Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қоршаған орта және қоғамның өзара әсері

26 қыркүйек 2019, Бейсенбі
Категориясы: География
Қоршаған орта және қоғамның өзара әсері
Адамзат өміріне қажетті материалдық байлықты табиғаттан алады. Қоғамның дамуы ондағы табиғат ресурстарының қорына байланысты. Сондықтан адамзат болашақта күйзеліске (катаклизмге) ұшырамас үшін табиғатпен толық үйлесімде болып, оның байлығын үнемді және қалдықсыз пайдалануға тиіс.
Адамның өндірістік іс - әрекеті – қоғамдық формация өндіріс неғұрлым жылдам дамыған сайын оның табиғатқа кері әсері де соғұрлым өсіп отырады. Өндірістің дамуы қоршаған орта мен табиғатқа тұтастай әсерін тигізуде.
Қоршаған орта дегеніміз – бұл адамның шаруашылық іс - әрекеті және оның әсерінен өзгеріске ұшырап отырған табиғат пен табиғи орта. Қоршаған ортаға өнеркәсіп кәсіпорындары, көлік магистральдары, қалалар мен ауылды жерлердегі елді мекендер, әлеуметтік орта және т. б. кіреді. Адамның бір қалыпты өмір сүруіне таза ауа, ауыз су қажет болса, шаруашылықта пайдаланатын су мен табиғат кешендерін қорғаудың да маңызы зор.
Шаруашылықтың әр түрлі салалары қоршаған ортаны ластаудың және оны тасымалдаудың көзі болып табылады. Өнеркәсіп – еліміздің экономикалық тұрақтылығын қамтып қана қоймайды, сонымен бірге қоршаған ортаны күшті ластаушы. Өнеркәсіптің әр түрлі салаларын қоршаған ортаға әсер ету бағытына қарай - өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп салалары деп екі топқа біріктіруге болады.
Көмір, темір рудаларын, минералды тұздар және басқа да қазба байлықтарын өндіретін кен орындарының жұмысы, әсіресе кенді өндіру ашық әдіспен жүргізілетін болса, үлкен аумақтық ландшафтың бұзылуына әкеп соқтырады. Бұл жерде антропогендік ландшафт қалыптасады.
Антропогендік ландшафт дегеніміз – адамның іс - әрекетінің нәтижесі. Мысалы, Соколов - Сарыбай кен байыту комбинатында темір рудалары жер бетіне таяу орналасқандықтан, ашық әдіспен өндіріледі. Екібастұз кен орнындағы көмірді де ашық әдіспен алады.
Адамның биосфераға антропогендік іс - әрекеті Жер шарындағы көптеген аймақтардың климатын өзгеріске ұшыратуда. Адамдар пайдалы қазбаларды барлаумен және өндірумен қатар олардың саны мен көлемін ұлғайту жұмыстарымен үнемі айналысып отырады. Отын энергетикалық кешендері, пайдалы қазбаларды көп мөлшерде өндіру және оны жағу (дүние жүзі бойынша 10 млрд т) атмосферада көмірқышқыл газының жиналуына әсерін тигізеді. Ал атмосферадағы көмірқышқыл газының көбеюі жер планетасында температураның көтерілуіне, яғни ауа райының өзгеруіне – жаппай жылынуға әкеп соғады.
Қазіргі кезде атмосферада метанның, көмірқышқыл газының, азот, күкірт және бірнеше ауыр металдардың жинақталуы ұлғайып отыр. Бұл адамдардың денсаулығына, ауыл шаруашылығына кері әсерін тигізеді [8, 154 - 156б].
Табиғат пен адам қоғамы арасында өзара байланыс бар. Рас, адам қоғамы өзінің ерекше заңымен дамиды. Адам қоғамы аңдар әлемінен саналы еңбек арқылы ерекшеленеді. Аңдар да өзіне қажеттісін жасайды. Олар ұя немесе үйшік салады, ін қазады. Бірақ өзіне немесе балаларына тек тікелей қажеттісін ғана жасайды. Адамдар өзі шығаратын затының шамасын, өлшемін, мөлшерін біледі, табиғи заңдылықты басшылыққа алады, әсемдікті сезінеді.
3 670
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әлеуметтенудің әлеуметтік - психологиялық аспектісі
Әлеуметтенудің әлеуметтік - психологиялық аспектісі
Адам баласы материалдық және рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған қоғамның мүшесі ретінде өзіндік ақыл - парасатымен, жеке бастың өзіне тән ақыл - ой, ерік - жігер, мінез - құлық ерекшелігімен көрінуге тырысып бағады.
Эссе. Табиғат - ғажап әлем
Эссе. Табиғат - ғажап әлем
Бізді қоршаған орта: жан - жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар — осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.
Адам әрекетінің қоршаған ортаға әсері
Адам әрекетінің қоршаған ортаға әсері
Адам әрекетінің қоршаған ортаға әсері. Негізгі түйінді идея: Табиғатқа төнген қауіп туралы түсіну. Оқу мақсаты: Қоршаған ортаны қорғауға және сақтауға талпыну.
Географияны оқыту үрдісінде экологиялық білім беру әдістемесі
Географияны оқыту үрдісінде экологиялық білім беру әдістемесі
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласындағы № 26 орта жалпы білім беретін мектептің география пәнінің мұғалімі Сапиева Гүлмира Хамидоллақызы
Қоршаған ортаны қорғау
Қоршаған ортаны қорғау
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы, Абай атындағы орта мектебінің биология пәні мұғалімі Изимова Айгүл
Адамның әрекеті нәтижесінде атмосфералық ауаның ластануы
Адамның әрекеті нәтижесінде атмосфералық ауаның ластануы
Қызылорда қаласы, №197 орта мектептің 7 класс оқушысы Орынбаева Раушан Ғылыми жетекшісі география пәнінің мұғалімі Абдиев Ербол Сейсенбекұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×