Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шығыс Қазақстанның шаруашылық географиясы

13 сәуір 2013, Сенбі
Категориясы: География
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Электронды оқулық, тірек сызба арқылы Шығыс Қазақстанның шаруашылығына сипаттама беру
б) тәрбиелік: Өз Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, үнемшілдікке баулу, экологиялық тәрбие беру
в) дамытушылық: Оқушылардың өз бетінше жаңа ақпараттық технологиямен, электронды оқулықпен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, есте сақтау қабілетін дамыту
Сабақтың типі: Жаңа білім алу сабағы.
Сабақтың түрі: Өз бетінше жұмыс істеу
Сабақтың әдісі: Кластер стратегиясы бойынша топтастыру
Тірек - сызбалар пайдалану
Пән аралық байланыс: Химия, информатика, тарих

Сабақтың көрнекілігі: Слайдқа жазылған материалдар, Қазақстан картасы, «География және табиғат» журналы. 9 класқа арналған электронды оқулық, Атлас

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқушылардың жұмыс столдарының сабаққа қажетті құрал – жабдықтармен қамтамасыз етілуін қадағалау. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Жауап парақтарын тарату. Жеке компьютерлердің желіге қосылғандығын тексеріп өту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Өткен сабақта «Шығыс Қазақстанның экономикалық - географиялық жағдайы, табиғат ресурстары мен халқы» тақырыбы өтілген болатын.
Жеке компьютерде графикалық бақылау жұмысы және жекелеген оқушыларға деңгейлік тапсырмалар орындау.
Графикалық бақылау жұмысы:
(+дұрыс, - дұрыс емес)
Р/с ----- Сұрақтың мазмұны ----------------------------------------------------------------------------Жауабы
1 ------- Шығыс Қазақстан республикадағы маңызды рекреациялық аудан
2 ------- Шығыс Қазақстан Қытаймен ғана шекаралас жатыр
3 ------- Ауданның батысында Сауыр - Тарбағатай жотасы жатыр
4 ------- Шығыс Қазақстан полиметалға бай
5 ------- Шығыс Қазақстанның жер ресурстары ауыл шаруашылығына жарамсыз
6 ------- Шығыс Қазақстан су энергетика ресурстарына кедей
7 ------- Өскемен су қоймасы Ертіс өзеніндегі ең ірі су қоймасы болып табылады
8 ------- Шығыс Қазақстанның өсімдік жамылғысы алуан түрлі
9 ------- Шығыс Қазақстанның өнеркәсіптері Алтай тауымен байланысты қалыптасқан
10 ----- Шығыс Қазақстанда экономикалық белсенді халық 66%

Бақылау жұмысы мен деңгейлік тапсырмалардың слайдқа жазылған дұрыс жауабын интерактивті тақтада көрсетіп, өзін - өзі тексеру жұмыстарын жүргізу. Оқушылардың орындаған жұмыстары бойынша әркім өзінің ұпайын бағалау парағына түсіріп отырады. (кестеге толтырылады)

ІІІ. Жаңа сабақ
Қазақстан Республикасының картасын бейнекөріністе көрсету.
Оқушыларға тапсырма беру. Атласпен жұмыс
а) Орталық Қазақстан мен Шығыс Қазақстанның ЭГЖ салыстыру
б) Өнеркәсіп тораптары жайлы не айтуға болады?
в) Шығыс Қазақстан туралы басқа экономикалық аудандармен салыстыра отырып не айтуға болады?
(Роwer Point бағдарламасында Шығыс Қазақстанның картасы слайдтар арқылы көрсетіледі.)
Осы сұрақтар көлемінде оқушылардың ой - пікірін біле отырып бүгінгі сабақтың мақсат - міндеттеріне тоқталамыз
1 - тірек сызба

Электронды оқулықтағы ШҚ экономикалық ауданының жер көлемі, халқы және шаруашылығы туралы мәліметтері көріп - тыңдау.
Шығыс Қазақстанның экономикасының қарқынды дамуы көбінесе Кенді Алтайға байланысты. Бұл жерде пайдалы қазбалар мен су қуаты ресурстары кешенді түрде игерілуде.

