Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданы

23 ақпан 2013, Сенбі
Категориясы: География
Сабақ тақырыбы: Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданы

Сабақ мақсаты: Оқушыларды «Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданы» бойынша не меңгергендігін тексеру, жүйелі ойлау, өздігінен топ болып, жұмыс істеу дағдыларын одан әрі дамыту. Картамен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Әдісі: Сайыс сабақ.
Көрнекілігі: Карта, кескін карта, плакаттар, ромашка суреті, кадоскоп, сары белгі, таблицалар.
Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру.
- Бүгінгі сабағымыз «Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданы» тақырыбын қайталап қорытындылауға арналған. Сабақ сайыс түрінде өтеді. Оқушылар екі топқа бөлініп отырғызылған.
Әр топ өз командасының атын, эмблемасын дайындайды.
І топ « Ізденгіштер»
ІІ топ « Тапқырлар»
- Сабақ бойы географиядан алған білімдеріңді қолдана отырып, тапсырма бойынша географиялық материал дайындап келеді. Қойылған сұрақтарға жауап беріңіздер.
Дұрыс жауап берген топқа сары белгі беріледі. Осы сары белгі арқылы қай топ жеңіске жеткендігін анықтаймыз. Бүгінгі сабақта алған білімдеріңізді мына турларда көрсете аласыздар.
І тур
Сен Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданы туралы не білесің?. Сұраққа тез әрі дұрыс жауап беруі керек.
Дұрыс жауап 1 - ұпаймен бағаланады.
1 топқа сұрақ.
1. Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданның құрамына неше облыс кіреді?
2. Солтүстік Қазақстан республикамызда жер көлемі жөнінен нешінші орын алатын экономикалық аудан?
3. Солтүстік Қазақстандағы ауыл шаруашылығының жетекші саласы.
4. Солтүстік Қазақстан облысы қай жылы құрылған?(1936ж)
5. Темір кеніне бай облыс.(Қостанай)
6. Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданы қандай пайдалы қазбаларға бай?
7. Ауданда көліктің қандай түрлері бар?
8. Солтүстік Қазақстанның қай қаласында мұнай өңдеу зауыты бар?(Павлодар).
9. Солтүстік Қазақстанда өнеркәсіптің қандай салалары дамыған?
10. Ірі алюминий зауыты қайда?(Павлодарда)

ІІ топқа сұрақ:
1. Солтүстік Қазақстан облысының орталығы?
2. Солтүстік Қазақстан республикамызда халқының саны жөнінен нешінші орын алатын экономикалық аудан?(2-ші)
3. Ақмола облысы қай жылы құрылған?(1961ж)
4. Солтүстік Қазақстан экономикалық аудан шаруашылығының маманданған салаларын ата?
5. Ауыл шаруашылық машиналарын шығаратын ірі орталықтарын ата? (Астана, Қызылорда)
6. Ірі темір кен орындарын ата? (Соколов - Сарыбай т. б)
7. Солтүстік Қазақстанда көліктің қай түрі жақсы дамыған?(Теміржол)
8. Ферроқорытпа зауыты қай қалада?(Ақсуда)
9. Солтүстік Қазақстанда тамақ өнеркәсібінің қандай саласы аудан аралық маңызы бар?
10. Трактор зауыты қай қалада?(Павлодарда)

ІІ - тур

«Карта бойынша саяхат» географиялық нысандарды атап картадан көрсету.
І - топқа
1. Рудный - қала(Қостанай облысында)
2. Майқайың - алтын кен орны.(Павлодар обл.)
3. Атбасар - қала(Ақмола обл.)
4. Ертіс - өзен(Павлодар обл.)
5. Екібастұз - тас көмір алабы(Павлодар обл.)
6. Соколов - Сарыбай - темір кен орны(Қостанай обл.)
8. Степногорск - қала(Ақмола обл.)
9. Есіл - өзен(
10. Теңіз - көл(Ақмола обл.)

ІІ - топқа
1. Арқалық - қала (Қостанай обл.)
2. Торғай - өзен (Қостанай обл.)
3. Жетіқара - Қостанай облысындағы асбест комбинаты.
4. Васильков - ірі алтын кен орны (Ақмола обл.)
5. Тобыл - Қостанай облысындағы көл.
6. Майкүбі - қоңыр көмір алабы (Павлодар обл.)
7. Лисаков - темір кен орны (Қостанай обл.)
8. Тобылжан - ас тұзы өндіріледі (Павлодар обл.)
9. Ақбейіт - алтын өндіреді (Ақмола обл.)
10Құсмұрын - көл (Қостанай обл.)

ІІІ - тур
«Сарамандық жұмыс» жұмыс дәптердегі тапсырмалар. Кескін картаға
«Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданын» түсіру. Шекарасын, облыс орталықтарын, өнеркәсібі мен пайдалы қазбаларын белгілеу.

ІV - тур
«Сәйкестендіру тест жұмысы»
Өндіріс салаларының орталықтары.
1 - топқа.
1. Мұнай өңдеу зауыты а) Павлодар.
2. Автомобиль бөлшектері в) Петропавл.
3. Тас көмір алабы с) Екібастұз.
4. Ауыл шаруашылық машиналарын шығаратын зауыт д) Астана
5. Алтын кен орны е) Майқайың
6. Темір кен орны г) Соколов - Сарыбай.

