Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Беларусь Республикасы

22 сәуір 2019, Дүйсенбі
Категориясы: География
География 10 сынып
Сабақтың тақырыбы: §51 Беларусь Республикасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Беларусь Республикасының географиялық орны, табиғаты және табиғат ресурстары, халқы, шаруашылығы, сыртқы экономикалық байланыстары жөніндегі түсінік беріп, білім негізін қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қасиетін, ойлау өрісін, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Қазақстан елімен Беларусь Республикасын салыстыра отырып, Отаншылдыққа, өз елінің патриоты болуға, достастыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңа білімді қалыптастыру
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ - жауап, сызба арқылы, картамен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі. Интерактивті тақта, кесте, карта, схема, суреттер, деңгейлік тапсырмалар.
Пәнаралық байланыс: тарих, биология, саясат.
Күтілетін нәтиже: Оқушылардан Беларусь Республикасы туралы жан - жақты білім алу.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
1. Амандасу
2. Оқушыларды түгендеу
3. Журнал бетін толтыру

Жаңа сабақ
Беларусь Республикасы
Географиялық орны

Солтүстік - батысында Литва, Латвия мемлекеттерімен, шығысында Ресеймен, оңтүстігінде Украинамен, Батысында Польшамен шектеседі. Теңіздік шекаралары жоқ. Ауданы - 207, 6 мың км2.

Табиғаты және табиғат ресурстары
Беларусь аумағын Ежелгі Орыс платформасы негізінде қалыптасқан жазықтар алып жатыр. Солигорск маңында калий тұздарының д. ж. ең ірі кен орындарының бірі орналасқан, Мозырь Давыдов кен орындарында ас тұзының едәуір мол қоры бар, ел аумағында құрылыс материалдары да мол. Беларусь жеріне қоңыржай континентті климат тән.

Халқы
Халқы 9, 8 млн адам. Тұрғындарының өмір жасының орташа ұзақтығы - 68 жас. Ұлттық құрамы беларусьтар (78%), орыстар (13%), поляктар (4%), украиндар (3%), және т. б. Халықтың орташа тығыздығы 1 км2 – 47, 4 адамнан келеді.
Беларусь Республикасы жүктеу
Беларусь Республикасы слайд жүктеу
1 982
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Беларусь Республикасы
Беларусь Республикасы
Беларусь Республикасының экономикалық - географиялық жағдайының ерекшеліктері, өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығының салалары туралы жөнінде түсіндіру.
Жапония шаруашылығы. Сыртқы байланыстары
Жапония шаруашылығы. Сыртқы байланыстары
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Аудандық білім бөлімінің әдіскері Елғондина Гүлжанат Базарбайқызы
Оңтүстік Қазақстан ЭГЖ ерекшеліктері, табиғат жағдайы мен ресурстары және халқы
Оңтүстік Қазақстан ЭГЖ ерекшеліктері, табиғат жағдайы мен ресурстары және халқы
Жаңаарқа ауданы, С. Сейфуллин атындағы орта мектебінің география пәні мұғалімі: Шакенов Жанбол Толеубайұлы
Түркия мемлекетінің құрылысы. Табиғат жағдайы және ресурсы. Халқы
Түркия мемлекетінің құрылысы. Табиғат жағдайы және ресурсы. Халқы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті №170 орта мектептің география пәні мұғалімі Әбдіжаппарова Жадыра Орынбайқызы
Біздің Отанымыз-Қазақстан
Біздің Отанымыз-Қазақстан
Дүниетану 3 сынып Сабақтың тақырыбы: Біздің Отанымыз - Қазақстан
Үндістан. Мемлекеттік құрылымы мен құрамы. Табиғат  жағдайлары мен ресурстары
Үндістан. Мемлекеттік құрылымы мен құрамы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары
Байқоңыр қаласы, № 8 Ю. А. Гагарин атындағы мектептің География пәні мұғалімі Измамбетова Айбарша Итеменовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×