Білімділер поралы
загрузка...

Биосфера - тіршілік ортасы. Ғаламшардағы тіршілік

Сабақтың тақырыбы: БИОСФЕРА - ТІРШІЛІК ОРТАСЫ
§ 25 Ғаламшардағы тіршілік
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жалпы ғаламшардағы тіршілік туралы жан - жақты түсінік беру.
Білімділік: Табиғаттағы тірі ағзалар тіршілігі туралы айта отырып, білімдерін жетілдіру.
Оқушыларды мекен еткен ортаға бейімделгіштігі жайында мағлұмат беру.
Дамытушылық: Оқыту кезінде оқушыларға түрлі тапсырмалар мен жұмыстар бере отырып
оқушылардың ойлау қабілеттерін, қиялдарын, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды өз беттерінше жұмыс жасауға, тапсырылған жұмысты жылдам орындауға
және алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ - жауап, тәжірибе жасау
Пәнаралық байланыс: физика, химия, география
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайд, венн диаграммасы, бейне роликтер көру.

Сабақтың құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)
2. Үй жұмысы: «Суреттерді сөйлете білесің бе?» (7мин)
3. Жаңа сабақ: «Білгенге маржан» (15мин)
4. Бекіту: «Білім кілті танымдылықта» (7 мин)
5. Тәжірибе жасау: «Оқу түбі тоқу» (10)
6. Бағалау: «Еңбегіне қарай өнбегі» ( 3 мин)

1. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сынып бөлмесін сабаққа дайындау
ә) Оқушыларды түгелдеу
б) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
«Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін, тек қана
олардың оқуы үшін жағдай жасаймын» (Альберт Эйнштейн )

2. Үй жұмысы: Табиғаттағы денелер мен заттар. «Суреттерді сөйлете білесің бе?»
Слайд парақшаларының бетінде смайлик суретінің артына жасырылған суреттерді сөйлете білу.
1. Заттық белгісі бар әр түрлі заттар
2. Заттардың өлшем бірліктері
3. Жасанды және табиғи заттар
4. Қарапайым және күрделі заттардың айырмашылығы
5. Диффузия құбылысы
6. Қатты, сұйық, газдардағы диффузияның қозғалысы
7. Экологиялық диффузия
8. Заттың агрегаттық күйі, физикалық құбылыс
9. Механикалық қозғалыс
10. Табиғи құбылыс
11. Тепе – теңдік
12. Дененің деформациясы

3. Жаңа сабақ: «Білгенге маржан» Сабақтың тақырыбын ашу үшін
«Жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуы» бейне көрінісі көрсетіледі.
Ғаламшардың тіршілік ортасы «биосфера» қабатында таралған. Яғни, биосфераны тіршілік қабаты дейді. Бұл сөз грек тіліне шыққан (биос - тіршілік, сфера - шар) Жер қабығы, бұл ұғым биология ұғымында ХІХ ғасырда ене бастады. Биосфера құрлықтағы, теңіздегі, және мұхиттағы тіршіліктің өмір сүруіне қолайлы барлық аймақтарды алып жатыр

Жер ғаламшарында тіршіліктің пайда болғанына 4, 5 - 5миллиард жылдан асты.
БИОСФЕРА - Жердегі тіршілік иелерінің өмір сүретін қабығы.
Биологияда “БИОСФЕРА” терминін француз ғалымы Жан Батист Ламарк ХІХ ғ. енгізді
Геология саласында 1875 жылы аустриялық геолог ЭДУАРД ЗЮСС енгізді
1926 жылы биосфера туралы ілімді орыс геохимигі В. И. Вернадский зерттеді
БИОСФЕРА - литосфераның жоғарғы бөлігі, гидросфераның тұтас, атмосфераның төменгі бөлігінің жиынтығынана тұратын тіршілік қабығы.
Жердің 3 км - ге дейінгі тереңдігінде тірі ағзалар кездеседі, одан әрі терең қабаттарды температураның көтерілуіне байланысты тіршілік иелері болмайды. Жер қыртысының беткі қабатында 20 км. биіктікке дейін де тіршілік кездеседі. Онда азон қабаты қорғағыштық рөл атқарады. Одан жоғары ультракүлгін сәуле әсерінен тіршілік иелері кездеспейді.
Құрлықтағы тіршілік иелерінің 97 % - ын өсімдіктер, 3 %- ын жануарлар құрайды.
Ғаламшардағы тіршілік ортасын 4 ке бөліп қарастырамыз.
1. Бактериялар
2. Саңырауқұлақтар
3. Өсімдіктер
4. Жануарлар
Табиғаттағы өсімдіктер - флораны құрайды. Тірі ағзалар дүниесіндегі негізгі екі топтың екіншісіне жатады. Өсімдіктер табиғатта фотосинтез жүргізеді.
Жануарлар дүниесін – фаунаны құрайды. Тірі ағзалар дүниесіндегі негізгі екі топтың біріншісіне жатады. Олар негізінен, дайын органикалық қосылыстармен қоректенетін гетеротрофты ағзалар. Құрылысына қарай жануарлар көпжасушалы және біржасушалы ағзалар болып екіге бөлінеді.
Үлкейткіш құралдар:
Микроскоп -( грек.- ұсақ және көремін) жай көзге көрінбейтін нысандардың бірнеше есе үлкейтілген кескінін көрсететін құрал.
(1632 – 1723) жж. Антони ван Левенгук. Кіп-кішкентай шынымен адамзат қоғамы мен ғылым үшін өте маңызды жаңалық ашты.
Сергіту сәті: «Табиғат адамзатқа аманат» бейне көрініс

