Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Зияткерлер сайысы

09 сәуір 2013, Сейсенбі
Категориясы: География
Мақсаты: оқушылардың білім деңгейін, шығармашылық ізденісін байқау, ойлау қабілеттерін, қызығушылықтарын, тіл байлықтарын жетілдіру, мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру, танымдық бағдарламаларды негізге ала отырып оқушыларды қоғамдағы жаңалықтардан және өзгерістерден сырт қалмауға баулу.
Көрнекілігі: ұлағатты сөздер, интерактивті тақта.
«Адамға екі нәрсе тірек тегі,
Бірі – тіл, бірі - ділің жүректегі». (Жүсіп Баласағұни)
Барысы: І. Ұйымдастыру. ІІ. Топтарды таныстыру ІІІ. Бүгінгі сайысымыз 6 турдан тұрады. ІҮ. Қорытындылау. Ү. Марапаттау.

19 - 29 қараша арасындағы қазақ – орыс тілі, тарих пәндерінің онкүндігіне байланысты 6 турдан тұратын «Зияткерлер» сайысын өткізгелі отырмын. Бүгінгі білім бәйгесіне 5 «А» сыныбынан «Білімділер» мен «Талаптылар» топтары келіп отыр. Алдымен осы топтар топтарын таныстырсын.

- Бүгінгі білім сайысы 6 турдан тұрады. Әр турдың барысын түсіндіріп отырамын. Білім бәйгесіне қазылық ететін әділқазылармен таныс болайық.

І тур. «Бәйге». (Екі топқа сұрақ қойылады).
1. Бір тәулікте неше сағат бар? (24)
2. Әр түрлі аспаптарда ойнайтын музыканттардың үлкен тобы.(оркестр)
3. 12 жылда қайталанатын жас (мүшел жас)
4. 2012 жылы Қазақстанға 7 алтын, 1 күміс, 4 қола медаль сыйлаған олимпиада (Лондон)
5. Географиялық қабығы бар ғаламшар қай ғаламшар білесің бе?
6. Ең алғашқы адамдардың сүйегі қай жерлерден табылды?
7. Қобызды ойлап тапқан кім? (Қорқыт)
8. Қазақтың батыр қыздары (Мәншүк, Әлия)
9. 16 желтоқсанда Қазақстан халқы қандай мерекені тойлайды? (Тәуелсіздік)
10. Отанды сүю неден басталады?(Отбасынан)
11. Жүз жасаған қазақ ақыны кім?(Жамбыл)
12. Төрт түлік малға нелер жатады?(қой, ешкі, жылқы, түйе)
13. Абайдың шын аты кім? (Ибраһим)
14. 2011 жылы Қазақстанда қандай ойындар өтті? (Азиада)
15. Күн жүйесінде неше ғаламшар білесің бе? (9).

ІІ тур. «Дұрыс па, бұрыс па»
Мұғалім өз ойын айтады, оқушылар дұрыс болса қол шапалақтайды, бұрыс болса қол шапалақтамайды..
1. Қымыз – түйенің сүті.
2. Қыз қуу қазақтың ұлттық ойыны.
3. Наурыз жаз айында басталады.
4. Қуырдақ – қазақтың ұлттық тағамы.
5. Қазақстан Украин мемлекетімен шектеседі.
6. Қазақстанның бас қаласы – Астана қаласы.
7. Абай қазақтың ұлы ақыны.
8. Сәукеле - қазақтың ұлттық бас киімі.
9. 12 сәуір «Ғарыш күні» болып белгіленген.
10. Жер ғаламшары үшінші ғаламшар.

ІІІ тур. «Мың бір мақал!»
Мақал мәтелдерді аяқтау.
1. Сыйлап берсе суын....(іш)
2. Досы көппен сыйлас,
Досы азбен.........(сырлас).
3. Отан үшін отқа түс............(күймейсің).
4. Еңбектің наны тәтті,
Жалқаудың.........(жаны тәтті).
5. Күлме досыңа, келер (басыңа).
6. Жылы, жылы.............(жылан үннен шығады).
7. Мектеп кеме, білім.....(теңіз).
8. Жігіттің екі сөйлегені............(өлгені).
9. Өнер алды........ қызыл тіл.
10. Батыр туса - ел ырысы,
Жаңбыр жауса....... (жер ырысы).

