Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


ХVІ - ХІХ ғасырлардағы географиялық зерттеулер. Қазақтың ғұлама ғалымы Ш. Ш. Уалиханов зерттеулері (күнделікті сабақ жоспары)

22 қыркүйек 2016, Бейсенбі
Категориясы: География
Күнделікті сабақ жоспары, география 8 сынып
Тақырыптар:
6 - сабақ. ХVІ - ХІХ ғасырлардағы географиялық зерттеулер. Қазақтың ғұлама ғалымы Ш. Ш. Уалиханов зерттеулері
7 - сабақ. Қазіргі кезеңдегі географиялық зерттеулер
8 - сабақ. №2 сарамандық жұмыс.
9 - сабақ. Бастапқы бақылау жұмысы
10 - сабақ. Қазақстан жер бедерінің негізгі сипаты. Батыс Қазақстан облысы жер бедерінің басты ерекшеліктері


Сынып: 8
Тақырыбы: ХVІ - ХІХ ғасырлардағы географиялық зерттеулер. Қазақтың ғұлама ғалымы Ш. Ш. Уалиханов зерттеулері
Білімділік. Оқушылардың Қазақстан аумағының физикалық географиялық тұрғыдан зерттелуінің басты мақсаты, оған еңбек сіңірген ғалымдар, зерттелудің қазақ елінің дамуына ықпалы туралы мағлұматтарын кеңейту.
Дамытушылық. ХVІ - ХІХ ғасырларда Қазақстан аумағын физикалық - географиялық тұрғыдан зерттеулерді карта бойынша сипаттау, қорытынды жасау.
Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақ түрі: жаңа сабақ
Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап
Құрал - жабдықтар: физикалық картасы

1. Ұйымдастыру кезеңі
(3 мин) Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
(10+1 - 2 мин)
1) Орта ғасырларда қазақ жерінің зерттелуіне қай халық өкілдері көп үлесін қосқан? 2) Әбу Насыр Әл - Фарабидің негізгі еңбектері; 3) Махмуд Қашқаридің негізгі еңбектері; 4) Қазақ жерінің зерттелуіне үлес қосқан қандай қытай саяхатшыларын бар? 5) Қазақ жерінің зерттелуіне үлес қосқан қандай еуропалық саяхатшылар мен елшілер бар?
«Қазақстанның зерттелу тарихы» кестесін тексеру. Ш. Ш. Уалиханов кім?

3. Жаңа тақырыпқа көшу кезеңі
16 - 19 ғғ. аралығында Қазақстан аумағында болған тарихи оқиғаларды еске түсіру. Осы оқиғаларға орай қазақ жерінің зерттелуіне үлес қосқан зерттеушілермен таныстыру.
Ш. Уалихановтың қазақ жерін зерттеуге қосқан үлесін, оның сапарлары мен негізгі зерттеу жұмыстарын қарастыру. Неліктен Ш. Уалихановқа жеке тақырып берілгендігін анықтау.

4. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі.
1) Қадырғали Қосынұлы мен С. Ремезовтың еңбегі; 2) 18ғ. І Петрдің зерттеулерге тигізген ықпалы; 3) 18 ғ. әскери экспедициялар; 4) Семенов Тянь - Шанскийдің, Н. А. Северцовтың, И. В. Мушкетовтың, А. Н. Красновтың, Л. С. Бергтың зерттеу жұмыстары мен маршруттарын қарастырып, талдау.

5. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
Кескін картаға зерттеушілердің жүрген жолдарын түсіру.

6. Сабақты қорытындылау кезеңі
1. 16 - 19 ғғ. аралығында Қазақстан аумағын қандай зерттеушілер зерттеген? Олардың басты еңбектері қандай? П. П. Семеновқа Тянь-Шанский атауы не үшін берілген.
7. Бағалау кезеңі
Сабаққа белсенді қатысып отырған және қорытынды жасай алған оқушыларға жоғары баға қойылады.
8. Үйге тапсырма беру кезеңі 7 параграфтың сұрақтарына жауап беру. «Қазақстанның зерттелу тарихы» кестесіне ХVІ - ХІХ ғасырларда Қазақстан аумағын физикалық - географиялық тұрғыдан зерттеу деректерді енгізу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
3 491
0
  • 0
0 дауыс
Загрузка...
Оқи отырыңыз
Географиялық карталар және картография туралы жалпы мәліметтер
Географиялық карталар және картография туралы жалпы мәліметтер
Географиялық карталар және картография туралы жалпы мәліметтер Географиялық карта - математикалық жолмен анықталып, кішірейтілген және жинақталған жер бетінің пішінінің көрінісі
География пәні бойынша 8 сыныптарға күнделікті сабақ жоспары
География пәні бойынша 8 сыныптарға күнделікті сабақ жоспары
География пәнінен 8 сыныптарға күнделікті сабақ жоспары
Қазақстанның экономикасы: өткені, қазіргісі, болашағы (күнделікті сабақ жоспары)
Қазақстанның экономикасы: өткені, қазіргісі, болашағы (күнделікті сабақ жоспары)
Қазақстанның өткен, қазіргі кездегі экономикасы және болашақ әлеуеті туралы түсінік беру, шаруашылығының кезеңдеріне сипаттама жасауға бағыттау. Негізгі ұғымдарды енгізіп, оларға анықтама беру.
Қазақстанның физикалық географиясы нені оқытады? Қазақстанның және Батыс Қазақстан облысының географиялық орны мен шекаралары
Қазақстанның физикалық географиясы нені оқытады? Қазақстанның және Батыс Қазақстан облысының географиялық орны мен шекаралары
Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы туралы баяндау. Қазақстанның физикалық географиясы нені оқытады? Географиялық білім көздеріне сипаттама беру. Қазақстанның және Батыс Қазақстан облысының шекараларын, аумағын, географиялық координаталарын, географиялық
Гоеграфиядан күнделікті сабақ жоспары. Қайталау. Жер қыртысының қозғалысы. Жел сілкіну
Гоеграфиядан күнделікті сабақ жоспары. Қайталау. Жер қыртысының қозғалысы. Жел сілкіну
Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. Танымдық қызығушылығын арттыру. Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым - қатынас жасауды үйрету. Өздігінен жұмыс істеуді үйрету.
Африканың физикалық-географиялық орны, мұхиттары, зерттелу тарихы
Африканың физикалық-географиялық орны, мұхиттары, зерттелу тарихы
Африканың физикалық - географиялық орны, мұхиттары, зерттелу тарихы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.