Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Халық қоныстануының географиялық ерекшелігі

14 ақпан 2013, Бейсенбі
Категориясы: География
Сынып: 9
Тақырыбы: Халық қоныстануының географиялық ерекшелігі

Мақсаттары:
Білімділік. Қазақстан халқының республика бойынша шоғырлануы туралы көзқарастарын қалыптастыру, халықты аумақтық ұйымдастырудың маңызын, халықтың қала және ауыл халқы болып бөлінуін түсіндіру. Урбандалу, қала, агломерация, мегаполис ұғымдары туралы түсінік беру. Халықтың шекаралас аудандарға шоғырланып орналасуы туралы айту.
Дамытушылық. Қазақстан халқы қоныстануының географиялық ерекшелігін карта бойынша сипаттау арқылы білімдерін тереңдету.
Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақ түрі: жаңа тақырып
Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап
Құрал - жабдықтар: Қазақстанның саяси - әкімшілік картасы, интерактвті тақта
Негізгі ұғымдар: халықты аумақтық ұйымдастыру, халықты орналастыру, халықтың қоныстану, қала халқы, ауыл халқы, урбандалу, қала, агломерация, мегаполис
Номенклатура: Қазақстан, Петропавл, Павлодар, Семей, Риддер, Көкшетау, Ақтөбе, Орал, Түркістан, Тараз, Қарағанды, Астана, Алматы, Атырау
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
1. Ұйымдастыру кезеңі
(3 мин) Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру. Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
(10+1 - 2 мин) Этнография ғылымы нені зерттейді?
Қазақстан халқының ұлттық құрамын қанша ұлт құрайды және оның негізгі құрамы?
Діни құрамын құрайтын негізгі діндер?
3. Жаңа материалға көшу кезеңі
Қазақстанның халық саны қанша?
Ол республика аумағында біркелкі таралған ба?
Ең тығыз қоныстанған аймақ?
Ең сирек қоныстанған аймақ?
Қазақстанның саяси - әкімшілік бөлінісі қандай?
4. Жаңа материалды меңгеру кезеңі. 1. Халықты аумақтық ұйымдастырудың маңызын ашу: халықты орналастыру, халықтың қоныстану дегеніміз не екенін қысқаша түсіндіру, халықтың қала халқы, ауыл халқы болып бөлінетінін түсіндіру.
2. Қала – агломерация – мегаполис тізбегін түсіндіру. Урбандалу терминіне анықтама беру.
3. Ауылдық халықтың орналасуы: ауыл халқының орналасу ерекшелігіне тоқталу.
4. Халықтың шекаралас аудандарға шоғырланып орналасуы туралы қысқаша айту.
5. Халық пен қоршаған орта арасындағы байланыс қандай деген сұрақ қою.
5. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі Параграф ішіндегі суреттер мен кестелерді талдау. Қазақстан халқының географиялық орналасу ерекшелігін карта бойынша сипаттау.
6. Сабақты қорытындылау кезеңі Қазақстанның халқының қалалық орналасуының қандай формалары бар?
Урбандалу дегеніміз не?
Қазақстан ауылдарының қандай проблемалары бар?
7. Бағалау кезеңі Оқушыларды сабаққа қатысуына қарай бағалайды.
8. Үйге тапсырма беру кезеңі 6 пар. сұрақтарына дайындалу. 76 - 77 - беттегі 1 - 5 - тапсырма. Тест құрастыру. тесттерге жауап беру.
11 047
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Халық қоныстануының географиялық ерекшелігі (күнделікті сабақ жоспары)
Халық қоныстануының географиялық ерекшелігі (күнделікті сабақ жоспары)
Қазақстан халқының республика бойынша шоғырлануы туралы көзқарастарын қалыптастыру, халықты аумақтық ұйымдастырудың маңызын, халықтың қала және ауыл халқы болып бөлінуін түсіндіру. Урбандалу, қала, агломерация, мегаполис ұғымдары туралы түсінік
Қазақстанның физикалық географиясы нені оқытады? Қазақстанның және Батыс Қазақстан облысының географиялық орны мен шекаралары
Қазақстанның физикалық географиясы нені оқытады? Қазақстанның және Батыс Қазақстан облысының географиялық орны мен шекаралары
Тәуелсіз Қазақстанның құрылуы туралы баяндау. Қазақстанның физикалық географиясы нені оқытады? Географиялық білім көздеріне сипаттама беру. Қазақстанның және Батыс Қазақстан облысының шекараларын, аумағын, географиялық координаталарын, географиялық
Қазақстанның экономикасы: өткені, қазіргісі, болашағы
Қазақстанның экономикасы: өткені, қазіргісі, болашағы
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №17 жалпы орта білім беретін мектептің тарих - география пәні мұғалімі Кылышпекова Карлыгаш Толеубековна
Халықтың ұлттық және діни құрамы
Халықтың ұлттық және діни құрамы
Байқоңыр қаласы, № 8 Ю. А. Гагарин атындағы мектептің география пәні мұғалімі Қарлыбаев Октябрь Өзбекбайұлы
Халық саны мен табиғи өсімі
Халық саны мен табиғи өсімі
Байқоңыр қаласы, № 8 Ю. А. Гагарин атындағы мектептің География пән мұғалімі Қарлыбаев Октябрь Өзбекбайұлы
Қазақстанның экономикалық географиялық жағдайы және табиғи ресурстық әлуеті
Қазақстанның экономикалық географиялық жағдайы және табиғи ресурстық әлуеті
Байқоңыр қаласы, № 8 Ю.А. Гагарин атындағы мектептің География пән мұғалімі Қарлыбаев Октябрь Өзбекбайұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×