Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алтай

19 қаңтар 2013, Сенбі
Категориясы: География
Байқоңыр қаласы, М. Әуезов атындағы
№6 жалпы білім беретін орта мектеп
география пәнінің мұғалімі
Жанибекова Светлана Айдыновна

Сабақтың тақырыбы: Алтай
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік – Алтайдың географиялық орны, жер бедері, табиғат жағдайы, пайдалы қазбалары, климат жағдайларының ерекшеліктері, өзендері мен көлдері, табиғат зоналары, өсімдіктері мен жануарлары, аймақтың экологиялық жағдайы жайлы білімдерін арттыру.
б) дамытушылық – сұрақтарға жауап беру арқылы білім жинақтауына, әртүрлі тапсырмалардың көмегін пайдалана отырып, оқушылардың танымдық қабілетін дамыту, пәнге қызығушылығын ояту, өз ойын, пікірін дұрыс айта білуге үйрету.
в) тәрбиелік – оқушыларды бірлесіп жұмыс істеуге, жолдасының пікірін тыңдай білуге, табиғаттың сұлулығын аялауға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ.
Сабақ әдісі: сұрақ - жауап, баяндау, картамен, ойын түрлерімен, тақтамен жұмыс.
Көрнекі - құрал жабдықтары: Қазақстанның физикалық картасы, медиапроектор, слайдтар.
Пән аралық байланыс: тарих, биология, әдебиет.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
1. оқушылар назарын сабаққа аудару.
2. оқушыларға сабаққа белсене қатысуды, бір - бірінің жауабын тыңдауды ескерту.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Оралдың географиялық орны.
2. Жер бедері мен геологиялық құрылысы
3. Пайдалы қазбалары.
4. Климаты мен су қоры.
5. Табиғат зоналары. Өсімдіктері мен жануарлары.

ІІІ. Үй тапсырмасын «Білім минуты» ойынымен Қорытындылау.

ІV. Жаңа сабақты талдау:
1. Географиялық орны.
2. Жер бедері мен геологиялық құрылымы..
3. Пайдалы қазбалары.
4. Климаты өзендері мен көлдері.
5. Табиғат зоналары. Өсімдіктері мен жануарлар дүниесі.

Географиялық орны.
Алтай Зайсан ойпатынан басталып, Байкал көліне дейінгі аралықты алып жатқан Алтай - Саян таулары деп аталатын аса үлкен тау жүйесінің бір бөлігі. Қазақстанға оның оңтүстік - батыс шеті ғана кіреді. Оның оңтүстігі Қара Ертіс өзені мен Зайсан көлі, батысы Қалба жотасы. Сарыарқадан Шар өзенінің аңғарымен бөлінеді. Мұзтау – Алтай тау жүйесінің Ресей жеріндегі ең биік шыңы (4506). Қатын жотасының шығыс жағын ала, Қазақстан мен Алтай өлкесінің әкімшілік шекарасы маңында жатыр. Ұшар басында Үлкен, Кіші Берель, Меңсу т. б. мұздықтары бар, бұлардан Қатынсу өзені бастау алады.
Жер бедері мен геологиялық құрылымы.
Жер бедерінің ерекшеліктеріне қарай Қазақстандық Алтай үш ауданға бөлінеді. Олар – Кенді Алтай, Оңтүстік Алтай, Қалба жотасы.
Оңтүстік Алтай солтүстігінде Бұқтырма өзені мен оңтүстігінде Зайсан, Қара Ертіс аралығында жатыр. Ертіс аңғары оны батыс жағынан Қалба жотасынан бөліп тұрады. Шығысында ол Үкөк тау қыратымен шектеседі. Осы жерден батысқа және оңтүстік батысқа қарай екі тау жотасы тарайды. Оларды Күршім мен Қарақоба өзендері бөліп жатады. Тарбағатай (2739м), Сарымсақты (3373м), нарын (2386м) жоталары солтүстік тау бөлігіне кірсе, оңтүстік Алтай жотасы (3483м), Сарытау (3300м), Күршім (2644м) жоталары оңтүстік бөлікті құрайды. Асу жотасы мен Сарытаудың аралығында 1449 м биіктікке Марқакөл қазаншұңқыры орналасқан. Бұл ауданның биік бөлігі шығыс жағында; батысқа қарай біртіндеп аласарып, тау қыратына айналады. Тау шыңдары аралығында көлемі шағын, онша терең емес көлтабандар, батпақты көлдер мен шағын тақырлар кездеседі. Олардың өзі 2300 - 2500 м биіктік шамасында жатыр.

