Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Таулар. Таулардың биіктігіне қарай бөлінуі.

03 қараша 2017, Жұма
Категориясы: География
Сабақтың тақырыбы: Таулар. Таулардың биіктігіне қарай бөлінуі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың «таулар», «тау жотасы», «тау аңғары», «таулы өлке», «тау торабы» ұғымдарымен таныстырып, физикалық карталар бойынша басым биіктіктерін және биік шыңдарды анықтау тәсілдерін үйрете отырып оқушыларға аласа, орташа және биік таулар ұғымдарын қалыптастыру.
Дамытушылығы: Әр аймақтың өзіне тән ерекшелігін, табиғатының әсемділігін көруге оны қорғауға, аялай білуге деген ойларын әрі қарай тереңірек дамыту.
Тәрбиелілігі: Ұйымшылдыққа бірлесе қызмет жасауға, ойлау қабілетін дамытуға, өз беттерімен тұжырымдай білуге, танымдық қабілеттерін дамытуға
дағдыландыру.
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: тірек - сызбамен оқыту, сұрақ - жауап,
картамен жұмыс, «бес тұспал» ойыны.
Сабақтың түрі:
Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, компьютер,
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Көрнекілігі:
Жарты шарлар картасы және Қазақстанның физикалық картасы, атлас, интерактивті тақта, анықтамалықтар, «Таулар» тақырыбына арналған суреттер, тірек - сызбалар.

Сабақтың құрылысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Өткен тақырыпты қорытындылау кезеңі
ІІІ. Жаңа тақырыпқа бейімдеу кезеңі.
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
2. Сұрақтар бойынша пікірлесу.
ІҮ. Жаңа тақырыпты оқып - үйрену.
1. Мұғалімнің баяндауы, түсіндіруі
2. Картамен жұмыс
Ү. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
1. «Бес тұспал» ойыны (таулардың геогр. орнын анықтау)
2. Атлас карталарымен жұмыс жасау
3. Диаграмма сызу
4. Сөздікпен жұмыс
ҮІ. Сабақты қорытындылау
ҮІІ. Бағалау.
ҮІІІ. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Өткен тақырыпты қорытындылау.
Оқушылармен сұрақ – жауап әдісі бойынша өткен тақырыпты қайталап еске түсіріледі.
1. Жер қыртысында қандай қозғалыстар болып тұрады?
2. Жанартау дегеніміз не?
3. Жанартаудың элементтерін мына суреттен атап көрсет.
4. Қандай жанартауларды білесіңдер?
5. Сөнген жанартау дегеніміз не?
6. Сөнбеген жанартаулар дегеніміз не?
7. Жанартауды не үшін зерттеу қажет?
8. Жер бетін қалыптастыруда жанартаудың әрекеттерінің рөлі қандай?
9. Ыстық бұлақтар мен гейзерлер қандай жағдайда пайда болады?
10. Бұрын жанартау атқылаған жерге тап болдың дейік. Оның сөнген жанартау екендігін қандай белгілері бойынша дәлелдер едің?

ІІІ. Жаңа тақырыпқа бейімдеу кезеңі.
1. Сабақтың мақсат – міндеттері айтылады. Жаңа материалды оқып үйрену жоспары айтылады.
Жаңа сабақтың жоспары
1. Таулар
2. Таулардың биіктігіне қарай бөлінуі
3. Таулардың географиялық орнын қалай анықтауға болады

2. Оқушылардың жаңа тақырыпқа қатынасын қалыптастыру
1. Жер қыртысы дегеніміз не?
2. Жер қыртысы қозғалысының неше түрі бар?
3. Баяу көтерілу дегеніміз не?
4. Төмендеу дегеніміз не?
5. Өздерің табиғаттан н/е суреттен көрген төбелер мен тауларды естеріңе түсіріп, олар туралы айтып беріңдер
6. Салыстырмалы биіктік деген не?

ІҮ. Жаңа тақырыпты оқып – үйрену кезеңі
1. Мұғалімнің баяндауы, түсіндіруі
1. Тірек – сызбамен оқыту.
Төбе секілді тау да - жақсы байқалатын шыңы, табаны, беткейлері жер бетінің дөңес формасы. Алайда төбелердің салыстырмалы биіктігі 200 м – ден аспайды, ал таулардың жер бетінен биіктігі қашан да 200 м – ден жоғары болады.
Төбелердің үсті тегіс, беткейлері жалпақ болып келеді, өйткені олар әдетте борпылдақ шөгінді жыныстардан тұрады.
Таулардың жер бедері. Табиғатта оқшау тұрған таулар сирек кездеседі. Вулкандар бұған жатпайды.

Таулар. Таулардың биіктігіне қарай бөлінуі. жүктеу
2 469
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Таулардың биіктігіне қарай жіктелуі. Таулардың пайда болуы. Ескі және жас таулар.
Таулардың биіктігіне қарай жіктелуі. Таулардың пайда болуы. Ескі және жас таулар.
Таулардың пайда болуы жайлы сипаттама беру, қатпарлы және қатпарлы - жақпарлы таулар, таулардың өзгеруі туралы білімдерін кеңейту
Биік таулы өлкелер
Биік таулы өлкелер
Қазақстан биік таулы өлкелері туралы, биіктік белдеулер және табиғат ресурстары туралы білімдерін қалыптастыру. Әртүрлі тақырыптық карталармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруды дамыту. Карта бойынша тауларға сипаттама беру дағдыларын
Құрлықтағы таулар
Құрлықтағы таулар
Таулар жайында, тау қыраты, үстірт, өлке, аңғар деген сөздердің ерекшеліктері мен маңыздылығы жайында білім беру.
Аласа таулар
Аласа таулар
Оқушыларды аласа таулармен таныстыру Оқушылармен техникалық нұсқау картасы және плакат бойынша жұмыс жасап, білім сапасын көтеру. Оқушылардың шығармашылық қиялын дамыту, қызмет көрсету саласына үйрету және пәнге деген қызығушылығын арттыру,
Таулар, таулардың биіктігіне қарай бөлінуі
Таулар, таулардың биіктігіне қарай бөлінуі
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясының тарих - география пәні мұғалімі Молдабаева Мархабат Маратқызы
Таулар
Таулар
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп - гимназиясы Есмурзаева Лазда Адсадыковна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×