Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Халықтың көші-қоны

23 қараша 2013, Сенбі
Категориясы: География
9 сынып
Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы

Сабақтың тақырыбы: Халықтың көші-қоны
Жалпы мақсаты:
Қазақстанның халықтың көші-қоны, оның түрлері мен себептері туралы ұғымның қалыптасуы.
Халықтың көші - қонының ел экономикасына тигізетін әсерін, оның маңыздылығын түсіну.
Алған білімді өмірде дұрыс пайдалана білу, ойлау қабілетін шыңдап, ойын еркін жеткізе алу.

Міндеттері:
1. Оқушылардың тақырыпты ашуына ықпал ету.
2. Қазақстанның халықтың көші-қоны, оның түрлері мен себептері туралы ұғымның қалыптасуы және сипаттама жасай алуына мүмкіндік беру. Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту, картамен жұмысты, шығармашылықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.
3. Өз отаны туралы білімдерін тереңдету арқылы отансүйгіштік қасиетін арттыру.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар Қазақстанның халықтың көші-қоны, оның түрлері мен себептері туралы білетін болады.
Еліміздің экономикасының тиімді және тиімсіз тұстарын анықтай алады.
Ел экономикасының болашағына деген сенім пайда болады.
Топтастыру «сиқырлы әріптер» (1мин)
Түсті қағазға жазылған әріптерді таратылып беріледі. Түстер бойынша топтасып отырады.
Сергіту сәті Астананың ауа - райы.(2 мин) Жаттығулар жасайды
Тапсырмалар: Ой қозғау.
Қолдарыңызға берілген әріптерден сөздер құрастырыңдар, сөздердің халыққа қатынасы бар? (2 мин)
1. Жеке жұмыс. Термин сөздердің мағынасын анықта. (3 мин)
Эмиграция, иммиграция, ремэмиграция, репатриация,
дискриминация, оралман, тартылыс полюстері.
2. Топтық жұмыс. Кластер құрау (7 мин)
1 - топ - көші - қон түрі
2 - топ - көші - қон себептері
3 - топ - көші - қон ұзақтығы
4 - топ - көші - қон бағыты
3. Жұптық жұмыс. Сәйкестігін анықта.(5 мин)
4. Мәтін және картамен жұмыс. (10 мин)
5. Топтық жұмыс. Логикалық сызба – тіректі құрастыр. (10 мин)
Үйге тапсырма: §6 оқу, қосымша мәліметтер жазып келу (статистикалық, келгендермен, кеткендердің саны 2013 жылға)
Бағалау:

«Сиқырлы әріптер»
Түсті қағазға жазылған әріптерді таратылып беріледі.
Сыныпты 4 топқа 5 адамнан бөлеміз. түсті қағаздар саны 4 (сары, көк, жасыл, қызыл)
Сары әріптер(э, м, и, г, р, а, ц, и, я)
Көк әріптер (и, м, м, и, г, р, а, ц, и, я)
Жасыл әріптер( ремиграция)
Қызыл әріптер(депортация)

1. Жеке жұмыс. Термин сөздердің мағынасын анықта. (3 мин)
Эмиграция, иммиграция, ремэмиграция, репатриация, дискриминация, оралман, тартылыс полюстері.

2. Топтық жұмыс. Кластер құрау (7 мин)

3. Жұптық жұмыс. Сәйкестігін анықта.(5 мин)
Мазмұны --------- Жауап
Тұрақты көші - қон -------------------------------- Ішкі, сыртқы
Негізгі көші - қон ----------------------------------- Ел аумағында
Қоныс аударушылардың басым бөлігі ------ Ерлер
Уақытша сыртқы көші - қон -------------------- Өсуде
Келетіндердің басым бөлігі -------------------- ТМД елдерінің халқы

4. Мәтін және картамен жұмыс. (10 мин)
Мәтіндер.
1. Алғашқы оралмандар Қазақстанға 50 - ші жылдардың ортасында Қытайдан келді. Олар жаппай қоныс аудару 1991 жылы, Монғолиядан 12 мың адам келген кезде басталды. 2003 жылы елге 39, 4 мың қазақ иммиграцияға келсе, елден эмиграцияға кеткендер саны 4, 4 мың адамды құрады. Тапсырма:
1. Тәуелсіздік алған жылдар ішінде Қазақстанға қанша оралмандар көшіп келді? Оларға мемлекет тарапынан қандай көмектер беріледі?
2. Картадан оралмандардың басым бөлігі келетін елдерді көрсет.

