Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданы

10 сәуір 2013, Сәрсенбі
Категориясы: География
Оңтүстік Қазақстан экономикалық ауданы (презентациясымен)
Аудан құрамына: Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстары кіреді

Экономикалық географиялық жағдайы
Оңтүстік Қазақстан аумағы бойынша Батыс Қазақстаннан кейінгі екінші экономикалық аудан (елдің жалпы аумағының 27%- ы).
Ауданның шекарасы батысында Арал теңізінен басталып, шығысында Қытаймен аралықтағы мемлекеттік шекараға дейінгі 200 км қашықтыққа созылып жатыр. Ал солтүстігінде Бетпақдала мен Балқаш көлінен басталып, оңтүстігінде Орталық Азия мемлекеттері аралығындағы шекараға дейінгі 700 км қашықтықты қамтиды.
Оңтүстік шығысында көптеген өзендер бастау алатын Солтүстік Тянь-Шань жоталары орналасқан.

Табиғат ресурстары
Жер ресурсы Су ресурсы
Су ресурсы
Аудан су ресурсына бай, еліміздегі су ресурстарының 49%- ы осы ауданда кездеседі. Су ресурстары аумақ бойынша біркелкі таралмаған. Ішкі су қорының
62 %-ы тиеді.
Су энергетика ресурстарына бай өзендер
Сырдария
Іле
Талас
Қаратал
Ақсу
Лепсі
Ірі СЭС-тері
Шардара
Мойнақ (Алматыда)
Қапшағай

Климаты
Аудан аумағының солтүстік бөлігін Республикадағы ең құрғақ климат-құмды шөл алып жатыр. Оңтүстігін қоңыржай ылғалды климатты тау белдеулері алып жатыр.
Оңтүстікте қардың қалыңдығы 20-30см, 40-60 күн қар жатады. Жылдық жауын-шашынның 50-60 % тиесілі.
Халқы
Аудан халықтың тығыздығы жөнінен республикада 1-ші орын алады
Республика халқының-38, 7 %-ы осында тұрады.
Қоныстану тығыздығы-1 км2 жерге 8-10 адам.
Халықтың басым көпшілігі Тянь-Шаньның, Жоңғар Алатауының тау бөктерлері мен Қаратау жоталарында, Сырдария өзенінің бойында қоныстанған.

Ең үлкен агломерация - Алматы
Урбандалу-51 %. Ең үлкен көрсеткіші - Қызылорда облысы-60%
Ең саны көп диаспора - өзбектер және ұйғырлар
Қазақстанда тұратын 370 мың өзбектердің 360 мыңдайы - Оңтүстік Қазақстанда. 1992 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық Өзбек коғамы құрылған болатын, қазір - өзбек мәдени орталығы деп аталады.
Өнеркәсібі
Оңтүстік Қазақстанда өнеркәсіптен – түсті металлургия, химия, құрылыс материалдары, жеңіл және тамақ өнеркәсібі салалары дамыған.

Түсті металлургия
Ащысай полиметалл комбинаты
Текелі қорғасын-мырыш комбинаты
Шымкент қорғасын-мырыш зауыты

Машина жасау зауыттарын ұмытпа
Машина жасау1950 жылдан бастап дамыды
Кентау трансформатор, экскаватор
Шымкент жоғарғы вольтты аппаратура, алып – пресс автомат
Алматы тұрмыстық машиналар, ауыр машина, Камаз,
газель құрастыру, төменгі вольтті аппаратура

Құрылыс материалдары
Цемент зауыттары-Шымкент, Сазтөбе
Шифер-Тараз
Гранит-Қаскелең(Алматы)
Қабырғалық қағаз – Алматы
Қатырма қағаз – Қызылорда
Қызғылт гранит-Қордай
Химия өнеркәсібі
Тараз-Суперфосфат зауыты
Шымкент – Шина, Химфарм, Синтетикалық жуу зауыттары, Фосфор тұздары

Көлік кешені
Ірі темір жол магистральдары:
Орынбор-Ташкент,
Алматы-Үрімші,
Шымкент-Мерке-Құлан-Ақтоғай
Ірі автомобиль жолдары
Алматы-Ташкент
Алматы-Текелі
Алматы-Нарынқұл
Мұнай құбыры
Омбы-Павлодар-Шымкент
Газ құбыры
Мүбәрәк-Алматы

Жеңіл өнеркәсібі
Оңтүстік Қазақстанда Республика бойынша жеңіл және тамақ өнеркәсібі жақсы дамыған. Оның көлемі бойынша алдынғы орында. Оңтүстік Қазақстан облысы мақта өсіретін жалғыз аудан. Республика бойынша мақта, мата, жүн тері 70 % құрайды

