Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Гидросфера және оның негізгі құрамдас бөліктері. Судың қасиеттері

01 сәуір 2017, Сенбі
Категориясы: География
Гидросфера және оның негізгі құрамдас бөліктері. Судың қасиеттері.
Жаратылыстану 5 сынып
Мақсаты:
А) Оқушыларға жердің су қабығының маңызы, гидросфераның негізгі компоненттері жөнінде толық мәлімет беру.
Б) Суды ластамауға, табиғатты аялауға, қорғауға тәрбиелеу.
В) Оқушылардың ойын арқылы сабаққа деген қызығушылықтарын ояту, ойлау қабілеттерін арттыру, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, талдау, қима қағаздармен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, дүниежүзінің физикалық картасы, оқулық, слайд, бейне көрініс.

Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасы
ІІІ. «Суретті таны» ойыны
ІV. « Ең ерекше» кесте
V. Жаңа сабақ
VІ. «Жұмбақтар әлемінде»
VІІ. «Дүниежүзілік су айналымы» (бейне көрініс)
VІІІ. Сергіту сәті
ІХ. Бекіту: 5 минуттық диктант, мақалды сәйкестендір.
Х. Бағалау. Үйге тапсырма.
Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай ретінде дөңгелек беремін. Сабақ соңында ұпайлары есептелінеді

І. Ұйымдастыру
Сәлемдесу, түгендеу. Назарларын сабаққа аударту. Сабақтың барысымен таныстыру.

ІІ. Үй тапсырмасы: Материктер мен аралдар
ІІІ. «Суреттерді таны» ойыны.
Солтүстік жарты шарда орналасқан 24, 2 млн км 2 болатын материк (Солтүстік Америка)
Солтүстік және Оңтүстік жарты шарда орналасқан 30, 3 млн км 2 болатын ең ыстық материк (Африка)
Солтүстік жарты шарда орналасқан 54 млн км 2 болатын ең үлкен материк (Еуразия)
Оңтүстікте орналасқан 14 млн км 2 болатын ең суық материк (Антарктида)
Оңтүстік жарты шарда орналасқан 9, 0 млн км 2 болатын ең құрғақ материк (Аустралия)
Оңтүстік жарты шарда орналасқан 18, 3 млн км 2 болатын материк (Оңтүстік Америка)
Құрлықтың суға еніп жатқан бөлігі. (түбек)
Дүние жүзіндегі ең үлкен 2 175 597 км² болатын арал (Гренландия)
Материкке қарай еніп тұрған мұхиттың бір бөлігі (шығанақ)

ІҮ. «Ең ерекше» кесте оқушыларға беріледі.
V. Жаңа сабақ:
ҮІ. «Жұмбақтар әлемінде».
Жұмбақтың шешімін тауып бүгінгі жаңа сабақ тақырыбын ашамын.
1. Қара таудай буралар,
Қара бұйра шудалар
Бура жерге шөгеді:
Бұлау терін төгеді.
(Бұлт пен жаңбыр)
2. Қыста ғана болады
Ұстасаң қолың тоңады (қар)

3. Ауыл сыртында сайда
Жатыр үлкен айна (көл)

4. Қыста шыны боп қатады
Жылыда су болып жатады (мұз)

5. Аяғы жоқ, қолы жоқ
Бірақ тыныш тұрмайды
Сақтамасақ егерде
Барлық тірлік тоқтайды
Бұл не? (су)

6. Күн астында көк шұбар
Одан асау жоқ шығар
Жарытпайды қоныстап
Тұра алмайсың оны ұстап (өзен)

Балалар жұмбақтардың шешімінің барлығы немен байланысты, (оқушы жауабы: « су») дұрыс сумен. Олай болса бүгінгі жаңа сабағымызда Жердің су қабығы – Гидросфера.
Енді оқушылар жаңа сабағымызды бастамас бұрын,
«Дүниежүзілік су айналымы» бейне көрсетілім тамашалайық.
Мұхит, өзен көл жер асты, батпақ сулары және мұздақтар мен атмосферадағы су булары - жердің су қабығы гидросфераны құрайды. ( грек сөзінен аударсақ гидро - су ). Бүкіл шамамен гидросферадағы судың қоры
(70 - 71 %) мұхит және теңіз сулары.
Гидросфераның құрамдас бөліктері: мұхиттар, өзендер, көлдер, теңіздер, жер асты сулары, шығанақтар, бұғаздар, батпақтар, еспе сулар жатады
Су: газ сутегі мен оттегінің қосылуынан пайда болған бірғана сұйықтық.
Су – бүкіл тіршілік иелерінің негізгі құрамдас бөліктері.
Гидросфераның негізгі бөлігін 1322 млн км3 дүниежүзілік мұхиттың тұзды суы, 38 млн км3 - ын тұщы су.
Судың қасиеттері: Су - сұйық, қатты, газ күйінде болады.
Сұйық күйі: көлдер, өзендер, теңіздер, мұхиттар.
Газ күйінде: тұман, көзге көрінбейтін ұсақ су тамшылары.
Қатты күйі: мұз, қар, қылау, қырау, бұршақ
Судың басқа заттардан айырмашылығы: су суығанда ұлғаяды және судың қатты күйі жеңіл болады. Сондықтанда мұз суға батпайды. Судың еріткіштік, емдік қасиеттері бар. Су жарық береді. Энергияның көзі.
Су – тіршілік үшін ғана емес тазалық үшін де өте қажет.
Зауыт, фабрикалар сумен жұмыс істейді.

