Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Дүние жүзі елдерінің мемлекеттік құрылысы

11 мам 2013, Сенбі
Категориясы: География
Сабақтың тақырыбы: Дүние жүзі елдерінің мемлекеттік құрылысы.
1. а) білімділік: Оқушыларға Дүние жүзі елдерінің мемлекеттік құрылысы мен басқару формалары жөнінде толық мағлұмат беру. Деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасау.
1. 2. б) тәрбиелік: Өз Отанын сүюге, қоршаған ортаға сүйіспеншілігін ояту.
2. 3. в) дамытушылық: Оқушыларды сабаққа белсенділігін арттыру мақсатында тақырыпқа байланысты қосымша материалдарды пайдалану, ойлау қабілеттерін дамыту. Карта бойынша жұмыс жасату, мемлекеттердің астаналарын карта бойынша көрсету және жаттату.

Құрал - жабдықтар, көрнекті құралдар: Дүние жүзі саяси карта, глобус, атлас, кескін карта.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Сабақ барысы:
1Ұйымдастыру.
2 Үй тапсырмасын сұрау.
3 Жаңа тақырыпты таныстыру.
4 Тақырыпты таныстыру.
5 Бағалау. Үйге тапсырма беру.

Егеменді елдердің мемлекет болып құрылып қалыптасуының әр қилы тарихи жолы бар. Әрбір елдің мемлекеттік құрлысы, ең алдымен, олардың басқару түрлерімен сипатталады. Дүние жүзінде дербес тәуелсіз мемлекеттерді басқарудың бірнеше түрі белгілі. Оның ішіндегі ең басымы - республикалық форма. Қазір дүние жүзінде 150 - ге жуық егеменді республика бар (дүние жүзі мемлекеттерінің жалпы санының 34 бөлігі). Басқарудың республикалық формасы - прогрессивтік және демократиялық артықшылықтармен сипатталады. Отарлаушы державалардың қанауынан ХІХ - ХХ ғасырлар шегінде бостандық алған Латын Америка елдерінің барлығы дерлік осы басқару формасын таңдап алды. Өткен ғасырдың ортасында тәуелсіз болған Азияның бұрынғы бодан елдері түгелдей, ал негізгі бөлігі өз тәуелсіздіктерін ХХ ғасырдың екінші жартысында алған Африканың қазіргі 50 - ден астам егемен мемлекеті де өздерін республика деп жариялады. Сол сияқты мыңжылдық монархиялар: Египет, Эфиопия, Иран. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейінгі кезеңде бірден республикаға айналды.

Мемлекеттің республикалық құрылысында заң шығарушы өкімет билігі парламентте болса, ал атқарушы орган қызметі үкімет құзырында.
Басқарудың бұл формасы осы республикалардың барлығы бірыңғайлы деген ұғым тудырмайды. Олардың араларыңда саяси - әлеуметтік өзгешіліктердің де барын байқауға болады. Мысалы, Швейцария мен Сомали, Франция мен Иран, Аргентина мен Куба республикаларын, т. б. бір - бірімен салыстыру нәтижесінде осындай өзгешеліктерді көруге болады. Республикалар өз кезегінде президенттік және парламенттік республикалық болып ерекшеленеді.

Президенттік республикада президенттің құқылы билігі басымдық жағдайда болып, үкіметті өз басқарады. Ал парламенттік республикада басты тұлға президент емес, ол үкімет басшысы (премьер - министр) болып саналады. Әлемдік социалистік жүйенің ыдырауына қарамастан, қазіргі Қытай, Вьетнам, Лаос, Солтүстік Корея және Куба мемлекеттері елді басқару формасы жағынан социалистік республикаларға жатады.

Мемлекеттік басқарудың келесі формасы - монархиялық билік, олардың әлемдегі жалпы саны - 31. Америка құрлығында бірде - біреуі жоқ, Мұхиттық аралдарда - 2, Африкада - 3, Азияда - 14, Еуропада - 12. Қазір осылардың ішінде жалғыз ғана империя бар, ол - жапон елі. Қалған монархиялардың көпшілігі - корольдіктер, бірнеше княздіктер, сұлтандықтар, әмірліктер топтасқан.
Дүние жүзіндегі мемлекет басқарудың монархиялық формасы сақталған елдер:
І. Еуропа ------------------------ ІІ. Азия
1. Бельгия - корольдік 1. Бутан - корольдік
2. Дания - корольдік 2. Иордания - корольдік
3. Испания - корольдік 3. Камбоджа - корольдік
4. Нидерланд - корольдік 4. Неапол - корольдік
5. Норвегия - колольдік 5. Сауд Арабиясы - корольдік
6. Ұлыбритания және Солтүстік 6. Таиланд - корольдік
Ирландияның біріккен 7. Бруней - сұлтандық
корольдігі - корольдік 8. Малайзия - сұлтандық
7. Швеция - корольдік 9. Оман - сұлтандық
8. Андорра - князьдік 10. Бахрейн - әмірлік
9. Лихтенштейн - кньяздік 11. Біріккен Араб Әмірлігі - әмірлік
10. Монако - князьдік 12. Катар - әмірлік
11. Люксембург - ұлы герцогтік 13. Кувейт - әмірлік
12. Ватикан - папа мемлекеті 14. Жапония - империя

