Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Канада

02 сәуір 2013, Сейсенбі
Категориясы: География
Тақырыбы: §41 Канада (11 - сынып география пәні)
Білімділік мақсаты – Канада елдері, соның ішінде Канада туралы білім беру; табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстарының басты ерекшеліктерімен танысу; халқы, экономикасының басты бағыты, сыртқы экономикалық байланыстары туралы оқып - үйрену.
Дамытушылық мақсаты – оқулық материалдары мен тақырыптық карталардың көмегімен Канада табиғат жағдайына шаруашылық тұрғыдан баға беруге, табиғат ресурстарының ел экономикасын дамытудағы роліне, елдердің экономикалық - географиялық жағдайларының тиімді жақтары мен саяси құрылымы өзгерген елдерді анықтап салыстыруға, кесте құрастыруға үйрету.
Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым - қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары: Оқулық, 11 сынып Атласы, Дүние жүзінің саяси картасы
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдістері: проблемалық әдіс
Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру ІV кезең – үйге тапсырма беру
ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру V кезең – бағалау кезеңі
ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту VІ кезең – қорытынды

Сабақ барысы:
Оқушылармен амандасады. Сабақта кім бар - жоғын тексереді. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

жоспар:
1. Мемлекеттің қалыптасу тарихы.
2. Табиғат жағдайы мен ресурстары.
3. Халқы туралы сипаттама.
Жерінің ауданы - 9 млн 970 мың км2
Халқы - 32, 2 млн адам (2004 ж)
Астанасы - Оттава.

Мемлекеттік құрылымы - Британ Бірлестігі құрамындағы парламенттік конфедерация.
Мемлекет басшысы - Ұлыбритания королевасы.
Үкімет басшысы - премьер - министр.
Заң шығарушы органы - екі палаталы парламент.
Мемлекеттік тілі - ағылшын және француз тілдері.
Ұлттық валютасы - канада доллары
Әкімшілік - аумақтық бірлігі - провинциялар және аумақтар.

Мемлекеттің қалыптасуы.
Канада жеріне қоныстану 15 - 16 ғасырларда басталды. Алғашқы рет ағылшындар мен шотландықтар Ньюфауленд аралы мен Әулие Лаврентий өзенінің төменгі ағысына қоныстанды. 1608жылы Квебек, 1642жылы Монреаль қаласының іргетасы қаланды. 1763 жылғы Париж келісімі бойынша Канада Ұлыбританияның иелігіне өтті.
Канада 10 провинция мен екі аумақтан тұратын парламенттік конфедерация. Басқару жүйесі жөнінен федеративтік конституциялық монархия. Ресми түрде Ұлыбритания королевасы мемлекет басшысы болып есептеледі.

Табиғат жағдайы мен ресурстары.
Канаданың қоңыржай белдеуде орналасқан оңтүстік - шығыс бөлігі қолайлы. Бұл өлкенің басты байлығы – көгілдір көлдер мен қалың ормандар. Көлдердің жалпы саны жөнінен д. ж. 1 - орын алады. Канадалық Кордильера қойнауы пайдалы қазбаларға өте бай. Мұнда мыс, алтын, күміс, сирек кездесетін металдар, мұнай мен газ өндіріледі. Өзендер мен көлдерде құндыз мекендейді, олардың көптігі сонша, кезінде алғашқы қоныстанушылар Квебек провенциясын «құндыздар корольдігі» деп атаған. Құндыз Канаданың ұлттық символдарының бірі болып табылады. Канада аумағының 35%- ын алып жатқан ормандарда бағалы ағаш түрлері өседі.

Мысалы; Виннипег өзенінің атауы үндіс тілінен аударғанда «лай су» делінсе, Ред - Ривер өзенінің атауы аты ағылшынша «қызыл өзен» дегенді білдіреді. Ұлы көлдерден Сеңгір тауларына дейін созылған Оңтүстік - батыс бөлігін - прерийлер алып жатыр. Құнарлы қара топырақта астық дақылдары өсіріледі. Канада дүние жүзінде астық жинаушы ірі мемлекеттердің бірі.

Халқы туралы сипаттама.
Елдің байырғы халықтары эскимостар мен үндістер. Эскимостардың негізгі кәсібі балық және аң аулау. Қазірде Канада үндістердің үлесі 4 пайыз. Әрбір шаршы шақырымға 3 адамнан. Оңтүстік - шығысында 100 адамнан асады. Канада халқының саны 32, 2 млн адамды құрайды. Халықтың орташа тығыздығы әр шаршы километрге 3 адам болғанымен, халық ел аумағы бойынша біркелкі орналаспаған.

