Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Оңтүстік Америка (7 сынып географиядан сабақтар топтамасы)

07 желтоқсан 2013, Сенбі
Категориясы: География
Сабақ тақырыптары:
1. Оңтүстік Американың жер бедері. Пайдалы қазбалары. Жер қыртысындағы терең жарықтар. Пайдалы қазбалардың басты кен орындарының таралуы
2. Оңтүстік Американың климаты. Климат қалыптастырушы факторлар
3. Материктің ішкі сулары
4. Оңтүстік Америка материгіндегі халықтар мен елдер. Материкте халықтың орналасуы және саны. Этностар. Материалдық және рухани мәдениет
5. Оңтүстік Американың физикалық – географиялық орны. Материктің пішіні мен жағалау сызығы, Жағасындағы мұхиттар мен теңіздер,олардың материктер табиғатына тигізетін әсері.
6. Материктің табиғат зоналары. Анды тауындағы биіктік белдеулік.

7 сынып
№ 2 сабақ
Сабақтың атауы: Оңтүстік Американың жер бедері. Пайдалы қазбалары. Жер қыртысындағы терең жарықтар. Пайдалы қазбалардың басты кен орындарының таралуы
Жалпы мақсаты: Оқушыларға атлас картаны, тақырып бойынша мәтінді және берілген суреттер пайдаланып Оңтүстік Американың:
• жер бедерін,
• пайдалы қазбаларын, олардың басты кен орындарының таралуын
• жер қыртысындағы терең жарықтары туралы топтық талқыға салу және тақырып бойынша ой қорыту.

1. Үйге берілген сабақты еске түсіру.
• Географиялық диктант
1. Оңтүстік жарты шар материктері ұзақ уақыт бойы қандай материктің құрамында болды? (Гондвана)
2. Гоидвана қандай тақтаға ажырады?
(Америка, Африка - Арабия, Үндістан, Аустралия, Антарктиктида)
3. Тақталардың ажырауына байланысты қандай мұхиттардың табаны ашылады?
(Атлант және Үнді)
4. Оңтүстік Америка не арқылы Солтүстік Америкаға жалғасты? (Панама мойнағы)
5. Қай материктер арасында құрлықтық байланыс үзіліп, бір - бірінен ажырап кетті? (Аустралия, Антарктида)
• Ең, ең
1. Ең ыстық материк (Африка)
2. Ең құрғақ материк (Аустралия)
3. Ең суық материк (Антарктида)
4. Ең ылғалды және ең жасыл материк (Оңтүстік Америка)
5. Ең ұзын өзен (Ніл)

2. Мәтінмен жұмыс және еске түсіруге арналған сұрақтар.
Мәтінмен жұмыс жасау арқылы оқушылар ойларын жинақтап, әр топ материктің ерекшеліктеріне тоқталады. Мысалы: Амазока тобы, Анд тобы, Асыл тастар тобы, Бразилия таулы қыраты тобы әр топ өздеріне берілген атауларды қорғап шығуы керек.
Оңтүстік Америка материгіндегі халықтар мен елдер. Материкте халықтың орналасуы және саны. Этностар. Материалдық және рухани мәдениет
Оңтүстік Америка жерінің ауаны аралдарымен қосқанда 18, 3 млн км², үлкендігі жөнінен 4 орынды алады. Оңтүстік Америка табиғатының мынадай ерекшеліктері бар:
- Мұнда Жер шарындағы ең мол сулы және су жинау алабы жөнінен өте үлкен өзен Амазонка орналасқан. Оның жылдық ағыны 7000 км³, су жинау алабының ауданы 7 млн км² асады.
- Материктің солтүстігінде дүние жүзіндегі ең биік сарқырама Анхель
орналасқан, ол 1054 м биіктіктен құлап ағады.
- Анд тауларына дүние жүзіндегі биік тау көлдерінің ең ірісі – Титикака
орналасқан. Теңіз деңгейінен 3812 м биіктіктегі бұл көлдің ауданы 8300 км², тереңдігі 304 м.
- Оңтүстік Америка – Жер шарындағы ең ылғалды және ең жасыл
материк, жерінің тең жартысына жуығын ормандар алып жатыр
- Материктегі аса ірі тау жүйесі - Анд таулары дүние жүзіндегі ең ұзын тау болып табылады. Ұзындығы 9000км - ден асатын Анд Солтүстік Америкадағы Кордильераның жалғасы болып табылады.
- Парана мен Уругвай өзендерінің Атлант мұхитына құяр жерінде ұзындығы 320 км, екі 220 км болатын дүние жүзіндегі ең ірі Өзен сағасы - Ла - Плато орналасқан.
- Оңтүстік Американың теңіз деңгейінен ең биік нүктесі – Аконкагуаның биіктігі 6960 м, ал Вальдес түбегіндегі материктің ең төмен жатқан нүктесі (- 40м) орналасқан.
Географиялық орны. («Лаврвзия» тобы). Слайдты пайдалану.
Оңтүстік Америка Солтүстік Америка материгімен бірге Америка дүние бөлігін құрайды. Ал тілдік ерекшелігіне қарай материкті Орталық Америкамен қосып, Латын Америкасы деп те атайды.
Материк пішіні солтүстік жарты шардың қоңыржай белдеуіне дейін созыла орналасқан, ұшбұрышқа ұқсайды. Материк жағалауларына жақын маңызды аралдар аз, тек оңтүстік батысы мен қиыр оңтүстігінде бірнеше аралдар тобы кездеседі.(атластан табыңдар). Аралдарының ең ірісі Магеллан бұғазы арқылы материктен бөліп жатқан Отты жер аралы.