4. Бекіту: «Білім кілті танымдылықта»
1.«Кластер» дамыту. Тіршілік ортасы.
2. Ғаламшардағы тіршілік ортасының төрт патшалығы (Венн диаграммасы)

5. Тәжірибе жасау: «Оқу түбі тоқу»
Сенің тәжірибең: пияздың беткі жұқа қабығын ажыратып алып, шыбынды шыныға қойып, микроскоппен қарап пияздың жұқа қабығының және шыбынның сыртқы құрылысын анықтап дәптерлеріңе жазыңдар

6. Бағалау: «Еңбегіне қарай өнбегі»
Бір - бірлерін "Бағдаршам" арқылы бағалайды..
Үй жұмысы: ҒАЛАМШАРДАҒЫ ТІРШІЛІК.
129 бет. Қызықты деректер және артық болмас білгенің тақырыбындағы қосымшасын оқу

Мойынқұм ауданы А. Назарбеков ауылы
Ә. Молдағұлова атындағы негізгі орта мектебі
География пәні мұғалімі: Д. Е. Таласбаева

Слайдын жүктеу
Материал рейтингісі:
  • 0
барлық дауыс бергендер: 0
Басқа жаңалықтарды оқу:
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Үздік жаңалықтар
Бәйге бөлімі
  • Having fun. Abilities.

    To learn and practise Can/can't. To develop the pupil's habits of reading, speaking and writing, to support an interest to the English lesson.
  • Әртүрлі саладағы модельдер

    модель түрлерімен ажырата білуге, модель түрлерін анықтауға, модельдеудің қажеттілігін, оның пайдасын түсіндіру; оқушының шығармашылығын, ойлау қабілетін арттыру; еркін пікір білдіру мен өзара ...
  • Жұлдызды аспан

    Жұлдызды аспан – шоқжұлдыздар мен жұлдыздар олардың атаулары мен белгіленулері туралы ақпарат беру, айырмашылығын көрсету.
  • Зат есімнің септелуі

    Зат есімнің септелуі туралы түсінік беру. Септік жалғауларымен таныстырып, олардың сұрақтарын меңгерту. Оқушылардың топпен жұмыс істеу, ойлау, есте сақтау, зерделеу қабілеттерін дамыту.
  • Жұмбақ математика

    1 - ден 5 - ке дейін тура және кері санау, геометриялық пішіндерді ажырату; жұмбақ құрастыру, логикалық тапсырмаларды орындау арқылы балалардың тілін, ой – өрісін, ойлау қабілетін дамыту. ...
  • «Наурыз» С. Сейфуллин

    С. Сейфуллиның «Наурыз» өлеңді мәнерлеп оқиды. Сыни ойлауға үйренеді. Өлеңді жан - жақты талдайды. Жеке тұлға ретінде шығармашылыққа, іздемпаздылыққа баулу.
  • Ш. Мұртаза «Эльза – кішкентай періште»

    Жазушының өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беру, үзіндіні толық талдау арқылы оқырманның рухани жан дүниесін байытудағы көркем шығарманың күш - қуатын таныту, идеялық мәнін ашу.
  • Презентацияларды құру. Безендіру шаблондары

    Презентацияны құру технологиясы туралы білімдерін қалыптастыру. Презентацияны жасауда өз шаблондарын құру технологиясын үйрену және оны практикада қолдана білу.
Соңғы пікірлер
Өз пікіріңді білдір
5 күндік оқу кестесі дұрыс па?
Ия керемет
Бұрыннан күткем
Еш өзгеріс келтірмеді
Маған бәрібір
Жоқ бұрынғысы дұрыс еді
Сайтта кім бар
Барлығы: 305
Қолданушылар: 0
Қонақтар: 305
Роботтар: 2
Ілмек сөздер
Сайт статистикасы
Яндекс.Метрика