның Еуразиядағы орнын салу. Көршілес мемлекеттерін көрсету. Оларды атау.

5. Сабақты қорытындылау кезеңі (10 мин) Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында төмендегі сұрақтарды қою:
• Еліміздің егемендігін қандай белгілері көрсетеді?
• Қазақстанның физикалық географиясы нені оқытады?
• Қазақстанның және Батыс Қазақстан облысының географиялық орнының ерекшелігі неде?
• ТМД қай жылдары құрылды?
• Қай жылы Астана Алматыдан көшірілді.
• Неше ұлт өкілдері мекен етеді?
• Экспорт және импорт дегеніміз не?

6. Бағалау кезеңі (2 мин)
Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды.

7. Үйге тапсырма беру кезеңі (2 мин) § 1оқу, мазмұндау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


6, 7, 8, 9, 10 сабақтарды қарау
11, 12, 13, 14, 15 сабақтарды қарау
16, 17, 18, 19, 20 сабақтарды қарау
21, 22, 23, 24, 25 сабақтарды қарау
26, 27, 28, 29, 30 сабақтарды қарау
31, 32, 33, 34, 35 сабақтарды қарау
36, 37, 38 сабақтарды қарау
4 245
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
География пәні бойынша 8 сыныптарға күнделікті сабақ жоспары
География пәні бойынша 8 сыныптарға күнделікті сабақ жоспары
География пәнінен 8 сыныптарға күнделікті сабақ жоспары
География пәнінен 9 сыныптарға арналған емтихан билеттері
География пәнінен 9 сыныптарға арналған емтихан билеттері
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №11 жалпы білім беретін орта мектептің география пәні мұғалімі Толегенова Жазира Кенжекуловна
Қазақстанның экономикасы: өткені, қазіргісі, болашағы
Қазақстанның экономикасы: өткені, қазіргісі, болашағы
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №17 жалпы орта білім беретін мектептің тарих - география пәні мұғалімі Кылышпекова Карлыгаш Толеубековна
Шығыс Қазақстанның экономикалық - географиялық жағдайы
Шығыс Қазақстанның экономикалық - географиялық жағдайы
Алматы қаласы, «Шаңырақ» шағын ауданы, «Спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты» география пәні мұғалімі Муталипова Мейрамгуль Ергалиевна
Қазақстанның физикалық географиялық сипаттамасы
Қазақстанның физикалық географиялық сипаттамасы
Павлодар қаласы, Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының география пәні мұғалімі Жунусбаева Марал Тұрмысовна
Сарыарқа
Сарыарқа
Мақсаты: 1. Сарыарқа өлкесінің географиялық орны, геологиялық құрылысын, пайдалы қазбалары туралы түсіндіру. 2. Географиялық талдау жасай отырып, сабақ моделі арқылы оқушылардың алған білімдерін одан әрі дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×