Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Литосфера тақырыбы бойынша қайталау

25 желтоқсан 2017, Дүйсенбі
Категориясы: География
6 сынып Ашық сабақ.
Сабақтың тақырыбы: «Литосфера» тақырыбы бойынша қайталау.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың жүйелі ойлауын, өздігінен, топ болып жұмыс істеу дағдыларын одан әрі дамыту;
Оқушыларды ізденімпаздыққа, жауапкершілікке, өз бетімен жұмыс істеуге, табиғатты қорғауға тәрбиелеу мақсатында қорытынды – қайталау сабағы;
Сабақтың көрнекіліктері: Карта, кескін карта, сабақ жоспары жазылған плакат, жердің құрылысы (ішкі, сыртқы) сызбасы, термин сөздердің кестесі, ұлы тұлғалардың аты - жөні жазылған плакат.
Сабақтың түрі: аралас сабақ, Биология, тарих, әдебиет, дене шынықтыру пәндерімен байланыстырады.

Сабақтың жүрісі:
I Ұйымдастыру
Сабақтың жоспары:
1. Өткен сабақ бойынша білім дағдыларын тексеру (көрнекіліктер арқылы)
2. Тест тапсырмалары (ауызша)
3. Футбол ойыны (деңгейлік тапсырмалар)
4. Картамен жұмыс
5. Терминдермен жұмыс (кесте арқылы)
6. Ұлы тұлғаларды тану жарысы (топпен жұмыс)
7. Сөзжұмбақ
Қорытынды

Оқушылар үй тапсырмасы бойынша төмендегідей сұрақтар мен тапсырмаларға жауап береді.
a) Жердің сыртқы құрылысын атап, топтастырып сипаттама бер.
b) Осының ішінде біз өткен «литосфера» дегеніміз қандай қабат? Ол қандай мағынаны білдіреді?
c) Жердің ішкі құрылысын атап, топтастыр сипаттама бер.
d) Литосфералық тақта жеген не? Литосфералық тақта нешеу? Атап шық.
Ескерту: Осы кезде әр қатардан жақсы оқитын 1 - оқушы қатарындағы оқушылардың берген жауабы белгілеп отырады
Ал келесі тест тапсырмасын мен ауызша оқимын. Сендер сұрақтардың қайсысы дұрыс жауаптарын 4 жауап қолдарыңдағы
А, Ә, Б, В деген үлестірме арқылы көтеріп отырасыздар. Қате көтерген оқушыға сары белгі беріледі. Ал мұқият тыңдаймыз
1. Жердің ең үстіңгі қатта қабаты
а) биосфера ә) атмосфера б) литосфера в) гидросфера

2. Еуразия материгіндегі ең биік сөнбеген жанартау
а) Везувий, ә) Қазбек б) Ключи шоқысы в) Килиманджаро
3. Жер сілкіну жиі болатын аймақтар:
а) жазықтар ә) таулы аймақтар б) ойпаттар в) үстірттер
4. Жер қыртысының қозғалысын бақылайтын аспап
а) нивелир ә) тұсбағар б) сейсмограф в) эхолот
5. жер сілкіну ошағы дүмпуінің жер бетіне шығатын жері
а) кратер ә) эпицентр б) жанартау в) гейзер
6. Фонтан сияқты атқылайтын ыстық бұлақ
А) лава ә) гейзер б) гнейс в) кратер
7. Химиялық шөгінді тау жынысы
а) құмтас ә) әктас б) шағын в) тас тұзы
8. Шөлдерде желдің әрекетінен пайда болатын орақ тәріздес құм төбешіктің аты
а) жыра ә) шатқал б) шағыл в) барқан

Жақсы балалар. Енді біз деңгейлік тапсырма орындап көрейік. Дене шынықтыру сабағынан барлықтарын білетін «Футбол ойынын» ойнайық. Ойын шарты мынадай:
Қазір ортаға
1) Қақпашылар – өте жақсы оқитын оқушыдан 2 оқушы 1 деңгейдегі
2) Қорғаушылар – жақсы оқитын оқушыдан 4 оқушы 2 деңгейдегі
3) Шабуылшылар – нашар оқитын оқушыдан 4 оқушы шығады
Төреші: «Өте жақсы» оқитын бір оқушыны сайлап аламыз. Ол оқушы барлық жауапты тексеріп тұрады. Қателескен, дұрыс жауап бермеген оқушыға өзінің сары үлестірме – сұрағын береді. Жауап бере алмаған командаға «гол» болады. Сынып екі командаға бөлінеді. Ала доптың суреті бар үлестірме «деңгейлік» сұрақтар таратылады. Допты кімге берсе, сол оқушы жауап беріп отырады. Жауап берген оқушы келесі балаға беруі тиіс.

География пәнінің мұғалімі: Қосберегенова Нұршагүл

Литосфера тақырыбы бойынша қайталау. жүктеу
4 226
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
География пәнінен олимпиадаға дайындау жоспары
География пәнінен олимпиадаға дайындау жоспары
География пәнінен олимпиадаға дайындау жоспары
Жай бөлшектерге амалдар қолдану тарауын қайталау
Жай бөлшектерге амалдар қолдану тарауын қайталау
Жай бөлшектерге амалдар қолдану тақырыбынан алған білімдерін тұжырымдап, білім дәрежелерін байқау. Іскерліктерін, өз бетімен еңбектенуін, оқушылардың білім дағдыларын, танымдық қасиеттерін дамыту.
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер мен теңсіздіктер жүйесін қорытындылау сабағы
Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер мен теңсіздіктер жүйесін қорытындылау сабағы
Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Восточный жалпы орта білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі: Сулекеева Гульзира Каппасовна
Microsoft Excel бағдарламасының мүмкіндіктері
Microsoft Excel бағдарламасының мүмкіндіктері
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 мектеп - гимназиясының информатика пәнінің мұғалімі Қалитова Жұлдыз Кентайқызы
Квадраттық теңдеулерді шешуге есептер шығару
Квадраттық теңдеулерді шешуге есептер шығару
БҚО, Орал қаласы, А. Байтұрсынов атындағы №10 ЖББОМ математика пәні мұғалімі Диярова Айымгүл Сәтиқызы
"План және карта" тарауы бойынша қайталау сабағы
"План және карта" тарауы бойынша қайталау сабағы
Қызылорда облысы, Арал қаласы №71 мектебінің география пәні мұғалімі Балманова Гульмира Советқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×