Білімділер поралы

Павлодар облысының отын - энергетикалық кешені (күнделікті сабақ жоспары)

Күнделікті сабақ жоспары, география 9 сынып
Тақырыптар:
16 - сабақ. Павлодар облысының отын - энергетикалық кешені
17 - сабақ. Қазақстанның шаруашылығы. Отын - энергетикалық кешені
18 - сабақ. Машина жасау кешені. Машина жасау
19 - сабақ. №3 сарамандық жұмыс
20 - сабақ. Металлургия кешені. Қара металлургия


Тақырыбы: Павлодар облысының отын - энергетикалық кешені

Білімділік. Павлодар облысының көмір өнеркәсібінің ерекшелігі мен маңызы туралы көзқарастарын қалыптастыру. Павлодар облысының ОЭК - нің құрамы туралы, көмір алаптары туралы, электр қуаты туралы білімдерін тереңдету.
Дамытушылық. Павлодар облысы шаруашылығын карта бойынша сипаттау арқылы икемділіктерін одан әрі дамыту.
Тәрбиелік. Өз өлкесі туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақ түрі: жаңа тақырып
Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап
Құрал - жабдықтар: Павлодар облысының әкімшілік және физикалық картасы
Негізгі ұғымдар: отын - энергетика кешені, отын өнеркәсібі, көмір алаптары, МАЭС, ЖЭС, ЖЭО, МӨЗ, электроэнергетика
Номенклатура: Қазақстан, Петропавл, Павлодар, Семей, Риддер, Көкшетау, Ақтөбе, Орал, Түркістан, Тараз, Қарағанды, Астана, Алматы, Атырау

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.
2. Жаңа тақырыпқа көшу кезеңі
Кіріспе сұрақтар:
1. Көмір өнеркәсібі Қазақстанның қай облыстарында дамыған?
2. Негізгі көмір алаптары мен кесінділерін атаңдар.

3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі.
Отын өнеркәсібі – облыстың басты энергиясының көзі. Павлодар облысында көмірді шығаратын 8 орын бар. Ең ірілері – Екібастұз бен Майкүбі бассейндері. Екібастұз көмір алаңы – Қазақстандағы ең ірі алаңның бірі. Оның жалпы қоры – 1208 млрд. т. Ол ХІХ ғ. екінші жартысында ашылды. 1899 ж. Воскресенск тау - кен өнеркәсіптік акционерлік қоғам көмірді өндіре бастады. 1903 ж. Көмір өндіру тоқталды. 1913 ж. Жұмысты ағылшындар қайта бастады. 1916 ж. 64 мың тонна көмір өндірді. 1925 ж. Жұмыс тоқталып, кен орны национализацияланды, 1948 ж. Бірінші көмір кесіндісі жұмыс істей бастады. Екібастұз көмірі әлсіз жанады, күлі көп, күкірті көп, қызу шығару мүмкіндігі орташа. Ең ірі көмір кесіндісі – Богатырь. Нағыз техникамен жабдықталған кесіндісі «Восточный».
Майкүбі көмір алабы 1982 ж. Игеріле бастады. Оның жалпы қоры – 109 млрд. т. оның көмірінің күлі аз, күкірті аз, жылу жоғары, жақсы жанады. Көмірі металлургия және химия өнеркәсібінде шикізат ретінде пайдаланылады.
Қазақстандағы мұнай өнеркәсібінің дамуы Павлодар облысындағы мұнай өңдеуші зауыттарсыз дамуы мүмкін емес. Зауыттың қуаттылығы – 7, 5 млн. т. 1978 ж. МӨЗ алғашқы: мазут, бензин, дизелдік отын сұйылту газдарының өнімін берді. Қазір зауыт жаңа құралдармен жабдықталған, мұнда мазутты тереңнен өңдеп шығарудың күрделі технологиялық кешені құрылған.
Энергетика – Павлодар облысының шаруашылығының өзекті салаларының бірі. 1994 ж. Облыстың энергетикасы 27, 6 млрд. квт/сағ. электр энергиясын өндірген. Ақсуда МАЭС, Екібастұзда екі МАЭС және бір ЖЭО, Павлодарда 3 ЖЭО бар. Өндірілген электр энергиясы облыс пен республикада да пайдаланылады, бірақ оның көп бөлігі жоғары вольтті электр желісі арқылы Оралға, Батыс Сібірге экспортталады.

4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
Бекіту сұрақтары: 1) Павлодар облысындағы өндірілетін көмірдің диаграммасын сызу; 2) Екібастұз бен Майкүбі көмір кен орындарына салыстырмалы сипаттама бер; 4) Кешеннің шаруашылықтағы маңызы мен түрлері; 5) Кешеннің құрылымы, оның бөлшектері мен ерекшеліктері; 6) Кешеннің негізгі проблемалары мен оларды шешу жолдары; 7) Кешенді өңдейтін салалардың орналасу факторлары; 8) Өндірістің шоғырланған аудандары мен территориялық құрылымы; 9) кешеннің даму болашағы

5. Сабақты қорытындылау кезеңі
1. Павлодар облысының отын - энергетикалық кешені қандай салалардан тұрады?
2. Негізгі көмір кесінділерін атаңдар.
3. Павлодар облысында өндірілетін электр қуаты қайда пайдаланылады?

6. Бағалау кезеңі
Оқушылар сабақ барысында белсенділік танытуына және тапсырмаларды орындауына қарай бағаланады.
7. Үйге тапсырма беру
Мәтін соңындағы сұрақтар мен сабақ үстінде үлгермеген сұрақтарға жауап беру.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.


Толық нұсқасын қарау
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Жаңалықтар бөлімі
Соңғы пікірлер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Қауын мен қарбыз
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • беке
    Жазған: беке
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Омонимдер
  • aiboll
    Жазған: aiboll
    Мына жаңалықта: Химия әлеміне саяхат
  • Батон
    Жазған: Батон
  • aiboll
    Жазған: aiboll
  • Bekamaster
    Жазған: Bekamaster
  • Жетыген
    Жазған: Жетыген
Загрузка...
Өз пікіріңді білдір
Білімділер порталына қандай бөлім жетіспейді?
Интернет дүкен (магазин)
Хабарландыру тақтасы
Онлайн оқыту бөлімі
форум
Тестілеу орталығы
Сайтта кім бар
Барлығы: 310
Қолданушылар: 1
Қонақтар: 309
Роботтар: 2
aleke
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика