Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Атажұрт тарихи - танымдық ойын

16 мам 2017, Сейсенбі
Категориясы: География
«Атажұрт» тарихи - танымдық ойын
Мақсаты:
Оқушылардың табиғат туралы білімдерін, дүниетанымдарын кеңейту, қызығушылығын арттыру, ізденімпаздыққа баулу, табиғатты сүюге, аялауға тәрбиелеу. Оқушылардың ой - өрісін дамытып, өз ойын мәдениетті түрде жеткізе білуді қалыптастыру. Туған халқына, Отанына оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру. Патриоттық тәрбие беру.
Түрі: Сайыс сабақ.
Көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, дүние жүзінің саяси картасы, атлас, карточкалар, слайд, қоржын.
Пәнаралық байланыс: тарих, математика, музыка, қазақ тілі.

Ұйымдастыру бөлімі:
Асыл тастан, өнер жастан,
Шығады деп дарынды
Халық айтса, қалт айтпайды
Әрқашанда нанымды,- деп Әділқазылар алқасын құру.

Қатысушы: «Атамекен» үйірмесі мүшелері.
«Ұлы Жібек жолы», «Ұлы дала» командалары.
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары. Сан ғасырлар бойы ата - бабаларымыз еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсап келген. Талай қиындықтарды жеңе отырып, өз тәуелсіздігімізді 1991 жылы 16 желтоқсанда алдық. Тұңғыш президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың сара жолымен жүре отырып, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы өз бағыт - бағдарын ұстанған, өркениетті елдер мойындаған жеке мемлекетке айналғаны баршамызға белгілі.
Біз қазір, еліміздің қадір - қасиетін бойымызға сіңіру, ұғындыру мақсатында «Атамекен» үйірмесі мүшелерінің ұйымдастыруымен «Атажұрт» тарихи - танымдық ойынымызды өткізгелі отырмыз. Ойынымыз сайыс түрінде өтеді.
Мұнда үйірме мүшелері «Ұлы Жібек жолы», «Ұлы дала» командаларына бөлінген.
Сайысымызды бастамас бұрын бәріміз әнұран шырқап жіберейік(әнұран орындалады).

Кімдер күшті, кім алғыр,
Әділ қазы көріңіз.
Қара қылды қақ жарып,
Әділ баға беріңіз - дей келе, қазылар алқасымен таныс болайық.

Маңғыбаева Анар - география пәні мұғалімі
Севепова Мөлдір – математика пәні мұғалімі
Қосмұратова Айнұр – жаратылыстану - математика бағытындағы пәндер бірлестігінің жетекшісі.

Ал, олай болса, «іске сәт»дей отырып, ойынымызды бастайық. Бұлсайыста2 команда Қазақстан, оның табиғаты туралы білімдерін ортаға салады. Кең байтақ еліміздің даласы дәнге де, малға да, кеңге де бай дархан ел.

Жүргізуші: 10 «А» сынып оқушысы - Абиев Ернар
1 - тур. Таныстыру2 - тур. «Қанат қақты» әр команда мүшелері шапшаңдықпен 10 сұраққа тез жауап беру. 3 - тур. «Самғау» - ұпайы көп команда бастайды. Қосымша көмек беріледі. 4 - тур. «Шарықтау» жанкүйерлер сайысы. 5 - тур. «Шырқау». Бұл кезеңде топқа нөмірленген карточкалар беріледі6 - тур. «Жерұйық»- Картамен жұмыс. 7 - тур. Капитандар сайысы

Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер,- деп 2 - топ мүшелері өздерін таныстырады.
«Ұлы Жібек жолы» командасы, «Ұлы дала» командасы
Қазылар алқасы бағаларыңызды берсеңіздер.

ІІ тур. «Қанат қақты» деп аталады, мұнда әр команда мүшелері шапшаңдықпен 10 сұраққа тез жауап берулері керек.

«Ұлы Жібек жолы» командасына сұрақтар:
1. Қазақстан Республикасының 1920 жылы болған астанасын атаңыз? (Орынбор)
2. Қазақтың ұсақ шоқылы аймақтары? (Сарыарқа тауы)
3. Қазақстанның жауын - шашын ең көп түсетін жері. (Батыс Алтай. 1500 мм)
4. Хромиттің 99%- і Қазақстанның қай тауында кездеседі? (Мұғалжар)
5. Қазақстан қандай елдермен серіктес? (Ресей, Қытай)
6. Қазір бүкіл дүние жүзіндегі қазақтардың саны? (15, 5 млннан астам)
7. Антропогендік жолмен ластанған теңіз? (Арал)
8. Қазақстанның су байлығы? (Каспий теңізі)
9. Маңғыстау облысы қашан құрылды?(1973ж. 20. 03.)
10. Семей жеріне көпір салуға көп қаржы бөлген мемлекет(Жапония)

«Ұлы дала» командасына сұрақтар:
1. Қазақстан Республикасының 1997 жылға дейінгі астанасы?(Алматы)
2. Қазақстан аумағына қандай жазықтар кіреді?(Тұран, Батыс - Сібір, Шығыс Еуропа).
3. Маңғыстау облысында орналасқан қорық? (Үстірт қорығы, 1984ж.)
4. Қазақстан нешінші сағаттық белдеуде жатыр?(4 - 5 - ші)
5. Бір өзеннің бойында бірнеше СЭС салынған? Бұл қандай өзен?(Ертіс)
6. Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш мойындаған ел? (Түркия)
7. ЭКСПО - 2017 қай қалада өтпекші? Қандай тақырыпта? (Астана. «Болашақтың энергиясы)
8. Қазақстан қандай климаттық белдеуде орналасқан?(қоңыржай, континентті )
9. Қазақстанда қанша облыс бар? (14)
10. АЭС қай қалада орналасқан? (Ақтау)
Ұпай санын белгілеу.

ІІІ тур «Самғау». Көп ұпай жинаған команда бастайды.
Әр командаға 2 сұрақ беріледі, әр сұраққа жауап беруге 30 сек. беріледі.
Жауапты таба алмаған жағдайда қосымша көмек беріледі. Көп ұпай алған командаға сұрақтар. 1 - ші команданың сұрақтары:
1. Қазақстан ғылым академиясының тұңғыш президенті, өмір жолын Қазақстан экономикасының даму жолымен тығыз байланыстырған ғалым.(Қ. И. Сәтбаев)
Қосымша көмек: Оның ашқан кен орындарынан қорытылған мыс «дүниежүзілік стандарт» деп есептеледі.
2. Бұл тауға Қаратаудың батыс және шығыс жоталары мен Ақтау тау тізбектері кіреді. Бұл қандай тау?(Маңғыстау таулары. Ең биік жері - Бесшоқы 556 м). Қосымша көмек: Сол таудың оңтүстігінде ТМД - дағы ең төмен жер - Қарақия(- 132 м) орналасқан.
2 - ші команданың сұрақтары:
1. Қала өткен ғасырдың ортасынан дейін өзінің саудалық маңызын сақтады, қазір ол тарихи және мәдени орталық. Мұнда мұсылман сәулет өнерінің інжу маржаны, Қожа Ахмет Иассауи кесенесі орналасқан көне қала қалай аталады ( Түркістан )
Қосымша көмек: Айтылып отырған қаламыз Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан ежелгі қала.
2. Орта Азияның солтүстік батысы мен Қазақстанның оңтүстік батысындағы үлкен аумақты алып жатқан ойпаң өңір. Қазақстанға оның тек солтүстік бөлігі кіреді. Негізінде Орта Азия Республикасы жерінде орналасқан. Бұл қандай ойпат? (Тұран ойпаты)

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы,
Боранқұл селосы, «Боранқұл орта мектебі» ММ
География пәні мұғалімі: Булекбаева Лаззат Сауирбаевна
Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
4 305
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дүниежүзінің Табиғат ресурстары және олардың түрлері
Дүниежүзінің Табиғат ресурстары және олардың түрлері
Табиғат ресурстары мен олардың жіктелуі, табиғат ресурстары түрлерінің дүние жүзі бойынша таралуы мен әркелкі орналасу туралы білімдерін беріп, жетілдіру
Мен – егеменді елдің болашағымын
Мен – егеменді елдің болашағымын
Петропавл қаласы, «Өнер колледжі - музыкалық - эстетикалық бейіндегі дарынды балаларға мамандандырылған мектеп - интернат»кешені» Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі: Ж.Б.Ашимова
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Қазақстан болашағы – білімді ұрпақ
Атырау қаласы жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ахмеджанова Гүлжан Утеуовна
Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет. Қазақстан – менің Отаным
Қазақстан – Тәуелсіз мемлекет. Қазақстан – менің Отаным
Астана қаласы, «Көпбейінді колледж»МКҚК Қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы: Айсариева П. А
Тірегі сен тәуелсіздік төрінің
Тірегі сен тәуелсіздік төрінің
Отан, туған жер, атамекен, елім, ауылым, деген – жүрек тебірентіп, шаттық сезімді оятып қасиетті сөздер мен туған жердің тарихын, шежіресін білу - әрбір ұрпақтың азаматтық бұрышы. «Қазақстан - менің елім» тақырыбы аясында өтетін «Атажұрт»
10-cыныпқа күнделікті сабақ жоспары 68 сағат (жаратылыстану бағыты)
10-cыныпқа күнделікті сабақ жоспары 68 сағат (жаратылыстану бағыты)
10-cыныпқа күнделікті сабақ жоспары 68 сағат (жаратылыстану бағыты)
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×