Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстанның көлдері

14 қаңтар 2018, Жексенбі
Категориясы: География
Ашық сабақ
Қазақстанның көлдері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Оқушыларға көлдер, олардың пайда болу ерекшеліктерімен, маңыздылығы жайлы білім беру, Қазақстанның ірі көлдерімен таныстыру
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың жеке бастарының танымдық қабілеттерін, географиялық сөз қорларын дамыту. Картамен жұмыс жүргізуде іскерлік дағдыларын, пәнге деген қызығушылықтарын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға адамгершілік, экологиялық тәрбие бере отырып, табиғатқа ұқыптылықпен қарап, аялай білуге тәрбиелеу.

Үй тапсырмасы
Алаптар бойынша Қазақстанның ірі өзендеріне сипаттама
1 - тапсырма «Бинго ойыны»
2 - тапсырма. «Мені анықта» ойыны
3 - тапсырма. Семантикалық карта
Жаңа сабақ
ҚАЗАҚСТАННЫҢ КӨЛДЕРІ
Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстарды көл деп атайды. Көлдің теңізден айырмашылығы оның мұхитпен тікелей байланысы жоқтығы. Көлдер жазықта да, тауда да кездеседі. Көлдердің ауданы мен тереңдігі әр түрлі болып келеді. Табиғатта ауданы шағын кішкентай көлдер де және үлкендігіне байланысты теңіз деп аталатын ірі көлдер де бар.
Көлдер тереңдігі жағынан да әр түрлі. Евразиядағы Байкал көлі – дүние жүзіндегі ең терең көл. Оның ең терең жері 1620 метр.
Қазақстанда 48 мың көл бар. Олардың ең ірілері: Каспий, Арал, Балхаш.
Қазақстанда ауданы 100 км2 - тан асатын 21 көл картаға түсірілген.

Қазақстан көлдерінің ерекшелігі:
94 % (Көбі) кішкентай көлдер.
Табиғат зоналарына біркелкі таралмаған.
Көлдердің суы солтүстіктен оңтүстікке қарай тұщы көлден тұзды көлдерге ауысады.
Қазақстан көлдері топ - топ болып шоғырланып орналасқан.
Жасының әр түрлі болуында

Көл ---------------------- Ауданы, км²
Каспий теңізі --------- 371000
Балқаш ----------------- 16400
Арал теңізі ------------- 13900 (2015 ж)
Солтүстік Арал теңізі ----------- 3300
Алакөл -------------------- 2200
Зайсан -------------------- 1810
Теңіз көлі ---------------- 1590
Сілетітеңіз ---------------- 750
Сасықкөл ----------------- 736

Қазақстан көлдері қазаншұңқырларының пайда болуына қарай:

Тектоникалық көлдер
Төмен түскен ойыстар мен жарықтарда көл қазаншұңқырлары суға толып, көлдер пайда болады. Мұндай көлдер Қазақстанның оңтүстік - шығыс таулары мен Сарыарқада көбірек таралған. Жайсан, Марқакөл, Қарасор, Теңіз - Қорғалжың тобы, Көкшетау тобы (Бурабай, Зеренді, т. б.) осы топқа жатады.
Реликті (қалдық) көлдер
Ертеде пайда болған жазықтарға, оның ішінде Каспий маңы ойпатына тән. Сонымен қатар Тұран ойпатының Торғай қолатындағы, Балқаш - Алакөл ойысындағы кейбір көлдер қалдық көлдерге жатады. Қазақстанның басты қалдық көлдері - Каспий мен Арал теңіздері.
Мұздық көлдер (морена)
Биік тауларда ежелгі мұз басқан аудандарда кездеседі. Оларға мореналық көлдер жатады. Іле Алатауындағы Үлкен Алматы өзенінің бастауы Үлкен Алматы көлі, Жетісу Алатауының солтүстік беткейіндегі Лепсі өзені бастау алатын Жасылкөл және т. б. мұздық көлдері жатады.
Суффозиялық немесе борпылдақ жыныстардың шөгуінен пайда болған көлдер
Бөгендер мен тоғандар
Ескі арна көлдері
Қар көлдері

Жедел тест
1. Ертеде пайда болған жазықтарға тән көл түрі қалай аталады
А) Мұздық көлдер В) тектоникалық көлдер С) реликті көлдер
2. Мұздық көлдер типі қандай ауданда кездеседі?
А) биік тауларда В) жазық жерлерде С) ойпаттарда
3. Марқакөл, Бурабай көлдері қандай көл түріне жатады?
А) Мұздық көлдер В) тектоникалық көлдер С) реликті көлдер
4. Мұздық көлге жататын көлді көрсет
А) Үлкен Алматы В) Каспий С) Арал
5. Қалдық көлге жататын көлдер
А) Бурабай В) Каспий, Арал С) Лепсі

Қазақстанның көлдері. слайдты жүктеу
33 570
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Көлдер
Көлдер
Көл ұғымы түсінігі мен көлдің ерекшеліктері мен түрлері туралы білімін түрлі схемалар мен интерактивты тақта арқылы қалыптастыру.
Көлдер мен бөгендер
Көлдер мен бөгендер
Қызылорда обылысы, Арал ауданы, Қызылжар елді мекені, №81орта мектебі География пәнінің мұғалімі Акбергенова Салтанат Асылбаевна
Көлдер
Көлдер
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Жарқамыс орта мектебінің география пәні мұғалімі Қарашолақова Набат
Қазақстан көлдері. Ірі көлдер
Қазақстан көлдері. Ірі көлдер
Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, №19 ОМ тарих және география пәні мұғалімі Тохан Манаргуль
Көлдер мен бөгендер
Көлдер мен бөгендер
Қызылорда облысы, Арал ауданы, Аралқұм стансасы, № 61 орта мектептің география пәні мұғалімі Тлеукабылова Жұлдыз
Көлдер
Көлдер
Қарағанды облысы,Бұқар жырау ауданы География пәнінің мұғалімі Мухтарова Данара
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×