ҮІІІ. Сергіту сәті «Қыдырып қайтайық»

ІХ. Бекіту: «5 минуттық диктант»
1. Гидросфера -...
2. Жер шарындағы судың.... мұхиттар мен
теңіздердің үлесіне тиеді.
3. Құрлық сулары -....,.....,......,
4. Су табиғатта.... күйде....,....,...., түрінде кездеседі.
5. Ауадағы көзге көрінбейтін ұсақ су
тамшылары.....
6. Су суығанда..... және..... болады.
Мақал – мәтелдердің орнын дұрыс тауып, мағынасын түсіндір.
Су басынан ---------- сұрауы бар
Сулы жер ------------ арамдық жоқ
Судың да ------------ бұзылады
Ағын суда ----------- нулы жер

Қосымша сұрақтар:
1. Не себепті тұз бен қант қасықпен араластырғанда тез ериді?
2. Не себепті мұз су бетінде батып кетпей қалқып жүреді?
3. Не себепті кейбір өзендердің табаны құмды болып келсе де, су жерге сіңіп кетпейді?
4. Көктем айында қар тегіс жерде ме, я болмаса орманды жерде тез ери ме? Не себепті?
5. Не себептен өзендер ұдайы ағып жатады? Неге ол таусылып қалмайды? Өзендерді толықтырып отыратын су қайдан келеді?
6. Судың үш агрегаттық күйін ата
7. Қандай жағдайда су бір күйден екінші күйге ауысады?
8. Судың ластану көзі неде?
9. Судың қасиетін ата.
10. Суда еритін заттарды ата.
11. Табиғаттағы судың рөлі қандай?
Әңгімені оқып, сұрақтарға жауап бер:
Аулада ойнап жүрген Ерлан шүмектен ағып тұрған судан:
- Сен қайдан келдің?- деп сұрайды. Су айтады:
- Алыстағы мұхиттан келдім,- деп. Ендігі жерде шөп үстіндегі шықтан сұрайды. Сен қайдан келдің?- дейді. Осы кезде шық:
- Мен сең - сең мұхиттан келдім,- дейді. Кешке қарай аула ішіне тұман түседі.
- Тұман қайдан келдің?- деп Ерлан одан да сұрайды.
– Мен де басқа сулар сияқты алыстағы мұхиттан келдім, - деп жауап береді. Үйдің жанында орналасқан газдалған су сататын жерден бір стакан су алып, оны ішпей тұрып одан да:
- Стакандағы көпіршіген су, сен қайдан келдің? – деп сұрайды.
– Егер сенсең досым, мен мұхиттан келдім,- дейді. Сонда Ерлан таң қалды. Мұздан, қардан, су тамшысынан, сорпадан, жаңбырдан, барлығынан сұрасаң да, «мен мұхиттан келдім» деп жауап береді.
a. Әңгімеде судың қандай күйі айтылған?
b. Судың қатты күйін қай жерден көруге болады?
c. Біздің шүмектен су қайдан келеді?

ІХ. Бағалау.
Сабақ басында айтылғандай, әр дұрыс жауап үшін бір ұпай беріліп отырды. 13 - 15 жауапқа «5», 8 - 12 жауапқа «4», 5 - 7 жауапқа «3».
Х. Үйге тапсырма.
§19. Гидросфера және оның құрамдас бөліктері. Судың қасиеттері.

Таласбаева Динара Елеусізқызы
Мойынқұм ауданы, А. Назарбеков ауылы,
Ә. Молдағұлова мектебі

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
31 255
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Гидросфера және оның құрамдас бөліктері, қасиеттері. Су айналымы
Гидросфера және оның құрамдас бөліктері, қасиеттері. Су айналымы
Гидросфера оның құрамдас бөліктерімен оның құрамы және су айналымы туралы түсініктерін кеңейту.
Гидросфераның құрамдас бөліктері мен қасиеттері, су айналымы
Гидросфераның құрамдас бөліктері мен қасиеттері, су айналымы
Гидросфера туралы білімдерін одан әрі дамыту. Оқушылардың географиялық ой - өрісін дамыту.
Гидросфера тарауынан өткенді қайталау
Гидросфера тарауынан өткенді қайталау
Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, «Гидросфера» тарауы бойынша алған білімдерін жүйелеп қорыту. Суды қорғауға және табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Гидросфера – Жердің су қабығы. Гидросфераның негізгі компоненттері
Гидросфера – Жердің су қабығы. Гидросфераның негізгі компоненттері
Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Шилісу негізігі мектебі КММ География пәнінің мұғалімі Кәрімжан Әлішер
Гидросфера тарауы
Гидросфера тарауы
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, «Гимназия сыныптары бар №20 Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беру орта мектебі» ММ география пәнінің мұғалімі Самешова Күляш
Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері
Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері
БҚО, Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылы география пәні мұғалімі Дюсалиева Диана Ержанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×