ШҚ - да ірі және орташа 80 - ге жуық кәсіпорын жұмыс істеп, өнеркәсіп өнімінің 90%-ын өндіреді. Шығыс Қазақстанның түсті металлургиясы арзан электр қуаты ресурсының базасында дамуда.

Өскемен, Риддер, Зырян, Семей тораптары түсті металлдар шығаруға маманданған. Қазақстандағы негізгі орман қоры Шығыс Қазақстанда болғандықтан ағаш өңдеу салалары жақсы дамыған.

Экологиясында ауа бассейні ластайтын заттарды шығару жағынан ауданның шығысында орналасқан қалалар мен кенттердегі түсті металлургия кәсіпорындары жетекші рөл атқарады. Ең қолайсыз жерлеріне Өскемен, Риддер, Зырян қалалары жатады.

Электронды оқулықтағы интерактивті тапсырманы орындау (1, 2, 3, 6 – тапсырмалар)
ІҮ. Қорытындылау.
Жаңа сабақты бекіту мақсатында бірнеше сұрақтар қойылады, мысалы.
1) Шығыс Қазақстанда қандай өнеркәсіп салалары жақсы дамыған?
2) Шығыс Қазақстанның Орталық Қазақстаннан ерекшеліктері қандай?
Оқушылардың сабақ барысында алған білімін бекіту мақсатында оқулықта берілген 2 - тапсырманы орындау
Комбинат ---------- Өндірістік цикл ---------- Өнімі ------ негізгі ------ қосымша
Зырян
Өскемен
Риддер

Осыдан кейін электрондық кітапшада берілген тест жұмысын орындау.
(І деңгейлі тест 1 - ғана дұрыс жауап барлығы: 30 сұрақ)

Ү. Оқушыларды бағалау
Сабақ барысындағы оқушылардың іс - әрекеттерін жауап парақтары бойынша бағалап Excel электрондық кестеде толтырып, интерактивті тақтада көрсету.

ҮІ. Үйге тапсырма
§23 оқу
1, 3 - тапсырмалар №3 эссе
260 беттегі тест жұмысы
Шығыс Қазақстанның өнеркәсіптерін кескін картаға түсіру
17 145
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Шығыс Қазақстан. ЭГЖ ерекшеліктері, табиғат жағдайы мен ресурстары және халқы
Шығыс Қазақстан. ЭГЖ ерекшеліктері, табиғат жағдайы мен ресурстары және халқы
Шығыс Қазақстан жер көлемі 277 мың шаршы шықырым. Бұл өте әдемі таулы аудан. Елімізде туризмді дамытуға үлкен рөл атқарады. Шығыс Қазақстан экономикалық ауданына – Шығыс Қазақстан облысы кіреді.
География пәнінен 9 сыныптарға арналған емтихан билеттері
География пәнінен 9 сыныптарға арналған емтихан билеттері
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, №11 жалпы білім беретін орта мектептің география пәні мұғалімі Толегенова Жазира Кенжекуловна
Қағаз және қатырма қағазымен жұмыс
Қағаз және қатырма қағазымен жұмыс
Түркістан қаласы, Ататүрік атындағы №17 мектеп гимназия технология пәні мұғалімі Домаева Ақмарал Абдикаримовна
Орманды дала зонасы
Орманды дала зонасы
Солтүстік Қазақстан облысы, Шал ақын ауданы, Ғ. Малдыбав атындағы Жаңажол орта мектебінің география пәні мұғалімі Шекенова Гулай Сайлауовна
Жазықтар. Жазықтардың пайда болуы және өзгеруі
Жазықтар. Жазықтардың пайда болуы және өзгеруі
Абдиев Ербол Сейсенбекұлы №197 орта мектептің география пәнінің мұғалімі Қызылорда қаласы.
Қазақстандағы топырақ типтері
Қазақстандағы топырақ типтері
География пәні мұғалімі: Бердіғали Шынар Ибадуллақызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×