Ауданның батыс шекарасы Холзун тау тізбегінен өтеді. Оның жер бедері адырлы келеді. Жоғарғы жағы толқынды кең қыраттардан тұрады. Одан жоғарыда жалаңаш шыңдар орналасқан. Таудың оңтүстік беткейлері тік және күшті тілімденген. Тау етектері біршама жазықтау.
Кенді Алтай – Оңтүстік Алтайдың солтүстік - шығыс бетінде Үлбі (2300м), Иванов (2775 м), Үбе (2100 м) тау жоталарынан тұрады. Олар Қатынтау жотасы мен Үкөк тау қыратынан тарайды. Олардың жер бедері әр түрлі. Оның жеке бөліктерінің жер бедері әбден тілімделген биік таулы болып келеді. Көп жерлерін қылқан жапырақты орман жапқан таулардың беткейлері – көлбеу, төбелері доғалды - дөңесті, кей жерлерінде тегістелген үстірттер ұшырасады.

Қалба жотасы Ертіс өзенінің сол жағында жатыр. Оның ең биік нүктесі – Сарышоқы (1558 м). Қалба жотасы батыс жағында Шар аңғары арқылы Сарыарқамен шектеседі. Тау төбелері жұмырлау, беткейлері әбден тілімделген, кей жерлері жазық келеді.
Қазақстандық Алтай тауы герцин қатпарлығында түзілген, олар тегістеліп аласарған жоталармен кезектесіп отыратын бірнеше көтерілудің нәтижесінде пайда болған. Мезозой дәуірінің аяғында мүжіліп, үгітіліп, жазыққа айналған өлке неогеннен, антропоген кезінде қайта көтерілген. Кей бөліктерінде опырылып үлкен блоктардың ығысып төмен түсуінен өркешті тау қалыптасқан. Тау шатқалдарының дамуына өзен эрозиясы, әсіресе неоген дәуірінде кең тараған мұздықтар эрозиясы әсер еткен. Ежелгі мұздықтар әсері циркті және карлы жер бедерінің түрлерімен бірге тау басында тегістелген жазықтарда кездеседі. Геологиялық құрылысы жағынан олар метаморфтанған палеозойлық саз балшықты кремнийлі тақтатастан, әктастан, гранитті, гранитоидты интрузиядан, жанартаулық эффузиялық тау жыныстарынан түзілген.

Пайдалы қазбалары. Алтай пайдалы қазбаға бай өлке. Әсіресе Кенді Алтайда қорғасын, мырыш, қалайы, вольфрам, күмістің және сынаптың мол қоры бар. Нарын мен Күршім жоталарында алтын мен сирек метал, Қалба тауында қалайы мен вольфрам өндіріледі. осы өңірден өндірілген қазбаларды байыту үшін Өскеменде, Риддерде, Зырянда металлургиялық зауыттар салынған. Кен рудаларын өндіру мен қорыту ісінің таза технологиялық негізде орындалмауы табиғаты әдемі өлкенің экологиясын бұзуға себепші болып отыр. Сондықтан да табиғи ортаның тазалығын сақтау, зауыттардан шығатын түтіндер мен зиянды қалдықтарды азайту – бүгінгі күннің басты экологиялық міндеті саналады.