Елдің байырғы халықтары - эскимостар мен үндістер. Олардың негізгі кәсібі балық және аң аулаумен байланысты. Қазіргі кезде Канадада үндістердің 600 - ге жуық тайпалары мекендейді, олардың ел халқындағы үлес салмағы 4% ғана.
Халқының басым көпшілігі шағын қалаларда тұрады. Урбандалу деңгейі 76 пайыз. Ауыл халқына бытыраңқы түрдегі қоныстану тән. Қалаларына тән басты белгі – көгалдар мен саябақтардың көптігі. Елдегі ірі қалалар – Торонто, Монреаль, Ванкувер.

Канада атауы үндістер тілінде «қоныс», «қауымдастық» дегенді білдіреді. Канаданың негізгі халқын Еуропадан, әсіресе Англия мен Франциядан қоныс аударғандар құрайды. XIX ғасырдың соңында Канадаға украиндар келе бастады. Олардың шоғырланған жерлері - Альберта, Саскачеван, манитоба провенциялары.
Канадада немістер, италиялықтар, голландықтар, поляктар, еврейлер, норвегтер, шведтер мен орыстар тұрады.

Діни нанымы бойынша халықтың басым көпшілігін христиан дініндегілер (католиктер - 46%, протестанттар - 41%, православие дініндегілер 2%) құрайды. Сонымен қатар мұсылмандар, иудейлер, буддизм мен дәстүрлі діндердің өкілдері бар.

Канадалықтардың өмір жасының орташа ұзақтығы 80 жас, Канада халқының өмір жасының ұзақ болуын медициналық жәрдемнің тегін болуымен, жалпы тұрмыс жағдайының жоғарылығымен түсіндіруге болады.
Канада халқының басым көпшілігі шағын қалаларда тұрады, урбандалу деңгейі - 76%.
Елдегі ең ірі қалалар - Торонто, Монреаль, Ванкувер.

Географиялық диктант:
1. Қазіргі кезде үндістердің... тайпалары мекендейді, олардың үлесі... пайыз.
2. Канадаға халықтың ұдайы өсуінің... типі тән.
3. Канада халқының басым көпшілігі...... Тұрады.
4. Канада атауы үндіс тілінде...,... дегенді білдіреді.
5. Канада халқының өмір жасының ұзақ болуын...,... түсіндіруге болады.
Үйге тапсырма:

§ 41 Канада. Мемлекеттің қалыптасуы мен құрылымы. Халқы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары.
Христоматиядағы Канада табиғаты жайлы мақаламен танысыңдар.
Бағалау.
Сабақты қорытындылау.
8 357
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дүниежүзінің Табиғат ресурстары және олардың түрлері
Дүниежүзінің Табиғат ресурстары және олардың түрлері
Табиғат ресурстары мен олардың жіктелуі, табиғат ресурстары түрлерінің дүние жүзі бойынша таралуы мен әркелкі орналасу туралы білімдерін беріп, жетілдіру
Ұлыбритания
Ұлыбритания
Ұлыбританияның экономикалық - географиялық сипаты, табиғат жағдайлары мен ресурстары, халқы туралы білім беру. Ұлыбританияның ЭГЖ - ң басты ерекшеліктері, геосаяси жағдайының қолайлығы, табиғат ресурстарының түрлері, табиғи ортаны қорғау шаралары
Германияның экономикалық – географиялық жағдайы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы
Германияның экономикалық – географиялық жағдайы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Бейнеу гимназиясы» география пәні мұғалімі Іңірғалиева Нұргүл Нұрқызы
Канада. Орталық Америка елдері
Канада. Орталық Америка елдері
Жангалиева Майра Базархановна Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы география пәні мұғалімі
Молдова Республикасы
Молдова Республикасы
Қызылорда қаласы, №215 орта мектебінің география пәні мұғалімі Нұрымбаева Ақмарал Сейілбекқызы
10-cыныпқа күнделікті сабақ жоспары 68 сағат (жаратылыстану бағыты)
10-cыныпқа күнделікті сабақ жоспары 68 сағат (жаратылыстану бағыты)
10-cыныпқа күнделікті сабақ жоспары 68 сағат (жаратылыстану бағыты)
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×