2 - топқа
1. Медицина аппараттарын шығаратын зауыт а) Көкшетау
2. Қоңыр көмір алабы в) Майкүбі
3. Алтын кен орны с) Васильков
4. Ферроқорытпа зауыты д) Ақсу
5. Трактор зауыты е) Павлодар
6. «Қазақсельмаш» зауыты г) Астана.

V - тур
Географиялық викторина «Ромашка ойыны».
Тақтаға қағаздан қиып жазылған « Ромашка» ілінеді.
Жапырақтары жасыл түске боялып, рет сандары қойылады да арғы беттеріне сұрақтар жазылады. Содан кейін командалар кезекпен ойынға шақырылады. Ойынға шақырылған команданың мүшесі саны бар жапырақтың біреуін жұлады да, сұрағын дауыстап оқып сол бойда жауап береді, жауап бере алмаса капитан - команда - қарсы команданың капитан - командасы жауап береді.
Баға қою: Шақырылған ойыншының өзі жауап берсе 2 балл
Команда жауап берсе 1 балл, қарсы команданың капитаны жауап берсе 1 балл қойылады.

Ромашканың жапырағына жазылатын сұрақтар:
1. Екібастұздың көмірін не ретінде пайдаланады?
2. Солтүстік Қазақстан климатының қандай ерекшеліктері бар?
3. Ең көп астық дақылдарын себетін облыс?
4. Солтүстік Қазақстандағы ең ірі қала?
5. Солтүстік Қазақстанда мал шаруашылығының басым өркендеген бағыты.
6. Екібастұз көмірінің өзіндік құны неге арзан?
7. Қостанай қай өзеннің жағасында орналасқан?
8. Солтүстік Қазақстан аумағы қандай зоналарда орналасқан?
9. Петропавл қаласы қандай ойпатта орналасқан?
10. Солтүстік Қазақстанда қандай дәнді дақыл көбірек өсіріледі?
11. Тау - кен химиясы қандай облыстарда жақсы дамыған?
12. Аудан аумағы арқылы қандай темір жолдар өтеді?
13. Ауданның ең ірі қалаларын ата? (Астана, Қостанай)
14. Ірі ет комбинаты қай қалада? (Семей).

VІ - тур.
«Картаны жина» ойыны. Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданның бөлшектелген кескін картасын екі топтан, екі оқушы шығып тез арада құрастыру керек. Бұрын болған топқа 1 - ұпаймен бағаланады.

VІІ - тур
«Венн диаграммасы» Ақмола - Қостанай. Екі облысты Венн диаграмасы арқылы салыстырып, олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын табу.
Ақмола Қостанай
Қорытынды бөлім:

Үйге тапсырма:
&26, 27 Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданын қайталау.
І - топ. Ақмола облысына.
ІІ - топ. Қостанай облысына.
Рефераттар дайындап келу.

ББК кестесі
Білемін----- Білгім келеді -------- Білдім
Климатының салқын болатынын, басқа ұлттардың үлес салмағы басым екендігі, астықты аймақ екендігі.
- Сонымен екі жақтың балдық жүйесін есептейік.
-.........
Бағалау:
- Сабаққа жиі қатысып отырған оқушыларды бағалаймын.
32 914
0
  • 100
2 дауыс


Жаңалықтар
Батыс Қазақстан экономикалық ауданы
Батыс Қазақстан экономикалық ауданы
Батыс Қазақстан экономикалық ауданының экономикалық - географиялық жағдайы, табиғат ресурстары, халқы туралы білімдерінің негізінде, ауданның өнеркәсібі мен шаруашылығының маманданған салалары туралы түсіндіру.
Беларусь Республикасы
Беларусь Республикасы
Беларусь Республикасының экономикалық - географиялық жағдайының ерекшеліктері, өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығының салалары туралы жөнінде түсіндіру.
Географиядан қысқа мерзімді жоспарлар
Географиядан қысқа мерзімді жоспарлар
Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, "Шетпе гимназиясы"ММ - нің география пәні мұғалімі Елеуова Ақбала Алдоңғарқызы
Оңтүстік Қазақстан ЭГЖ ерекшеліктері, табиғат жағдайы мен ресурстары және халқы
Оңтүстік Қазақстан ЭГЖ ерекшеліктері, табиғат жағдайы мен ресурстары және халқы
Жаңаарқа ауданы, С. Сейфуллин атындағы орта мектебінің география пәні мұғалімі: Шакенов Жанбол Толеубайұлы
Шығыс Қазақстанның экономикалық - географиялық жағдайы
Шығыс Қазақстанның экономикалық - географиялық жағдайы
Алматы қаласы, «Шаңырақ» шағын ауданы, «Спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты» география пәні мұғалімі Муталипова Мейрамгуль Ергалиевна
Солтүстік Қазақстан, ЭГЖ ерекшеліктері, табиғат жағдайы мен ресурстары және халқы
Солтүстік Қазақстан, ЭГЖ ерекшеліктері, табиғат жағдайы мен ресурстары және халқы
Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданының ЭГЖ, табиғат ресурстары, халқы, ауданның қалаларына сипаттама беру. Ішкі және сыртқы байланыстары, экологиялық проблемалары және оларды шешу жолдарына тоқталады. Экономикалық қазіргі даму кезеңі,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×