Климаты. Алтайдың Қазақстандық бөлігінің климаты қоңыржай континентті. Айналасындағы жазықтармен салыстырғанда жаздың өзінде тау іші салқындау, ал қыста, керісінше жылы. Оған инверсия әсер етеді. Тұйық қазаншұңқырларда жазда ыстық, қыста аса суық (- 400с - қа дейін) болады. Жоғарлаған сайын температура төмендейді. Шілдеде аласа тау беткейлерінде +190 +220сболса, 1000м биіктікте +160 +140, 2500 - 2700м биіктікте +70 +60С - тан аспайды. Өскеменде қыс айларының орташа температурасы - 150С. Жылдық жауын - шашын мөлшері тау бөктерінде 300 - 400мм, тау ішінде 1000 - 1500мм-ге дейін көбейеді. Тауда қыста қар көп жауады. Кейде оның қалыңдығы 1 - 3 метрге дейін жетеді. Ал тұйық қазаншұңқырларда қар жұқа болады. Сел тасқындары, қар көшкіндері жиі байқалады.
Өзендері мен көлдері, мұздықтары. Алтайда өзен де, көл де көп. олар басын таудағы қар суынан, мұздықтардан алады. Ең үлкені – Ертіс. Ертістің Зайсан көліне дейінгі бөлігі Қара Ертіс болып басталып, Қалба, Нарын жоталарының арасымен ағады. Оған Кендірлік, Күршім, Бұқтырма, Үлбі, Үбі, т. б өзендер құяды. Ертіс бойында Өскемен, Бұқтырма, Шүлбі электр станциялары салынған. Олар бүкіл Шығыс Қазақстанға және республиканың басқа жерлеріне электр қуатын береді. Шағын өзендер көп. Олардың ішінде Ақ Берел, Тұрғысын, Березовка, көкпекті, Кіші үлбі, Қалжыр, Қалғұты, Ұлан, Білезікті, Қызылсу, Алқабек, Аққаба, Қайыңды, Бөкен т. б. өзендерді атауға болады. Олар Ертіске, Бұқтырмаға, Нарын мен Күршімге құяды.

Алтай көлге де бай. Язовое, Черновое, Тұранғыкөл, Марқакөл т№б№ көлдердің ауданы 1 км2 - ден асады. Көлдердің ең үлкені – Зайсан (ауданы 5510 км2), Марқакөл (ауданы 455 км2). Марқакөл тектоникалық қазаншұңқырда орналасқан. 1976 жылы Марқакөл қорығы ұйымдастырылды.
Қазақстандық Алтай тауларында 328 мұздық бар. Олардың жалпы ауданы 89, 6 км2. Мұздықтар негізінен 2600м - ден жоғары тау биіктіктерінде жатады. Олар Қатын, Холзун, Иванов, Оңтүстік Алтай, Сарымсақты тау жоталарында көбірек сақталған.

Табиғат зоналары. Өсімдіктері мен жануарлар дүниесі. Алтай тауларының табиғатына оның алып жатқан географиялық орны үлкен әсер етеді. Оңтүстік Батыстағы аласа тау беткейлерінде ылғал аз түседі. Сол себептен оның батыс бөлігіндегі тауларға ылғал молырақ түседі. Солтүстік батыстың биік белдеулері дала зоасынан (1600 - 1800 м)басталады да, оңтүстік - батыста Зайсан қазаншұңқырына қараған жағы шөлейт зонаға (900 - 1100 м) кіреді. Ол екеуінің шекарасы Бұқтырма өзенімен жүреді. Далалық тау беткейлерінен жоғары орманды таулар (2100 - 2300 м), шалғынды альпілік белдеуі (2500 - 2600 м) және биік шыңдағы мәңгі қар жататын белдеу (2600 м - ден жоғары) өтеді.

