Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Химия өнеркәсібінің салалары. Құрылыс материалдары

24 желтоқсан 2012, Дүйсенбі
Категориясы: География
Павлодар қаласы,
Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған
облыстық қазақ гимназия –интернатының
география пәні мұғалімі Жунусбаева Марал Турмысовна

9 сынып
Сабақтың тақырыбы. Химия өнеркәсібінің салалары. Құрылыс материалдары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Химия кешенінің құрылымын, ерекшелігін, орналасу факторларын, басқа салалармен байланысын, шикізат базасының ауқымдығын анықтау.
Дамытушылық: Оқушыларды өздігінен білім алуға бағыттай отырып, ойлау белсенділіктерін дамыту. Ақпаратпен жұмыс жасай алуын қамтамасыз ету.
Тәрбиелік: өзара оқытуда, топпен оқытуда сыйластыққа, мәдениеттілікке, бір-бірін тыңдауға тәрбиелеу.

Сабақта қолданылатын құрал-жабдықтар: карта, атлас, оқулық, интербелсенді тақта.
Сабақтың барысы:
І Табысқа жету / Мотивация /

Мәлімет: Елдің 1 тұрғынынан есептегенде жылына 20 тонна пайдалы қазба өндіріледі екен, ал оларды өңдеуде шығатын қалдықтар 17 млрд. –тан асады екен.
- Осыншама қалдықпен не істеу қажет? - Қайда өңдеу қажет
- қандай өнеркәсіпте біз бұны қолданамыз? - химия өнеркәсібінде

ІІ тақырыпқа шығу және мақсатты айқындау /оқушылардың еншісінде/
- Бүгінгі өтетін тақырыбымыз не?
- Химия кешенімен танысу үшін алдымызға қандай мақсат қоямыз?
- химия кешенінің құрылымын білу;
- салаларын анықтау;
- шикізат базасын анықтау;
- ерекшелігін білу т.б.

ІІІ проблемалық сұрақ қою
- Барлықтарыңа белгілі, жалпы әр кешеннің өздеріне тән шикізаты болады, мысалы
- Метеллургия кешеннің басты шикізаты – темір;
- Отын энергетикалық кешеннің басты шикізаты – көмір, мұнай, газ.
Сұрақ : 1. химия кешенінің шикізаты не ? оны білмейміз
2. химия кешенінің басқа кешеннен қандай айырмашылығы бар?
ІY. Жаңа сабақты меңгеру. 1. топпен жұмыс
1 тапсырма жаңа тақырыпты білу үшін;
2 тапсырма қорытындылап, талқыға салу үшін:
3 тапсырма: меңгерген тақырыптары бойынша сұрақтар қою

І топ
ІІ топ
ІІІ топ
ІУ топ - әр топқа берілетін сұрақтар
1.Химия кешенінің ерекшелігі, орналасу факторы, ірі салалары,шикізат базасы қандай?
2.Химия кешенін неліктен күрделі құрылым дейміз? түсіндір 1. Еліміздің негізгі химиясын қандай өндірістер құрайды, және әлсіз өндірістер қандай?
2. Химяның «төрт тағаны» дегенді қалай түсінесіңдер? 1.Құрылыс материалдарына не жатады, сызбаға түсір және өндірістің шаруашылықтағы маңызы неде?
2.Цеменке сипаттама бер 1.98суретті пайдаланып, ағаш өңдеу салаларына сипаттама бер, орталықтарын ата
2.Қазақстан аймақтарындағы ормандылық көрсеткіштер жайлы әңгімелеп бер, қорытынды жаса