Мақта тазалау зауыттары: Алматы, Шымкент
Былғары аяқ-қиім фабрикалары: Тараз, Қызылорда
Байпақ – шұлық, костюм шығаратын фабрика: Шымкентте

Тамақ өнеркәсібі
Алматы: ет, жеміс-жидек, темекі
Тараз, Талдықорған: қант
Арал, Алакөл: балық өңдеу
Қызылорда күріш тазалау
Облыстары
Алматы облысы — Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысындағы әкімшілік бөлік.. Облыс аумағында 16 аудан және 3 облыстық бағыныстағы қала (Қапшағай, Талдықорған, Текелі) бар. Әкімшілік орталығы — Алматы қаласы. Алматы облысы батысында Жамбыл, солтүстігінде Балқаш көлі арқылы Қарағанды, солтүстік-шығысында Шығыс Қазақстан облыстарымен, шығысында Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігінде Қырғызстан Республикасымен шектеседі.

Жамбыл облысы — Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарымен және Қырғызстанның Талас пен Шу облыстарымен көршілес болып табылады. Облыстың аты қазақ және кеңес ақыны Жамбыл Жабайұлының құрметіне қойылған. Жамбыл облысының территориясы Бетпақ-даласынан Тянь-Шаньға дейін, Шудан Қаратауға дейін созылып жатыр. Жер аумағы — 144, 2 мың км².
Облыс орталығы, әрі ең үлкен қаласы — Тараз.

Қызылорда облысы – Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан. 1938 жылдың 15 қаңтар күні құрылған.
Орталығы – Қызылорда қаласы. 1938 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында құрылған.
Ежелгі жерде өмір сүрген Қорқыт баба, Әйтеке би және Жалаңтөс Бахадүр, Жанқожа, Бұхарбай, Тоғанас батырлары халықтың мақтанышы. Осы жерде туған Ғани Мұратбаев, Мұстафа Шоқай және белгілі жер өңдеуші Ибрай Жахаев – Отанның патриоттары, өз елінің батыр ұлдары. Олардың аттары өлкетану тарихна кіріп, үйлердің қабырғаларында қашалған.
Тарихи қалалар Сауран және Сығанақ, археологиялық ескерткіштері және кесенелер Сунақ Ата, Айқожа ишан, кесенлер Қарасопы, Оқша Ата, Досбол би, Есабыз, Ақтас мешіті, Қорқыт Ата мемориалды комплексі Ұлы Жібек жолының туристік бағыттарына кіреді.

Оңтүстік Қазақстан облысы – Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. 1932 жылы 10 наурызда құрылған. 1962 – 92 жылы Шымкент облысы деп аталды. Аумағы 117, 3 мың км2. Орталығы – Шымкент қаласы
Назар салып тыңдағандарыңызға көп рахмет!!!

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
61 360
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғажайып қала - Ақтөбе
Ғажайып қала - Ақтөбе
Ғажайып қала - Ақтөбе. Ақтөбе қаласының көрікті жерлерімен таныстыру
Оңтүстік Қазақстан
Оңтүстік Қазақстан
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің география пәні мұғалімі Тлеумуханова Гулсим Тулегеновна
Шығыс Қазақстанның экономикалық - географиялық жағдайы
Шығыс Қазақстанның экономикалық - географиялық жағдайы
Алматы қаласы, «Шаңырақ» шағын ауданы, «Спорттағы дарынды балаларға арналған республикалық мектеп-интернаты» география пәні мұғалімі Муталипова Мейрамгуль Ергалиевна
Оңтүстік Қазақстан
Оңтүстік Қазақстан
Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қоңыр орта мектебінің география пәні мұғалімі Жанатбек Манас "Үздік презентация" номинациясы бойынша
Солтүстік Қазақстан, ЭГЖ ерекшеліктері, табиғат жағдайы мен ресурстары және халқы
Солтүстік Қазақстан, ЭГЖ ерекшеліктері, табиғат жағдайы мен ресурстары және халқы
Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданының ЭГЖ, табиғат ресурстары, халқы, ауданның қалаларына сипаттама беру. Ішкі және сыртқы байланыстары, экологиялық проблемалары және оларды шешу жолдарына тоқталады. Экономикалық қазіргі даму кезеңі,
Қазақстанның географиялық орны мен шекарасы
Қазақстанның географиялық орны мен шекарасы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Жаңқұлов Мейрамбек Шарапатұлы 8 класс Қазақстанның географиялық орны мен шекарасы Мақсаты: А) Қазақстанның дүние жүзі және Евразия материгіндегі орны мен
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×