1. тапсырма
«Оңтүстік Американың жер бедерінің қалыптасуы мен пайдалы қазбаларының тарауына» арналған сызбаларды толтырту
Оңтүстік Американың жер бедері және пайдалы қазбалары
Атластағы «Оңтүстік Американың жер қыртысының құрылымы» картасына қарап, тапсырмаларды орындаңдар.
а) «Оңтүстік Американың жер бедерінің құрылымы» картасына қарап, тапсырма оқыңдар.
ә) Материктің басым бөлігін не себепті жазықтар алып жатыр...................................................
б) Биіктігі мен түзілісі жағынан Анд тауларын бұрын оқып кеткен материктердегі қандай таулармен салыстыруға болады?...................................................
в) Анд тауының ең биік нүктесін және онда орналасқан ең биік жанартауды атаңдар. Тау жүйесінің түзілуі әлі де жүріп жатқанын қалай дәлелдеуге болады?............................
г) Жер бедері мен пайдалы қазбалары орналасуының арасында қандай байланыс бар?...............................

2. тапсырма
Оқушылардың ойын дамытуға арналған логикалық сұрақтар
Сұрақтарға жауап беріңдер.
а) Оңтүстік Америка мен Африканың жағалау сызықтарының ұқсастығын қалай түсіндіруге болады?............................................................................................
ә) Оңтүстік Американың жағалаулары неліктен аз тілімделген?........................................................................
б) Оңтүстік Американың оңтүстік – батысында жағалау сызығы қатты бөлшектенген. Бұл немен байланысты?..........................................
в) Сызбаға Л - Плата шығанағын, Отты Жер архипилагын, Магеллан бұғазын, Дрейк бұғазын жаз.

3. тапсырма
Оқушылардың ойын сергітуге арналған есептер, материк координатасын табу.
Шеткі нүктелер.
1) Солтүстік нүктесі - Гальинас м - 12°с. е 72°б. б
2) Оңтүстік нүктесі – фроуэрд 54°о. е - 71°б. б
3) Батыс нүктесі - Париньяс 5°о. е.- 82°б. б.
4) Шығыс нүктесі - Кабу - Бранку7°о. е. 34°б. б.
Градус және километр есебімен, материктің ең шеткі нүктелерінің солтүстіктен оңтүстікке, батыстан шығысқа дейінгі ара қашықтықты анықтау.
Мысалы, экватордан Гальинас нүктесіне дейін 12°, 111*12=1332км. Ал экватордан Фроуэрд нүктесіне дейін 54°,
1 - топ қа
111*54=5994км
1332км+5994км=7326км 12°+54°=66° ( Солтүстіктен оңтүстікке дейін)
2 - топқа 82*111=9102км 34*111=3774 9102км+3774км=12876км
82°+34°=116° (батыстан шығысқа дейін)

4. тапсырма Оқшылардың ойын қорытындылауға арналған кесте.
«Анд тауының сипаттамасы» кестесін толтыр.

Сабақ бойынша жазбалары: Сабақ соңында әр топ бірін - бірі бағалайды және әр каналдан келген журналистер де өз бағасын береді. Сонымен қатар әр топтағы мамандарды да мадақтау керек. Оқушылар $37 - 38 тапсырманы қайталап картамен жұмыстарын аяқтайды.

Алматы қаласы, Алмалы ауданы,
№147 гимназиясының география пәні мұғалімі:
Керимшеева Береке Рысказиевна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
24 676
0
  • 60
4 дауыс


Жаңалықтар
Географиядан күнделікті сабақ жоспары
Географиядан күнделікті сабақ жоспары
Оқушыларға материктер мен мұхиттар географиясы пәні, мақсаттары, міндеттері, мазмұны жөнінде түсінік беру. Топтық жұмыс ережелерімен таныстыра отырып, бағалау критерилерін пысықтау.
Солтүстік жарты шар материктері (күнделікті сабақ жоспары)
Солтүстік жарты шар материктері (күнделікті сабақ жоспары)
Жарты шар материктері бөліктерімен таныстыра отырып, өткен тақырыпты қайталау арқылы білімдерін жинақтау және Солтүстік жарты шар бойынша қорытындылау.
Оңтүстік Американың климаты
Оңтүстік Американың климаты
Оңтүстік Американың климаты мен оны қалыптастырушы факторлары туралы түсінігін қалыптастыру; Негізгі және өтпелі климаттық белдеулер туралы білімдерін кеңейту
Оңтүстік Американың жер бері мен пайдалы қазбалары
Оңтүстік Американың жер бері мен пайдалы қазбалары
Балқаш қаласындағы жалпы білім беретін мектеп - интернаты КММ география пәні мұғалімі: Тулендина Эльвира Нукербековна
Материк жағалауындағы мұхиттар. Ашылуы және зерттелу тарихы
Материк жағалауындағы мұхиттар. Ашылуы және зерттелу тарихы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің география пәні мұғалімі Ысқақ Есенкелді
Америка дүние бөлігіне саяхат
Америка дүние бөлігіне саяхат
Биология және география пәні мұғалімі Зарипова Гаухар Адилбековна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×