Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Өнеркәсіп: құрылымы және орналасу факторы

14 ақпан 2013, Бейсенбі
Категориясы: География
Тақырыбы: Өнеркәсіп: құрылымы және орналасу факторы

Мақсаттары:
Білімділік. Өнеркәсіп ұғымына анықтама беру. Өнеркәсіптің құрамы мен құрылымын, ерекшелігін анықтау. Өнеркәсіпті орналастырудың принциптері мен факторларын анықтау. Өнеркәсіптің аумақтық ұйымдасытырылуын сипаттау.
Дамытушылық. Қазақстанның шаруашылығын карта бойынша сипаттау арқылы білімдерін тереңдету.
Тәрбиелік. Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақ түрі: жаңа тақырып
Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді
Сабақты жүргізу әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап
Құрал - жабдықтар: Қазақстанның әкімшілік - саяси картасы, интерактивті тақта
Негізгі ұғымдар: Экономикалық - әлеуметтік география, экономикалық - әлеуметтік аумақтық кешендер, дәстүрлі экономика, нарықтық экономика, жоспарлы экономика, әміршілдік - таратушылық экономика, индустрияландыру, либерализация, жекешелендіру, табиғи - ресурстық әлеует, даму стратегиясы.
Номенклатура: Қазақстан, Петропавл, Павлодар, Семей, Риддер, Көкшетау, Ақтөбе, Орал, Түркістан, Тараз, Қарағанды, Астана, Алматы, Атырау
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушылардың іс - әрекеті
1. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру. Мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау.
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
(10+1 - 2 мин) Үйге берілген 7 параграфтың тапсырмаларын тексеру. Тестерге жауап берулерін тексеру. Оқушылар сұрақтарға жауап береді:
1.
2
3. Жаңа материалға көшу кезеңі
Өткен тақырып бойынша Қазақстанның шаруашылығының құрылымын еске түсіру.
4. Жаңа мате - риалды меңгерту кезеңі. 1. Өнеркәсіп салалары қандай топқа бөлінеді? 2. Қазақстан өнеркәсібінде қандай топтағы өнеркәсіптер басым болып келеді? Ол қаншалықты тиімді? –
3. Дүние жүзінің экономикасында Қазақстанның рөлін анықтайтын салааралық өнеркәсіп кешендерін атаңыз. –
4. Инновациялық жолмен даму экономикасы деген терминді қалай түсінесіздер?-
5. Өнеркәсіпті орналастырудың негізгі принциптерін атаңыз. Өнеркәсіпті орналастырудың негізгі принциптері:
6. «Кәсіпорындардың мамандануы», «кооперация», «комбинат» деген түсініктерді ашып айт. –
7. 10 - кестені пайдаланып қандай салаларға төмендегі факторлар маңызды әсер етеді? 1. - Өнеркәсіп салалары келесідей топқа бөлінеді. Олар тау кен өндірісі, электр энергиясы, жылу, су және газ өндіру, өңдеу (конструкциялық материалдар өндіру). Отын өнеркәсібі мұнай, өңдеу, көмір және газ салаларын біріктіреді. Ал жеңіл өнеркәсіптің құрамына тоқыма, тігін, тері өңдеу, аяқ киім және т. б салалар кіреді.
2. Қазақстанда халық тұтынатын салаларды (азық - түлік, киім, аяқ киім) «Б» тобына жатқызылады. Мұнымен шет елден азық - түлік пен тұтыну заттарын ауыр өнеркәсіп тауарларына айырбастап, сатып алу байланысты. Елге ондай айырбастың баға «қайшысына» байланысты пайдасы жоқ.
3. Қазақстан өнеркәсіп үлесіндегі салааралық кешендердің үлесі 2003 жылы алты пайыз отын – энергетикалық кешеннен, 1, 6 пайыз металлургия кешенінен, төрт пайыз машина жасау кешенінен, және де басқа кешен салаларынан тұрады.
4. Инновациялық даму деген терминді мен былай түсінемін. Ол өнеркәсіп орындарында жаңа технологиялардың қолданылуы. Инновациялық даму экономиканың шикізатқа тәуелділігін азайтып, өңдеуші салалардың жоғары сапалы тауар шығаруына мүмкіндік береді. «2003 - 2015» жж. Индустриялы – инновациялық даму стратегиясы Қазақстан өнеркәсібінің құрылымын жақсартуға арналған.
5. Өнеркәсіпті орналастырудың негізгі принциптері, кәсіпорындардың орналасуы: 1аймақтың және бүкіл елдің мүддесіне сай пайдаланылатын ресурсы бар, барлық жерлерде; 2) шикізат көзіне, отынға, энергияға, еңбек ресурсына және өнімді тұтынушыларға жақын жерлерде; 3) қоршаған ортаны қорғау талаптарын және шет елдермен қарым - қатынас жағдайын есепке ала отырып; 4) еңбек өнімділігін көтеретін өндірісті шоғырландырудың, мамандандырудың, құрамдастырудың артықшылықтарын пайдалана отырып орналастырылады.
6. Көптеген кәсіпорындар біркелкі өнім, мысалы, тек тракторлар немесе тек экскаваторлар шығарады. Өндірісті ұйымдастырудың мұндай түрін мамандандыру деп атайды. Дайын өнімді шығаруға бірнеше кәсіпорындардың қатысуын кооперация деп атайды. Кәсіпорындардың бір бөлігін комбинаттар құрайды. а) шикізатты өңдеудің біртіндеп жүргізілетін сатыларын, ә) оларды бірігіп өңдеуді б) бір - біріне қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
7. Шикізатқа саласына: жылу - энергетика, еңбек, көлік, тұтынушы салалары, шикізаттық отын саласына: мұнай өңдеу, газ өндіру, мыс өндіру, қорғасын, мырыш, машина жасау салалары; жылу энергетикалық отын саласына: көмір өндіру, су электр станциялары, сода салалары әсер етеді. Еңбек саласына: автомобиль шығару, аспап жасау, көліктік салаға: газ өндіру, машина жасау, кіші металлургия, Тұтынушы саласына: мұнай өңдеу, кіші металлургия ауыл шаруашылығы, мақта – мата салалары маңызды рөл атқарады.

5. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі 52, 53, 54, 55 суреттерді және 9 - 10 кестелерді талдау.
6. Сабақты қорытындылау кезеңі Қазақстанның экономикасында қандай сала шешуші рөл атқарады? Ол қандай сипатта? Қалыптасқан қолайсыз қатынасты жеңудің жолы?

7. Бағалау кезеңі Оқушылар сабақ барысында белсенділік танытуына және тапсырмаларды орындауына қарай бағаланады. Бағаларын күнделіктеріне қойдырады, ескертулері болса, мұғалімге айтады.
8. Үйге тапсырма беру 97 беттегі 1 - 4 тапсырмалар. Тестерге жауап беру. Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
29 872
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шаруашылықтың құрамы мен құрылымы (күнделікті сабақ жоспары)
Шаруашылықтың құрамы мен құрылымы (күнделікті сабақ жоспары)
Шаруашылық ұғымына анықтама беру. Жоспарлы, нарықтық және аралас экономика ұғымдары туралы түсініктерін қалыптастыру. Қазақстанның шаруашылығына – кәсіпорындары - салалары - салааралық кешендерді сипаттау.
Қазақстанның экономикасы: өткені, қазіргісі, болашағы (күнделікті сабақ жоспары)
Қазақстанның экономикасы: өткені, қазіргісі, болашағы (күнделікті сабақ жоспары)
Қазақстанның өткен, қазіргі кездегі экономикасы және болашақ әлеуеті туралы түсінік беру, шаруашылығының кезеңдеріне сипаттама жасауға бағыттау. Негізгі ұғымдарды енгізіп, оларға анықтама беру.
Қазақстанның экономикасы: өткені, қазіргісі, болашағы
Қазақстанның экономикасы: өткені, қазіргісі, болашағы
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №17 жалпы орта білім беретін мектептің тарих - география пәні мұғалімі Кылышпекова Карлыгаш Толеубековна
Халық қоныстануының географиялық ерекшелігі
Халық қоныстануының географиялық ерекшелігі
Байқоңыр қаласы, № 8 Ю. А. Гагарин атындағы мектептің география пәні мұғалімі Қарлыбаев Октябрь Өзбекбайұлы
Қазақстанның экономикалық географиялық жағдайы және табиғи ресурстық әлуеті
Қазақстанның экономикалық географиялық жағдайы және табиғи ресурстық әлуеті
Байқоңыр қаласы, № 8 Ю.А. Гагарин атындағы мектептің География пән мұғалімі Қарлыбаев Октябрь Өзбекбайұлы
Қазақстанның экономикасы: өткені, қазіргісі, болашағы.
Қазақстанның экономикасы: өткені, қазіргісі, болашағы.
Байқоңыр қаласы, № 8 Ю. А. Гагарин атындағы мектептің география пәні мұғалімі Қарлыбаев Октябрь Өзбекбайұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×