У. Жаңа сабақты қорытындылау: Сызба бойынша
Химия кешенінің құрылымы
УІ Бекіту, қолдану сабағы
1. Диаграмма сызу. Қорытынды жасау 54 бет №5 с/ж.
Қорытындысы Қазақстанның химиясы 5 саладан тұрады, онда негізгі химия басты орын алады.
2.Географиялық номенклатураға байланысты: Әр орталыққа химия өндірісін сәйкестендіріп, картадан көрсету.
1.Жезқазған ------------ күкірт қышқылы
2.Ақтөбе ----------------- хром
3.Тараз ------------------- фосфор
4.Атырау ------------------ пластмасса
5.Қостанай --------------- химиялық талшықтар / жасанды және синтетикалық / -су
6.Алматы ----------------- дәрі-дәрмек,резеңке
7.Шымкент --------------- дәрі –дәрмек, цемент, шина, резеңке,
8.Семей ------------------- цемент, целлюлоза
9.Ақтау --------------------- азот,пластмасса
10.Астана ------------------ резеңке,
11.Балқаш ----------------- күкірт қышқылы
12. Теміртау -------------- синтетикалық каучук – энергияны көп қажет етеді

Үйге тапсырма: Өндіріс қалдықтарын пайдалану негізінде қандай өнімдер алынады: Мысалы: мұнай – жанармай, мазут т.б
Сонымен, қандай химиялық заттар бар екен? Осындай заттарды қандай жолмен аламыз?
УІІ Рефлексия
Сонымен химия кешенінің басқа салалармен тығыз байланысы бар ма?, оны қалай түсіндіре аласың ? Қандай артықшылығы бар?

І топ.
Тақырыбы: Химия өнеркәсібінің салалары
1. Химия кешенінің ерекшелігі, орналасу факторлары, ірі салалары, шикізат базасы қандай?
2. Химия кешенін неліктен күрделі құрылым дейміз?

ІІ топ.
Тақырыбы: Химия өнеркәсібінің салалары
1. Еліміздің негізгі химиясын қандай өндірістер құрайды және әлсіз өндірістер қандай?
2. Химияның «төрт тағаны» дегенді қалай түсінесің?

ІІІ топ.
Тақырыбы: Химия өнеркәсібінің салалары
1. Құрылыс материалдарына не жатады,сызбаға түсір және өндірістің шаруашылықтағы маңызы неде?
2. Цементке сипаттама

УІ топ.
Тақырыбы: Химия өнеркәсібінің салалары
1. 98 суретті пайдаланып, ағаш өңдеу салаларына сипаттама бер,орталықтарын ата?
2. Қазақстан аймақтарындағы ормандылық көрсеткіштер жайлы әңгімелеп бер, қорытынды жаса.
12 107
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Машина жасау кешені
Машина жасау кешені
Оқушыларға Қазақстанның машина жасау кешені, салалары, кен орындары жөнінде түсіндіру. Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Түсті металлургия. Павлодар облысының металлургия кешені
Түсті металлургия. Павлодар облысының металлургия кешені
Шымкентте қорғасыннан басқа 14 түрлі өнім алынады. Ауыр металдардың тағы бір ерекшелігі – құрамында пайдалы компоненттердің аз болуы. Сондықтан балқыту зауыттары шикізат көзіне таяу орналасады. Осы себептен мұнда көп кезеңді флотация қолданылады.
Тамақ өнеркәсібі
Тамақ өнеркәсібі
Оқушыларға тамақ өнеркәсібінің құрылымы, сапасы, таралу аймақтары жөнінде білім беру.
Оңтүстік Қазақстан
Оңтүстік Қазақстан
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің география пәні мұғалімі Тлеумуханова Гулсим Тулегеновна
Химия кешені
Химия кешені
Нұртас Оңдасынов атындағы Түркістан аймақтық «Дарын» мектеп-интернатының география пәні мұғалімі Сержанов Фархад
Химия өнеркәсібі кешені
Химия өнеркәсібі кешені
Химия өнеркәсібінің маңызы, шаруашылықтағы рөлі және тау-кен өнеркәсібі мен оларды орналастырудың негізгі принциптерін түсіндіру;
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×