Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстанның табиғат зоналары. Орманды дала және дала зоналары (күнделікті сабақ жоспары)

23 қыркүйек 2016, Жұма
Категориясы: География
Күнделікті сабақ жоспары, география 8 сынып
Тақырыптар:
36 - сабақ. Қайталау сабағы
37 - сабақ. Қазақстанның табиғат зоналары. Орманды дала және дала зоналары.
38 - сабақ. Шөлейт және шөл зоналары.


Тақырыбы: Қайталау сабағы
Білімділік: «Қазақстанның өсімдіктер мен жануарлар дүниесі» тақырыбы бойынша алған білімдерін қайталап, бекіту.
Дамытушылық: Интерактивті тақтамен, ойын элементтерін қолдануды үйрену, ойында оқушыларды өзара жарыстыру, сайысқа түсіру арқылы оқушылардың белсенділіктерін арттыру.
Тәрбиелік: Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақтың түрі: ойын - сайыс сабақ
Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс - тәсілдері: репродуктивті, проблемалық
Құрал - жабдықтар: Қазақстанның физикалық картасы, ішкі сулар картасы, 8 сынып Атласы
Сабақтың кезеңдері: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Тақырыпты қайталап, бекіту кезеңі
3. Бағалау кезеңі
4. Сабақты қорытындылау кезеңі

Сабақтың барысы:
1. Мұғалім оқушылармен амандасып, балалардың кім - жоғын сұрайды. Кейін оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.
2. Ең алдымен жалпы тақырып бойынша сұрақ - жауап әдісімен өткен тақырыптарды еске түсіреді. Яғни барлық өсімдіктер мен жануарлар, «Қызыл Кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктерді» емдік қасиеті бар өсімдіктерді еске түсіреді.
Кейін мұғалім презентациялармен дайындалған ойынын бастайды. Ойынның аты «Кім жүйрік?» ойынның мақсатымен, кезеңдерімен, ережелерімен және бағалау талаптарымен таныстырады. Осыдан кейін ойынды бастайды. Ең алдымен бірінші турын өткізеді: бұл турда оқушылар тест сұрақтарына жауап беру керек. Әрбір дұрыс жауапқа 10 балдан беріп отырады. Мұнда жеке бағалау парағы бар. Бұл парақта оқушылардың аттары, бағаларына арналған ұяшықтар бар. Осы ұяшықтарға дұрыс жауап берген оқушылардың балдарын жазып отырады.
Ойынның екінші кезеңі картамен жұмысқа арналған. Мұнда әрбір оқушы шығып, мұғалімнің айтқан нысандарын картадан көрсетеді.

3. Оқушыларды ойын кезеңдерінде алған балдарын санап, балдары бойынша ең көп ұпай жинаған оқушы ойынның жеңімпазы атанады. Соңында оқушылардың жалпы белсенділігіне байланысты бағалайды.
4. Сабақты қорытындылау кезеңінде мұғалім сабақтың артықшылықтары мен кемшіліктерін айтып, оқушылармен бірге қорытындылайды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау
2 521
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
География пәні бойынша 8 сыныптарға күнделікті сабақ жоспары
География пәні бойынша 8 сыныптарға күнделікті сабақ жоспары
География пәнінен 8 сыныптарға күнделікті сабақ жоспары
Күнделікті сабақ жоспары. Табиғат зоналары
Күнделікті сабақ жоспары. Табиғат зоналары
Еуразия материгінің табиғат зоналарымен таныстыру, олардың ерекшеліктері мен маңыздыларына тоқталу.
Еуразияның табиғат зоналары
Еуразияның табиғат зоналары
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №11 орта мектептің география пәні мұғалімі Толегенова Жазира
Қазақстанның экономикасы: өткені, қазіргісі, болашағы
Қазақстанның экономикасы: өткені, қазіргісі, болашағы
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №17 жалпы орта білім беретін мектептің тарих - география пәні мұғалімі Кылышпекова Карлыгаш Толеубековна
Орманды дала зонасы
Орманды дала зонасы
Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Ғ. Малдыбав атындағы Жаңажол орта мектебінің география пәні мұғалімі Шекенова Гулай Сайлауовна
Қазақстанның табиғат зоналарын қорытындылау
Қазақстанның табиғат зоналарын қорытындылау
Алматы облысы, Қаратал ауданы, Көкпекті ауылы, Жұбан Молдағалиев атындағы МДШО орта мектебінің география пәнінің мұғалімі: Дандыбаев Ерлан Жолдыбайұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×