ІІІ. Африка ІҮ. Мұхиттық аралдар
1. Лесото - корольдік 1. Тонга - корольдік
2. Марокко - корольдік 2. Самоа - елді көсем басқарады
3. Свазиленд - корольдік

Монархиялардың көпшілігі - конституциялық монархиялар. Бірақ абсолюттік монархиялар да өмір сүруде. Олар: Еуропада - Ватикан; Азияда - Бутан, Бруней; ал Таяу Шығыста - Сауд Арабиясы, Катар, Оман, БАӘ, Бахрейн, Кувейт. Бұл елдерді басқарушы монархтың билігі шексіз деуге болады. Өйткені ол заң шығарушы және атқарушы өкімет билігін жүргізумен қатар үкіметті, қорғаныс және сот істерін де өзі басқарады.
Мемлекетті басқарудың басқа да формалары. Елді басқарудың ерекше бір түрін – достастық, яғни бұрынғы «Британ Ұлттар Бірлестігі» құрамындағы мемлекеттер құрайды. «Егеменді елдердің ерікті қауымдастығы» құрылымындағы бұл ұйымға мүше елдер сыртқы және ішкі саясаттарында тең құқықтық пен дербестікке ие. Осы ұлттар бірлестігінің өмір сүргеніне жетпіс жылдан аса уақыт өтті.

Саяси - әкімшілік құрлымы жағынан федеративтік мемлеттер:
1. Ресей Федерациясы
І. Еуропа -------------------------------- ІІІ. Африка
1. Австрия Республикасы ------------- 1. Комор аралдары Одағы
2. Бельгия Корольдігі ----------------- 2. Нигерия Федерациялы Республикасы
3. Германия Федерациялы ----------- 3. Оңтүстік Африка Республикасы (ОАР)
Республикасы (ГФР) ------------------ 4. Эфиопия Демократиялық Федерациялы Республикасы.
4. Сербия және Черногория
5. Швецария Конфедерациясы

ІІ. Азия ------------------------------------------ ІҮ. Америка
1. Біріккен Араб Әмірлігі (БАӘ) ------------- 1. Америка Құрама Штаттары
2. Малайзия Федерациясы ------------------ 2. Аргентина Республикасы
3. Мьянма Одағы ----------------------------- 3. Бразилия Федерациялы Республикасы
4. Пәкстан Ислам Республикасы ----------- 4. Венесуела Республикасы
5. Үндістан Республикасы---------------------5. Канада
---------------------------------------------------6. Мексика Құрама Штаттары
---------------------------------------------------7. Сент - Кристофер және Невис Федерациясы
Ү Австралия мен Мұхиттық аралдар
1. Австралия Одағы
2. Митконезия Федерациялы Штаттары

Сабақты қорытындылау:
1. Дүние жүзінде қанша егеменді республика бар?
2. Дүние жүзінде неше мемлекет бар?
3. Тәуелсіз мемлекеттерді басқарудың қандай түрлерін білесіңдер?

Үйге тапсырма: Дүние жүзі елдерінің мемлекеттік құрлысы.
59 414
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дүниежүзінің діни алуан түрлілігі неден көрінеді?
Дүниежүзінің діни алуан түрлілігі неден көрінеді?
Дүние жүзі халқының діни құрамы мен діндердің таралу аймақтарын анықтайды.
Патшалық және республикалық билік кезеңіндегі Рим
Патшалық және республикалық билік кезеңіндегі Рим
Жалпы мақсаты міндеттері: 1 - қадам: Ежелгі Римді сипаттай отырып, басқару құрылысымен таныстыру.
Қазақстан тарихынан сабақ топтамасы
Қазақстан тарихынан сабақ топтамасы
Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, «Осакаровка кентінің №1 орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі Рахмет Айтолхын
Дүние жүзінің саяси картасындағы мемлекеттер. Қазақстан әлем картасында
Дүние жүзінің саяси картасындағы мемлекеттер. Қазақстан әлем картасында
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Бейнеу гимназиясы» география пәні мұғалімі Іңірғалиева Нұргүл Нұрқызы
Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихынан күнтізбе жоспары  7-сынып
Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихынан күнтізбе жоспары 7-сынып
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебі Өтепова Тойған Қуанышқызы
Дүние жүзі елдерін типке бөлу және топтастыру
Дүние жүзі елдерін типке бөлу және топтастыру
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ ауылы № 17 кәсіптік лицей мұғалімі: Адишева Мақпал
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×