Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Африка материгін қайталау

21 желтоқсан 2013, Сенбі
Категориясы: География
География 7 - сынып
Тақырыбы: Африка материгін қайталау (сайыс сабақ).
Мақсаты: 1. Оқушылардың Африка материгі бойынша алған білімдерін қорытындылау.
2 Пәнге қызығуын арттыру, ойлау қабілетін дамыту және сыныптағы «Топ көшбасшысын» анықтау.
«Африка материгін қайталау» тақырыбымен сайыс сабақ өтті. Сабақтың дамытушылық мақсаты оқушыларды өзара жарыстыра отырып, ойларын жинақтай білуге үйрету, анықтамалар мен тәжірибелерді есте сақтау қабілеттерін жетілдіру болса, 3. тәрбиелік мақсаты жолдастарына көмек беру, бірлесіп жұмыс жасау болды.
Әдіс - тәсілі: жарыс ойын.
Көрнекілігі: Дүниежүзінің физикалық картасы, Африканың картасы, интербелсенді тақта.
Сабақ мұғалімнің кіріспе сөзінен басталады.
«Топ басшысы» жарыс ойыны алты бөлімнен тұрады: «Бәйге», «Полиглот», «Ғажайып жетілік», «Кім жылдам?», «Картамен жұмыс», Шешендік өнер».

І. Бәйге сайысында әрбір оқушы сұраққа тез жауап беруі тиіс, әр дұрыс жауап 10 ұпаймен есептеледі.
Сұрақтар.
1. Африка материгінің жер көлемі қанша? (30, 3 млн ш. ш)
2. Ең алғаш Африканы ашқан кім? (Васко да Гамма)
3. Африканың ең үлкен шөлі. (Сахара)
4. Ең биік вулкан.(Килиманджаро)
5. Африканың көп жауын – шашын түсетін жері (Дебунджа)
6. Жер шарындағы ең ұзын өзен (Ніл)
7. Африка материгіндегі экваторды екі рет кесіп өтетін өзен.(Конго)
8. Африкадағы көлемі жағынан ең үлкен өзен (Виктория)
9. Африкадағы ең ұзын көл. (Таньганика)
10. Африкадағы Фиктория сарқырамасы қай өзенде орналасқан? (Замбези)

ІІ. Полиглот сайысында берілген сөздерді дұрыс оқып, орысша, ағылшынша (немісше) айтады.
1. Үнк - күн ------------- 6. Тізең – теңіз
2. Ерж - жер ----------- 7. Азбұғ - бұғаз
3. Ензө - өзен ---------- 8. Ракта - карта
4. Ату - тау -------------- 9. Алар - арал
5. Лада - дала --------- 10. Өлк - көл

ІІІ. Ғажайып жетілік сайысында әр пәндерден сұрақ беріледі.
1. География. Аралдар пайда болуына қарай нешеге бөлінеді? (Материктік, вулкандық, маржандық)
2. Қазақ әдебиеті. Шешендік сөздер нешеге бөлінеді? (Шешендік дау, арнау, толғау)
3. Геометрия. Геометриялық фигураларға мысал келтір. (Үшбұрыш, квадрат, шеңбер)
4. Өсімдіктану. Алабота тұқымдасына қандай өсімдіктер жатады? (Көбек, сексеуіл)
5. Қазақ тілі. Сөз дегеніміз не? (Зат пен құбылыстың атауы, әріптердің жиынтығы)
6. Тарих. VI ғасырда Қазақстан жерінде пайда болған қандай қағандық? (Түркі)
7. Физика. Зат табиғатта неше күйде болады? (Қатты, сұйық, газ)

IV. «Кім жылдам» сайысында аты аталған заттың не екенін тез атау керек.
1. Сахара -------------- 4. Қазақстан ------------ 7. Үндістан
2. АҚШ ----------------- 5. Таньганика ---------- 8. Рас - Хафун
3. Гималай ------------ 6. Амазонка ------------ 9. Бразилия

1. Ніл ------------------- 4. Сексеуіл -------------- 7. Австралия
2. Қарағанды -------- 5. Африка ---------------- 8. Атлант
3. Мыс ----------------- 6. Гвинея ----------------- 9. Қолтырауын

V. «Картамен жұмыс» сайысы кезінде кескін картаға ауызша аталған жерлерді түсіру керек. Каир, Дакар және Алжир

VІ. «Шешендік өнер» сайысында мынадай тақырыптарда өз ойларын ортаға салып әңгімелейді.
1. Туған өлкем – Жаңаарқа
2. Қорғайық табиғатты, таңырқай.
Қорытынды.
Сайыс кезіндегі ұпайлар саналып, «Топ көшбасшысы» атағын иеленген топ анықталады..
Мұндай сабақтарда оқушылар тақырыпқа байланысты кең ауқымды түсініктер алады.
10 048
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Африка материгінің ашылуы және зерттелу тарихы.
Африка материгінің ашылуы және зерттелу тарихы.
Африк материгін зерттеу тарихындағы финикиялықтар мен гректердің ұғымы, сол сияқты португалдықтардың ашқан жерлері мен Д. Ливингстон және В.Юнкердің зерттеулеріне тоқтала отырып әрбір топпен бірге материкке қайта экспедицияға шығу.
Африканың физикалық-географиялық орны, мұхиттары, зерттелу тарихы
Африканың физикалық-географиялық орны, мұхиттары, зерттелу тарихы
Африканың физикалық - географиялық орны, мұхиттары, зерттелу тарихы
Африка халқы. Атмосфераның маусымдық циркуляциясы
Африка халқы. Атмосфераның маусымдық циркуляциясы
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Сарықамыс негізгі мектебінде география пәні мұғалімі Қалуова Венера Асқарқызы
Оңтүстік жарты шар материгі бойынша қорытынды сабақ
Оңтүстік жарты шар материгі бойынша қорытынды сабақ
ШҚО, Үржар ауданы, Қаракөл орта - мектеп бақшасы КММ география пәні мұғалімі Темербаев Ерлан
Африка материгін қайталау
Африка материгін қайталау
Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Пеньково орта мектебінің тарих, география пәні мұғалімі Ирикбаева Рахима Сабетханқызы «Үздік ашық сабақ» номинациясы бойынша
Африка материгінің ішкі сулары
Африка материгінің ішкі сулары
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қоныстану ауылы, Жаңашаруа қазақ орта мектебі География пәнінің мұғалімі Қабдол Гулшарида Аманғалиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×