Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


География сабақтарында практикалық жұмыстарды ұйымдастыру

08 қаңтар 2013, Сейсенбі
Категориясы: География
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы,
Қарауылкелді орта мектебі, география пәні мұғалімі
Бердіғали Шынар Ибадуллақызы

География сабақтарында практикалық жұмыстарды ұйымдастыру жолдары.

Бұл әдістемелік баяндамада географиядан жүргізілетін практикалық жұмыстардың түрлеріне мысалдар келтірілген және бірнеше жұмыс түрлері көрсетілген. Жас мамандарға көмек болар деген оймен жариялауды жөн көрдім.

Мектептегі география пәні оқушыларға физикалық географияның алғашқы курсында географиялық түсініктер мен ұғымдарды бере отырып адамның табиғатпен қатынасы, халықтар, ғаламдық проблемалар, дүние жүзілік экономика туралы білімдермен ұштастырылады. Оқу бағдарламасының базалық мазмұны мұғалімдерге оқушылардың теориялық білімі негізінде олардың практикалық тапсырмаларды орындау біліктерін қалыптастыруға көмектеседі.

Оқу материалының практикалық жұмыстары бағалау,болжау,түсіндіру,сипаттау, картадан көрсетіп атап беру біліктерін қалыптастыруға бағытталған. Оқушылардың бағалау және болжай алу біліктерін қалыптастыруға арналған практикалық жұмыстар жоғары сыныптарда басымырақ болып келеді. Оқу пәнінің базалық мазмұнында міндетті практикалық жұмыстар белгіленіп берілген. Мысалы: 6 класта барлығы – 51 сағат берілсе соның 6 сағаты практикалық жұмыстарға бөлінген. Практикалық жұмыстар белгілі бір тарау бойынша алған білімдері мен біліктерін өмірде қолдана білуге және пәнді тереңірек меңгеруге үйретеді. Әрбір практикалық жұмыстың өзінің алдына қойған мақсаты мен міндеті және орындалу тәртібі болуы тиіс.

Практикалық жұмысты орындау барысында оқушы шығармашылықпен жұмыс істеуді және картаны еркін оқуды меңгереді. Сондықтан әрбір практикалық жұмыстарды орындауға ерекше көңіл бөліну керек. Сабақтардағы практикалық жұмыстарды орындау кезінде оны дұрыс ұйымдастыра білу маңызды болып табылады. Дұрыс ұйымдастырылған жұмыстар ғана оң нәтиже береді. Практикалық жұмыстарды орындау барысында карталармен, диаграмма, статистикалық мәліметтермен жұмыс жүргізіледі. Жалпы карта географияның екінші тілі десек, оны меңгерген оқушы географиялық білім көздерін де толық меңгереді. Әрбір класс бойынша орындалатын практикалық жұмыстардың өзіндік ерекшеліктері бар.

Мысалы: 6 класс оқушылары көкжиек тұстарын анықтау, азимут, географиялық координаталарды анықтау, сызба сызу, шартты белгілермен жұмыс тәрізді жұмыстарды орындаса, 9 класс оқушылары Қазақстанның шаруашылық құрылымы сызбасын құрастыру, халықтар тығыздығын анықтау, статистикалық мәліметтерді пайдалана отырып диаграмма құру тәрізді күрделенген тапсырмаларды орындайды. Практикалық жұмыстарды орындау барысында оқушылар мерзімдік баспасөз материалдарын, әлемдегі өзгерістер жүйесін де меңгереді. Табиғат пен қоғамның өзара әсерлесуіне өзіндік көзқарастарын қалыптастырады.

Практикалық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде бұрыннан келе жатқан сабақ жоспарының модельі сақталғанымен, сабақ барысында әр ұстаз өзінің шығармашылық даму деңгейіне қарай мүмкіндігінше түрлендіріп отырады. Практикалық жұмыстар оқушылардың әртүрлі проблемаларды шешу жолдарын іздестіруіне мүмкіншілік туғызып, олардың логикалық ойлау қабілетін дамытады, оқуға қызығушылығын арттырады.Мысалы: 11 класта Еуропа елдері тақырыптарына талдау жасау мақсатында орындалатын практикалық жұмысты төмендегідей ұйымдастыруға болады:

Практикалық жұмыстың тақырыбы: Еуропа елдеріне талдау жасау.
Жұмыстың мақсаты: Қосымша анықтамалық мәліметтермен жұмыс жүргізу, өзіндік іс-әрекеттерін қалыптастыру, сараптау, іскерлік қабілеттерін дамыту.
Жұмысқа қажетті материалдар: Оқулық, карта, анықтамалық кітаптар.