Орман алқаптарында май қарағай, бал қарағай, шырша, самырсын өседі. Тау жоталарындағы шалғында мал жайылады, омарта шаруашылығы дамыған. Ең жоғарғы белдеу таулы тундрадан, жалаңаш тау басындағы қар мен мұздықтардан тұрады. Тау етегі мен аласа таулар құнарлы қара топырақты келеді, онда дала зонасының өсімдіктері – боз, бетеге және т. б, шөлейт зонада сортаң өсімдіктер өседі. Тоғайларда итмұрын, қарақат, жидек; тау аралық аудандарда күлгінді тарғақ шөп, қоңырбас т. б. шөп тектес өсімдіктер өседі.

Алтай өлкесі аңға бай. Орманда бұғы - марал шаруашылықтары бар. Сондай - ақ аю, қабан, бұғы, таутеке, қар барысы тіршілік етеді. Бұлғын, қаракүзен, ақкіс сияқты терісі бағалы аңдар жиі ұшырайды. Су тышқаны, жанат тәріздес ит жерсіндірілген. Құстардан саңырау құр, шіл кекілік, тоқылдақ, ұлар кездеседі.

Шығыс Қазақстанның әдемі табиғаты мен сирек кездесетін аңдарын, өсімдіктерін қорғау мақсатында 1976 жылы Марқакөл қорығы, 1992 Батыс Алтай қорығы ұйымдастырылған. Қорықта Алтайдың тау алды даласы, бал қарағайы, шыршалы ормандары, әсем табиғаты қорғауға алынған.
Шығыс Қазақстан – еліміздегі негізгі ағаш даярлау, ағаш өңдеу шаруашылығының орталығы. Орман оның басты байлығының бірі болып табылады. Бірақ кейінгі жылдары осы байлықты ысыраппен пайдалану, ағашты бақылаусыз кесу және өрттің жиі болуы орман алқаптарын азайтып барады.
V. Дәптерге термин сөздерді жаздыру және кескін картаға «Алтай бөліктері мен биік нүктелерін» түсіру.

VІ. Сабақты пысықтау. «Шыңға шығу» ойыны.
VІІ. Сабақты қорытындылау. Сөзжұмбақ шешу.
VІІІ. Үйге тапсырма беру. Кескін картаға «Алтай тауының пайдалы қазбаларын түсіру» және Алтай тауы туралы буклет жасау.
ІХ. Бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
15 598
0
  • 80
1 дауыс


Жаңалықтар
География пәнінен 9 сыныптарға арналған емтихан билеттері
География пәнінен 9 сыныптарға арналған емтихан билеттері
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №11 жалпы білім беретін орта мектептің география пәні мұғалімі Толегенова Жазира Кенжекуловна
Алтай
Алтай
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, Солнечный поселкесі, №28 Абай атындағы жалпы орта білім беретін мектептің тарих-география пәні мұғалімі Сманова Гүлназ Сантаевна
Оңтүстік Американың жер бері мен пайдалы қазбалары
Оңтүстік Американың жер бері мен пайдалы қазбалары
Балқаш қаласындағы жалпы білім беретін мектеп - интернаты КММ география пәні мұғалімі: Тулендина Эльвира Нукербековна
Америка Құрама Штаттары
Америка Құрама Штаттары
Бейнеу гимназиясының география пәнінің мұғалімі Иниргалиева Нургул Нуровна
Кембридж бағдарламасы бойынша географиядан сабақ жоспарлары
Кембридж бағдарламасы бойынша географиядан сабақ жоспарлары
Орал қаласы, №41 жаратылыстану - математика бағытындағы мектеп - лицейінің география пәні мұғалімі Адиева Лаура Самиголлиевна
Сарыарқа
Сарыарқа
Мақсаты: 1. Сарыарқа өлкесінің географиялық орны, геологиялық құрылысын, пайдалы қазбалары туралы түсіндіру. 2. Географиялық талдау жасай отырып, сабақ моделі арқылы оқушылардың алған білімдерін одан әрі дамыту.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×