Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қазақстанның шөлейт және шөл зоналары

05 қазан 2018, Жұма
Категориясы: География
Тақырыбы: Қазақстанның шөлейт және шөл зоналары
Сілтеме: күнтізбелік тақырыптық жоспар 8 - сынып
Сабақтың мақсаты: Дүниетанымдық көзқарастарын кеңейту, оқыту барысында интербелсенді әдіс - тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттыра отырып, өз ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту (дәстүрлі емес сабақ)
Сабақтың әдісі: сыни тұрғыдан ойлау стратегиясының әдістері, өздік жұмыс, топтық жұмыс, кестені толтыру, іздену, сұрақ - жауап, тірек сызба, кескін картамен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, жарты шарлар физикалық картасы, интербелсенді тақта, кесте, кескін карта, электронды оқулық.
Күтілетін нәтиже: оқушылардың шөлейт және шөл зонасының табиғатына салыстырмалы сипаттама бере алуы, картадан шөл, шөлейт зоналарының шекарасын көрсете білуі, өз ойларын айқын жеткізе алуы.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық. «Жақсы сөз, жарым ырыс» оқушылар бір - біріне тілек айтады.
І. Қызығушылықты ояту
1. Ой қозғау негізінде «шөл», «шөлейт» сөздеріне топтастыру жүргізіледі.
2. «Шөлейт және шөл зонасы» деген сөзден тақырыпты айқындап, сабақтың барысы мен мақсатын хабарлау.
3. Мұғалім интербелсенді тақтадан шөл және шөлейт зоналарының өсімдіктері мен жануарлары туралы слайд көрсетіп, тақырыптың түйінді мәселелеріне тоқталады.
Оқушылар Қазақстанның физикалық картасынан шөл, шөлейт зоналарының аумағын, ірі шөлдерді көрсетеді.

ІІ. Мағынаны тану
Жаңа тақырыпты өз бетімен игеру мақсатында оқушыларды 3 топқа бөліп, спикер, таймер сайланады. Топтарға оқулық мәтіні бөліп беріледі.
1 - топқа шөлейт зонасы
2 - топқа шөл зонасы
3 - топқа шөлдің түрлері. Оқушылар мәтінді оқып, сын тұрғысынан ойлау стратегиясының «Жигсо» әдісімен талдап, бір — біріне түсіндіруге уақыт беріледі. Кластер дайындап спикер қорғайды.
Электронды оқулықтан тақырып мазмұны тақтаға көрсетіліп, оқушылар шөлейт және шөл зонасы тақырыбын оқып төмендегі кестені дәптерлеріне толтырады:

Кескін картамен жұмыс: кескін картаға шөлейт, шөл зоналарының шекараларын түсіру.
Оқушылардың жаңа білімді игеру деңгейін тексеру барысында «Ыстық орындық» стратегиясын пайдалану. Оқушылар сабаққа байланысты бір - бір сұрақтан жазып қобдишаға салады. Жеребе бойынша 1 оқушы ортадағы орындыққа келіп отырады. Қобдишаға салынған сұрақты таңдау арқылы сол сұраққа жауап береді. Жауап бере алмаса келесі оқушы алмастырады.
Сұрақтардың мазмұны:
Шөлейт зонасының географиялық орнының ерекшелігі қандай? Шығыс Қазақстан облысы қандай табиғат зоналарында орналасқан?
Климатының континентті және құрғақ болуына қандай факторлар әсер етеді?
Шөлейт және шөл зонасында топырақтың қандай түрлері бар?
Топырақ құрамында қара шіріндінің мөлшері қанша?
Шөлдің түрлерін атап, картадан көрсет.
Құмды шөлдер қалай пайда болған?
Құмды шөлдердің табиғатының ерекшелігі қандай?
Сазды шөлдердің өсімдіктерін ата.
Эфемерлер мен эфемероидтар деген не?
Шөлде өсетін дәрілік өсімдіктер туралы не білесіз?
Шөл зонасының өсімдіктері мен жануарлары климаттың қатаңдығына қалай бейімделген
Шөл зонасында қандай қорықтар бар? Картадан көрсет.
Шөл зонасының табиғатын қорғау мақсатында қандай іс - шаралар жүргізіледі? Ғылыми қағидаларды дамыту үшін шөлдегі негізгі мәселелерді айқындау және оның шешу жолдарын қарастыру жөнінде оқушылардың ой - пікірлері, ұсыныстары тыңдалады.
Сергіту сәті: «Жаңбыр» тренингі

ІІІ. Ой толғаныс.
Оқушылар «Шөлдегі тіршілік» тақырыбына эссе жазып, жазған эсселерін оқиды.

ІV. Бағалау:
Бағалау парағына топ басшысы баға қойып, мұғалім қорытынды бағалайды.

Ү. Кері байланыс
Оқушылар сабаққа байланысты көңіл күйлерін стикерге жазып, тақтаға іледі.

ҮІ. Үйге тапсырма:
«Шөлейт, шөл зоналары» тақырыбын оқу, «Қазақстанның шөлейт, шөл зоналары» тақырыбына слайд дайындау.

Шығыс Қазақстан облысы, Шар қаласы, Жарма ауданы,
Абай атындағы мектеп - балабақша кешенінің география,
биология пәнінің бірінші санатты мұғалімі
Тунгатова Гульназ Слямовна
2 966
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тянь - Шань
Тянь - Шань
Тянь - Шань тауының ерекшеліктеріне сипаттама беруді жалғастыру. Географиялық құбылыстармен, құрылымдарды байқай біліп, сипаттама бере білуге үйрету. Адам әрекетінің әсерімен болатын табиғат компоненттерінің өзгеруі туралы түсінікті дамыту.
Африканың физикалық-географиялық орны, мұхиттары, зерттелу тарихы
Африканың физикалық-географиялық орны, мұхиттары, зерттелу тарихы
Африканың физикалық - географиялық орны, мұхиттары, зерттелу тарихы
География пәнінен 9 сыныптарға арналған емтихан билеттері
География пәнінен 9 сыныптарға арналған емтихан билеттері
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №11 жалпы білім беретін орта мектептің география пәні мұғалімі Толегенова Жазира Кенжекуловна
Орманды дала зонасы
Орманды дала зонасы
Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Ғ. Малдыбав атындағы Жаңажол орта мектебінің география пәні мұғалімі Шекенова Гулай Сайлауовна
Қазақстанның табиғат зоналары
Қазақстанның табиғат зоналары
М. Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп – интернатының география пәні мұғалімі Нурбаева Мирамгуль Кыдырбаевна
Қазақстанның табиғат зоналарын қорытындылау
Қазақстанның табиғат зоналарын қорытындылау
Алматы облысы, Қаратал ауданы, Көкпекті ауылы, Жұбан Молдағалиев атындағы МДШО орта мектебінің география пәнінің мұғалімі: Дандыбаев Ерлан Жолдыбайұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×