Жұмыстың орындалу реті:
№1 жұмыс. Еуропа елдерінің ЭГЖ байланысты ерекшеліктерін ата.
№2 жұмыс. Сызбаны толықтыр:
Еуропа елдері

Жоғары дамыған Шығыс Еуропа елдері Батыс Еуропаның шағын капиталистік
Мемлекеттер елдері

№3 жұмыс Астаналарды дұрыс тап, картадан көрсет, белгіле

№ Елдер --------- Астаналар
1 Словения
2 Италия


№4 жұмыс Европа елдері бойынша кестені толтыр
Аумағы үлкен мемлекеттер Халқының саны жоғары мемлекеттер Ергежейлі мемлекеттер Аралда орналасқан мемлекеттер Түбекте орналасқан мемлекеттер Үлкен жетілікке мүше мемлекеттер

№5 жұмыс. Төмендегі кестені толтыр
Ірі компаниялар--------- Шығаратын өнімі----------- Қай елге тиесілі
Фиат
Юнилевер
Фольксваген

№6 жұмыс. Семантикалық картаны толтыр
Қалалар,елдер------ Ұлыбритания ----Италия --- Франция----Германия --- Испания --- Чехия--?
Милан
Прага
Валенсия
Глазго
Бонн
Марсель
Барселона
Амстердам

№ 7 жұмыс. Логикалық сұрақтарға жауап бер
1. Гексагон ел
2. германиядағы автомобиль астанасы
3. Жер бедері шығаратын өніміне ұқсас ел
4. «Химиялық держава» елі
5. Теократты монархиялы ел
6. Екі атауы бар ел
7. Напалеонның туған жері
8. Гольфтың отаны


Практикалық жұмыстар жүйесі оқушылардың географиялық мазмұндағы таным түсініктерін күнделікті тұрмыстық немесе өмірлік жағдаяттарман байланыстыруға мүмкіндік береді.
Мысалы: 8 класта Қазақстанның топырағы және топырақ – жер ресурстары тақырыбын өткенде практикалық жұмысты төмендегідей ұйымдастыруға болады:
Практикалық жұмыстың тақырыбы: Топырақ типтері ,таралуы,жергілікті жер топырақтарының ерекшеліктеріне бақылау
Жұмыстың мақсаты: Жергілікті жер материалдарын пайдалана отырып танымдық сараптама жасау, өзіндік іс-әрекеттерін қалыптастыру, сараптау, іскерлік қабілеттерін дамыту.
Жұмысқа қажетті материалдар: Оқулық, карта, топырақ топтамасы.
Жұмыстың орындалу реті:
№1 жұмыс. Қазақстан территориясында кездесетін топырақ типтеріне анықтама бер.
№2 жұмыс. Сызбаны толықтыр

Топырақ эрозиясы

№3 жұмыс. Қазақстанның топырақ картасынан негізгі топырақ типтерін анықта, кескін картаға белгіле.
№4 жұмыс. Жергілікті жер топырағының түрлеріне, топырақ құрылымына және типіне анықтама бер. (оқушыларға жергілікті жер топырағын үйден алып келу тапсырылады)
№5жұмыс. Төмендегі сөздерге анықтама бер
1. Топырақ
2. Құрылымды топырақ
3. Докучаев
4. Құрылымсыз топырақ
5. Қарашірік
№6 жұмыс Өз ойынды білдір
Топырақтың таралуына өсімдік жамылғысының әсері бар ма?
№7жұмыс
Топырақтың механикалық құрамы мен қасиеттерін анықта (тәжірибе жасау)

Сабақтарда ұйымдастырылатын практикалық жұмыстар сол тарауда өтілген барлық материалдарды қамтитындай етіп алынса, оқушылардың білім деңгейін анықтауға да мүмкіндік туады. Сабақ барысында қатынаспаған немесе өз білімін көрсете алмаған оқушылар практикалық жұмыста материалды қаншалықты меңгергенін анық көрсетеді және оқушы білімін бағалауда да талас тумайды.

Практикалық жұмыстар коммуникативтік, ақпараттық және проблемаларды шешу сияқты түйінді құзіреттіліктерді шешуді қамтиды. Сондықтан практикалық жұмыстарды өз мәнінде ұйымдастыру оқушы білімінің сапасын көтеруге көмектеседі және шығармашылықпен, ғылыми жұмыстармен айналысатын оқушылардың дараланып шығуына ықпал жасайды. Қорыта келгенде георгафия сабақтарында практикалық жұмыстарды орындатуды түрлендіріп өткізуге әртүрлі бағытта ұйымдастыруға болатындығын баса айтқым келеді.
39 552
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР география 7 сынып
Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР география 7 сынып
Әдістемелік ұсыныстар «География» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР география 8 сынып
Жиынтық бағалау ТЖБ, БЖБ, СОЧ, СОР география 8 сынып
Әдістемелік ұсыныстар 8-сынып «География» пәні бойынша ұзақ мерзімді оқу бағдарламасы негізінде дайындалған.
География пәнінен олимпиадаға дайындау жоспары
География пәнінен олимпиадаға дайындау жоспары
География пәнінен олимпиадаға дайындау жоспары
География тақырыптық - күнтізбелік жоспар 6 - сынып
География тақырыптық - күнтізбелік жоспар 6 - сынып
География тақырыптық - күнтізбелік жоспар 6 - сынып (барлығы 68 сағат, аптасына 2 сағаттан)
Қазақстанның экономикасы: өткені, қазіргісі, болашағы
Қазақстанның экономикасы: өткені, қазіргісі, болашағы
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №17 жалпы орта білім беретін мектептің тарих - география пәні мұғалімі Кылышпекова Карлыгаш Толеубековна
Paint графикалық редакторында практикалық жұмыс
Paint графикалық редакторында практикалық жұмыс
Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы. Информатика пәні мұғалімі Накишева Салтанат Бакытбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×