ІҮ тур. «Тауып көр жұмбағымның жауабын»
Жұмбақтың шешуін табу.
1. Ұшарымды жел біледі,
Қонарымды жел біледі. (Қаңбақ).
2. Қабат – қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (Кітап).
3. Айналаңда ақ отау,
Аузы мұрны жоқ отау. (Жұмыртқа).
4. Жасыл ине киімім,
Жайлаймын тау биігін.
Жаңа жылды тойласаң,
Төріндемін үйіңнің. (Шырша)
5. Үй бағады, үрмейді,
Аяғы жоқ жүрмейді. (Құлып).
6. Орманда тұрағы,
Тоқ – тоқ соғады. (Тоқылдақ).
7. Ти десем тимейді,
Тиме десем тиеді. (Ерін).
8. Күндіз – түні жанамын,
Дабыл беріп бәріне.
Үш түрлі түсім бар,
Белгілі жас пен кәріге. (Бағдаршам)
9. Ұзын өзен, Суы жоқ. (Жол)
10. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялдайды. (Автобус)

Ү тур. «Кім жылдам».
(Екі топтың топ басшыларына сұрақ қойылады).
1. Жер серігі ---------- ай.
2. Мұсылмандар діні ----------- ислам.
3. Жылқының төлі -------------- құлын.
4. Қазақстанның 1991 жылы ұшқан ғарышкерін ата.-------- (Т. Әубәкіров).
5. Сиырдың төлі -----------(бұзау).
6. Қырғызстанның астанасы.----------------- (Бішкек).
7. Ұлыстың ұлы қай күні тойланады.------------------(22 наурыз).
8. Қазақстан неше мемлекетпен шектеседі? --------------(5).
9. Жер орбитасымен өзін – өзі айнала отырып,
Күнді толық бір айналғанда қанша уақыт кетеді?------------ (365 күн, 6 сағат)
10. Жер өзін – өзі бір рет айналғанда
Жер бетінде қандай өзгеріс болады? ------------ (күн мен түн ауысады).

ҮІ тур. «Қазақстан - менің елім».
Екі топтың топ басшылары ортаға шақырамын.
І топқа «Қазақстанның облыстарын және қалаларын орналастыр».
ІІ топқа «Қазақстанның облыстарын және шекаралас мемлекеттерін орналастыр» тапсырмасын беремін. 2 оқушының қайсысы 1 - ші болады ұпай сонікі.
Жүректен – жүрекке. Барлығымыз орнымыздан тұрып, бір – бірімізге жақсы тілек айтайық! Ойын қорытылып, жеңімпаздар анықталады.
4 952
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғажайып алаң интеллектуалдық ойыны
Ғажайып алаң интеллектуалдық ойыны
Білімді, жан - жақты болуға үйрету. Білуге үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Рационал теңдеулер тақырыбына есептер шығару
Рационал теңдеулер тақырыбына есептер шығару
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №53 орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Утенова Гулнар
"Көкпар" білім сайысы
"Көкпар" білім сайысы
Шығыс Қазақстан облысы "Д. Бабатайұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп"КММ Бастауыш сынып мұғалімі Омаргазина Мақпал
Тіл - ұлттың жаны
Тіл - ұлттың жаны
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Тоғасбаева Қаламқас Қалибекқызы
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы
«ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, "Дарын" мектеп - лицейі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Мусина Камшат Мажитқызы
Тіл-жаның, тіл -қаның
Тіл-жаның, тіл -қаның
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Осакаров №1 орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Маждай Гулмариа 5 сынып Тақырыбы: Тіл - жаның, тіл - қаның «Адамға екі нәрсе тірек тегі, бірі – тілің, бірі – ділің жүректегі», –
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×