2. Қазақстанға жұмыс істеу үшін адамдар көбірек келуде. Кейбіреулері көші – қон ережелерін бұзады: елге жасырын жолмен келіп, рұқсатсыз жұмысқа орналасады, көші - қондық органдарға тіркелмейді.
Тапсырма:
1. Ол қандай орган? Оның атқаратын қызметтері қандай? Ол жерде кімдер жұмыс жасайды?
2. Картадан жұмыс іздеп келетіндердің басым бөлігі Қазақстанның қай аймақтарына баратынын көрсет.
3. Астана қаласы «Елорда» статусын алғаннан кейін қалаға көшіп келушілер саны өсе түсті. Статистикалық орталыққа нақты мәлімет берілмегендіктен, Астана қаласында 2001 жылы «Мен Астана тұрғынымын» атты акциясы өткізілді. Ол барлық «есепке тұрмаған» қоныс аударушыларды тіркеуден өткізуге мүмкіндік берді. Қала халқы сол тұста 330 мың деп саналып келсе, тіркеуден кейін қала халқының саны 500 мыңға жетті.
Тапсырма:
1. Қазіргі кезде Астана қаласының халқының саны қанша?
2. Картадан Астана қаласына қоныс аударғандардың қай аймақтардан келгендерін көрсет.

4. Қазақ халқының жаппай мәжбүрлі эмиграциясы 1916 жылы көтеріліс кезіне, 1930 жылдардағы ұжымдасу мен аштыққа сәйкес келді. Ол кездерде Қытайға, Монғолияға, Ауғанстанға, Иранға, Орта Азия мен Ресейге 1 млн. 300 мыңдай ел ауды.
Тапсырма:
1. Аталған адамдар елден қоныс аудармағанда, халықтың саны қаншалықты болар еді...
2. Картадан аталған елдерді, астаналарымен көрсет.
Логикалық сызба – тіректі құрастыр. (10 мин)
16 931
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ халқының Ресейдің отарлық үстемдігіне қарсы ұлт - азаттық күрестері. Кіші жүз қазақтарының Сырым Датұлы басшылығымен болған көтерілісі (1783 - 1797жж)
Қазақ халқының Ресейдің отарлық үстемдігіне қарсы ұлт - азаттық күрестері. Кіші жүз қазақтарының Сырым Датұлы басшылығымен болған көтерілісі (1783 - 1797жж)
Оқушыларға 1783 - 1797 жылдардағы көтерілістің негізгі шарттары, себептері, мақсаты, көтеріліс барысы және жеңілу себептерімен таныстыра отырып, оларға 1783 - 1787 жылдардағы Қазақстандағы саяси оқиғалардың дамуына Сырым Датұлының тигізген ықпалын
Жапония шаруашылығы
Жапония шаруашылығы
Жапония елінің шаруашылығы, шаруашылық түрлеріне тоқталу, экономикалық және әлеуметтік дамуының жоғары деңгейге жету себептерін түсіну, оның экологиялық жағдайлары мен мәселелері туралы білім алу
Қазақ халқының 16 - 17 ғасырлардағы шаруашылығы
Қазақ халқының 16 - 17 ғасырлардағы шаруашылығы
Қазақ халқының 16 - 17 ғасырлардағы шаруашылығы Конспект Қазақ халқының көшіп - қонуында белгілі бір бағыт, әрбір ру - тайпаның өз көші - қоны болған. Маусымды көші - қон дегеніміз – жыл мезгілінің ерекшелігіне қарай мал басын аман сақтау үшін көшіп
Дүниежүзінің Табиғат ресурстары және олардың түрлері
Дүниежүзінің Табиғат ресурстары және олардың түрлері
Табиғат ресурстары мен олардың жіктелуі, табиғат ресурстары түрлерінің дүние жүзі бойынша таралуы мен әркелкі орналасу туралы білімдерін беріп, жетілдіру
Халықтың ұлттық және діни құрамы
Халықтың ұлттық және діни құрамы
Байқоңыр қаласы, № 8 Ю. А. Гагарин атындағы мектептің география пәні мұғалімі Қарлыбаев Октябрь Өзбекбайұлы
Халық саны мен табиғи өсімі
Халық саны мен табиғи өсімі
Байқоңыр қаласы, № 8 Ю. А. Гагарин атындағы мектептің География пән мұғалімі Қарлыбаев Октябрь Өзбекбайұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×